Білім беру бағдарламасы Фил-20-115-10 Қазақ филологиясы



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі27,2 Kb.
#15304
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
II.Негізгі бөлім.


  1. Сал-серілердің ұлттық рухани мұрасы

Сал-серілер дəстүрді ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық, тағылымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері — қазақ сахарасының рухани келбеті. Дəл нақты кезеңі белгісіз, сал-сері типі ескі дəуірден сақталған. Тарихи-археологиялық мəліметтерге сүйенген Е.Тұрсыновтың зерттеуінде андронов дəуірі кезеңінде, б.з.б. ХIV–XIII ғасырларда, ру, тайпалардың өз ішінде отау құрып, даралау болған. Үлкен отаулар рудан бөлініп, аруақтарды қастерлеу, ас беру салтын ұстанған. Бұдан шығатын қорытынды сал жəне сері типінің пайда болуы мифологияның жаңғыруы нəтижесінде «даралану», яғни, құпия одақтардың, тотем-ру атасының болуы төркінінде жатса керек.

Зерттеуші Е.Тұрсынов «сал» мен «серінің» кейде қатар айтылатынын, серілер салдардан кейін пайда болған богема сарындарын жырлаушы өнер адамдары деген қорытындыға келеді.

«ХIX ғасырда сал дəстүрінің түр ерекшеліктерінің ғана кейбір элементтерін сақтап қалған Біржан секілді жаңа сапалы салдармен қатар, серілер тобына жататын Ақан сияқты өнер иелерінің пайда болуына жəне осы кезде «сал», «сері» деген ұғымдардың бір тектес ұғымдар есебінде пайдалана бастауына қарағанда, сал, серілер творчествосы мен дəстүрлерінің тығыз ішкі байланыстылығына қарағанда, серілер сал типінің негізінде өткен ғасырда қалыптасқан өнер иелерінің жаңа түрі деп айтуымызға болады. Генезисі жағынан алғанда, серілер ыдырай бастаған құпия одақтар мүшелерінің соңында жүріп, олардың ойындары мен билеріне қатысқан «фанаунау» секілді серіктерімен тамырлас болғанға ұқсайды. Серілердің жүріс-тұрыстары мен репертуарларында оларды салдардан спецификалық айыратын элементтер жоқ. Алайда, салдар творчествосына тəн негізгі сарындар- богема сарындары өз дамуын серілер поэзиясынан тауып отыр».

Ендеше, сал-серілер — музыкалық шығармаларды, əн-күйді қазақ даласында өркендетіп, таратушы өнер иелері. Олардың ерекше қасиеті — ақындығы, əншілігі, күйшілігі, елді əн мен сəнге бөлейтін, адам жанына ізгілік нұрын себетін зиялығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет