Бақылау сұрақтары:
1. Спотршының тәсілдік дайындығы дегеніміз?
2. Дене тәрбиесі арқылы тұлғаны қалыптастырудың психологиялық негіздері.
3. Оқушылардың жеке басын қалыптастыруда іс-әрекеттің түрлерін меңгертуде оқушылардың жеке басының ерекшелікткрі.
Негізгі әдебиеттер:
1.Дене шынықтыру мен спорит саласындағы қазіргі инновациялық технологиялар, Шымкент, 2020 ж.
2.Дене шынықтыру және спортты басқару, спорт менеджменті лекция жинағы, Шымкент 2016, Алшынбаев К.И., Курымбаев Е., Ертаев Е.
3.Тайжанов С. Дене тәрбиесі. Алматы: 2015
4.Кумянский В.А. Баскетбол: О судьях и судействе. – : 2012
5.Джаркешев З.А., Ильющенко К.В. Игра в баскетбол начинается в школе. – Алматы: «Кітап», 2017
6.Железняк Ю.Д., Слупский Л.Н. Баскетбол в школе: пособие для учителя. – : «Просвещение», 2019
7.Ильющенко К.В., Асарбаев А.К. Подготовка квалифицированных баскетболистов: учебник по теории и методике тренировки в баскетболе. – Алматы: изд. Мин. Обр., 2017.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Спорт ойындары /Тайжанов,С. – 2012
3.Төтенай Б. Дене тәрбиесі - 2012
4.Андрющишин И.Ф., Ильющенко К.В. Баскетбол: учебник для физкультурных вузов. – Алматы: 2009
5.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
Лекция №10. Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.Диагностикалық бағалау жүйесі
2.Өзін – өзі бағалау
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі; б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.
Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады.
Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі.
Мектептегі диагностиканық міндеттері:
оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы);
оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс- әрекет тәсілдерін білу);
тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Неге тексеруден гәрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты.
Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. "Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек. "Оқыту процесі тиімді болу үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап береді.
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының "оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы 3-сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған "өте жақсы" деген баға қойды және мадақтады. Процесс те, нәтиже де жақсы сияқты. Тек қана диагностика оқушының "өте жақсы" баға алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді.
Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым- қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды "орташа", "үздік" деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық мұғалімдер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру жолдарын табу үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |