Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


-лекция. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Жапония



бет8/42
Дата14.10.2022
өлшемі1 Mb.
#43075
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
358544 8

2-лекция. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Жапония


Жоспары:
1.ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар
2.Экономикалық жағынан қуатты мемлекеттер «Жапонияның ашылуына» күш салып, оның порттарын пайдалануға алған жыл
3.1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет


1.ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар
Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.
Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Джомон және Яйои мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тенно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін "Тайка" реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хейан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Шогундер елді әскербасыларының (буши) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иеясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет