2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы неміс тарихы. Түрлі тарихи кезеңдерде Ф.Вольтер, Дж. Вико, О.Шпенглер, А. Дж. Тойнби, Ф.Бродель, С. Е. Десницкий, Н. Я. Данилевский, М.Вебер, Л. Н. Гумилев, С.Хантингтон секілді т.б. ғалымдар дамытуға үлес қосқан өркениеттілік ұстаным бүгінгі таңда формациялық ұстанымды алмастыра алатын, əрі, ағартушылық пен тəрбиелеу функцияларын атқаратын жəне ұлттық тарихты зерттеу мен ұлттық идеяның орнығуына қызмет ететін əмбебап парадигма ретінде санала бастады. Бұл принцип ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Германияда интеллектуалды, ағым ре тінде бой көрсетіп, кейіннен бүкіл Батысқа тарады. Сол кезде Берлин университетінің профессоры Леопальд фон Ранке тарихилық принципін жақтаушылардың ең ірі өкілі ретінде танылған-ды. Ол тарихшының басты міндеті өткен дəуірдің менталитетіне үңіліп, сол дəуірдің адамдары басқаша емес, неге дəл солай əрекет еткенін айқындауы керек, сонда тарихи шындық бұрмаланбайды деп санады. Оның ізбасарының бірі И. Г. Дройзен болса, бұл пікірді дамыта отырып, тарихилық принцип өткен дəуір туралы тура түсінік қалыптастырумен бірге қоғамның əрі қарай қандай жолмен жүру керектігіне бағыт бере алады, тарихи зерттеудегі қателік əйтеуір бір қоғам дамуына кері əсерін тигізбей қоймайды деген тұжырым жасаған болатын. И. Г. Дройзен осындай пікірі арқылы өзін өркениеттілік ұстанымды жақтайтынын жəне оны формациялық ұстанымға балама ретінде ұсынатынын байқатумен қатар, ол тарихтың басты мақсаты танымның тарихи заңдылықтары мен тарихи білім-деңгейін айқындау екенін көрсеткен еді. Тарихилық принципін жақтаушылар тарих тарихи сананы қалыпта тыратындығын негіздеді. Олар тарих ғылым ретінде тарихи сананы жаңғыртуға жəне өткен дəуірдегі тарихи оқиғалар мен құбылыстар жайлы түсінігіміздің шынайы болуына қызмет етуі тиіс деп есептеді. Сондай-ақ олар белгілі бір проблеманы зерттеу барысында өткен дəуір мен өз заманының айырмашылығын көре білу керектігін, объектіні қоршаған ортасынан бөліп алмай онымен контекстте қарастыру қажеттігін жəне тарихи құбылыс басқа оқиғалармен диалектикалық байланыста, əрі үрдіс ретінде көрсетілуі тиістігін қолдады.