Білім беру бағдарламасы bоt 4310- «Бағалаудың өлшемдік технологиялары»


Қатынастардағы қаталдық пен арақашықтықты сақтау



бет10/19
Дата08.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#106762
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
лек.бөт

1. Қатынастардағы қаталдық пен арақашықтықты сақтау


2. Топ мүшелері өздерінің барлық байланыстары мен қатынастары
3. Өзара қатынастардың осы түрлерінің
Негізгі әдебиеттер:
1.Дене шынықтыру мен спорит саласындағы қазіргі инновациялық технологиялар, Шымкент, 2020 ж.
2.Дене шынықтыру және спортты басқару, спорт менеджменті лекция жинағы, Шымкент 2016, Алшынбаев К.И., Курымбаев Е., Ертаев Е.
3.Тайжанов С. Дене тәрбиесі. Алматы: 2015
4.Кумянский В.А. Баскетбол: О судьях и судействе. – : 2012
5.Джаркешев З.А., Ильющенко К.В. Игра в баскетбол начинается в школе. – Алматы: «Кітап», 2017
6.Железняк Ю.Д., Слупский Л.Н. Баскетбол в школе: пособие для учителя. – : «Просвещение», 2019
7.Ильющенко К.В., Асарбаев А.К. Подготовка квалифицированных баскетболистов: учебник по теории и методике тренировки в баскетболе. – Алматы: изд. Мин. Обр., 2017.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Спорт ойындары /Тайжанов,С. – 2012
3.Төтенай Б. Дене тәрбиесі - 2012
4.Андрющишин И.Ф., Ильющенко К.В. Баскетбол: учебник для физкультурных вузов. – Алматы: 2009
5.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015

Дәріскер ____________________


Оқытушы ______________


Лекция №7 Критериалды бағалау ұғымын анықтау және оның оқу-танымдық құзіреттілікті қалыптастырудағы рөлі.


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

  1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері

  2. Критериалды бағалаудың негізгі принциптерімен функциялары

  3. Критериалды бағалаудың тиімділігі

ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ



    1. Критерийлік бағалау жүйесі- қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерийлік бағалау

  • Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады ;

  • Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес , эталонмен салыстырылады, ( үздік орындалған жұмыс үлгісімен), эталон оқушыларға алдын ала белгілі;

  • Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты алгоритмі жасалған;

  • Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады , сондықтан бағалау критерийі - оқу мақсаттарының нақты көрінісі;

Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – бағалау критерийлері болып табылады;

    1. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.

Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий — формуланы пайдалана алтындығын анықтайды. Үшінші критерий

    • осы формула арқылы графикті қалайсызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесіндебаланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласыбағағаауыстырылады.

Еліміз компьютерді толық меңгеру, ғаламторда жұмыс істеу бойынша Сингапурдан 20 жыл кейін қалған. Біз 10 жылда Сингапурға қуып жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал критериалды бағалау жүйесінен Англиядан 40 жылға кейін қалғанбыз. Әлем елдері критериалды жүйеге әлдеқашан көшіп кетті.
Критериалды бағалаудың функциялары:

      • бақылау;

      • дамытушылық;

      • оқытушылық;

      • мотивациялық;

      • тәрбиелік;

      • диагностикалық. 3.Критериалды бағалаудың тиімділігі

  • Мұғалімдерге:

    • Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

    • Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

    • Білім беру сапасын арттыруға;

    • Оқытудың сапасын жақсартуға;

    • Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке

    • оқыту траекториясын құруға;

    • Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

    • Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

- Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге; Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
- Ата-анаға:
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға; Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет