Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11



бет5/42
Дата14.10.2022
өлшемі1 Mb.
#43075
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
358544 8

Мин империясы
Мин империясы – 1368 – 1644 жылы Қытайда билік құрған мемлекет. Моңғолдар билеген Юань әулетінің орнына құрылды. Қытайлардың моңғолдарға қарсы ұзаққа созылған күресі (1350 – 56) нәтижесінде дүниеге келді. Астанасы алғашқыда – Нанкин, 1421 жылдан Пекин қаласында болды. Әулеттің негізін салған Чжу Юаньчжан (Тай-цзу) (1368 – 98 жылдары). Ол империяны қатаң тәртіпке негізделген әдіспен басқаруды жолға қойып, мемлекеттік қызметке орналасудың үш сатылы жүйесін енгізді (1382 жылы). Мин империясының билеушісі Хуэй – ди (1398 – 1402 жылдары) ақсүйектердің құқығын тежеуге тырысты. Чжу-Ди (1402 – 24 жылдары) 1421 жылы мемлекет астанасын Нанкиннен Пекинге көшірді. Ол Моңғолияға қарсы соғыс жорықтарын жасады. 15 ғасырдың басында басталған Қытай мен Моңғолия арасындағы шиеленіс ұзаққа созылды. 1449 жылы ойраттардың билеушісі Эсен хан бірнеше моңғол тайпаларын біріктіріп, Қытайға басып кірді. Ол Қытай императорын қолға түсіріп, Пекинді қоршауға алды. Тек 1488 жылы екі ел арасында бейбіт бітімге қол жетті. 15 ғасырдың басында Қытайға Әмір Темір империясы қауіп төндірді. Әмір Темір ұлы Жібек жолына бақылау жасауды өз қолына алды. 1405 жылы Ақсақ Темірдің кенеттен қайтыс болуы Қытайға төнген қауіпті сейілтті. Дегенмен оңтүстік бағыттағы Мин империясының белсенді сыртқы саясатының арқасында Қытай қазіргі Гуйчжоу провинциясы жеріндегі халықты бағындырып, біржола өзіне қосып алды. Вьетнам (1406 – 27 жылдары), Цейлон (1408 – 56 жылдары) және оңтүстік - шығыстағы 20 патшалық Қытайға тәуелді болды. Бірақ өлы Жібек жолының Орталық Азиялық бөлігі Мин империясының бақылауынан тыс қалды. 1405 – 33 жылдары Мин империясы Әмір Темір империясына қарсы одақтас ел табу үшін Оңтүстік Азия елдеріне, Үндістанға, Парсы шығанағына, араб елдеріне және Африкаға зор ауқымдағы 7 теңіз экспедидициясын аттандырды. Жапония аралдарымен, Жоңғариямен, Қашқариямен, Сібірмен сауда байланыстарын орнатты. Мин империясының кезінде қолөнер, кеме жасау, мануфактура өндірісі дамып, қалалар өсті, ақша қатынасы дамыды. өлы Қытай қорғанының бұзылған жерлері қалпына келтіріліп, сәнді сарайлар мен ғибадатханалар салынды. Халықтың өсімі ұлғайды. Пекин мен Нанкиннің тұрғындары 1 миллионға жетті. 15 ғасырдан бастап еуропалықтармен (Португалия, Голландия) байланыс орнады. Еуропалық миссионерлер Қытайда христиан (католик) дінін насихаттай бастады. Дегенмен 16 – 17 ғасыларда әлеуметтік күрес шиеленісіп, шаруалар көтерілісі жиі бой көтерді. 1628 – 44 жылдары. Қытай тарихында ұзаққа созылып, кең аумақты қамтыған Ли Цзычен бастаған шаруалар көтерілісі нәтижесінде Мин империясы құлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет