Білім беру бағдарламасы Фил-20-115-10 Қазақ филологиясы


Сал-серілердің ерекшеліктері



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі27,2 Kb.
#15304
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
2. Сал-серілердің ерекшеліктері.

Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері мынада: олар өлең жазады, өз өлеңдеріне ән шығарады, сол әндерді өздері орындап, халық арасына таратады.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр-дың арасында Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы тәрізді бірқатар сал-серілер атағы кең жайылған болатын. Одан беріректе әйгілі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы сынды өнерпаздар өздеріне дейінгі сал-серілер дәстүрін жалғастыра түскен болатын. Олардың өз дәуірінің мазмұны мен сипаты сәйкес өзіндік ерекшеліктері, бұрынғы сал-серілерге ұқсайтын да, ұқсамайтын да сипаттары мол еді. Олар-дың шығармалары ерекше әсерлі болған, сол себепті де халық арасында кең тараған.

Әрбір сал-серілердің көтерген мәслесі, қозғаған тақырыбы, көркем ойлау қабілеті өзгеге ұқсамайтын өрнектерімен ерекшеленеді. Олардың барынша ортақ бір мәселесі – өз шығармалары арқылы заман шындығын, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті шыншылдықпен жырлау болды. Олар өздерінің айналасындағы жағдайды жіті көре білді, ойларын батыл айтып отырды.

Өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік пен адамдар араындағы әділетсіз қарым-қатынасты, бай адамдардың әлсіздерге жасаған жамандығын жырлауға келгенде, Жаяу Мұса Байжанұлы ерекше жарқырап көрінді. Ол өз басынан өткен жайттарды негізге ала отырып, ағайынның алауыздығы, көре алмаушылық, өтірік пен өсек, бірлік пен татулықтың жоқтығы сияқты құбылыстарды батыл сынады. Сол үшін қуғынға да түсті, таяққа да жығылды. Бұл тақырып Ақан сері мен Біржан салдың шығармашылық мұра-сында молынан қамтылған болатын. Олар да таяқ жеп, қысы көрген. Ақан сері осындай қысымның кесірінен Құлагерінен айырылып, қарта йған шағын мұң-шермен өткізді.

Сонымен бірге адам баласының өмірі, тіршілігі, көңіл-күйлері, жастық шақ пен махаббат сезімі жайындағы мәселелер де сал-серілердің назарынан сырт қалмады. Халқына әрі ақын, әрі әнші, әрі сазгер ретінде танылған, ұрпақтарына аса мол қолдырған сал-серілердің шығармашылығы әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан аса құдіретті құбылыстардың бірі болды. Сонымен қатар, олардың өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспешілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі, тұтастығы. Ел басында күн туғанда қолдарына қару алып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты. Шығармаларында ерлікті мадақтады, қаза болған батырларды жоқтап, ел қайғысымен бөлісті.

Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серлік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иісі бола білген. Сонымен қатар олар атақты шерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі. Аттың өң жүйрігін таңдап мінген атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген. Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан. Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы XIX ғасыр ақын-әнші, сазгерлердің өзіндік "алтын ғасырына" айналып, қазақтың кәсіби өнері-әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына шыққан кезі болды.

Сөйтіп, XIXғ екінші жартысы-қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанарлар қалыптасты. Солардың ішінде, әсіресе, ақындардың өзін-өзі бейкелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде “Біржан сал”, “Ақын Әнші”, “Мұса”, “Мәди” “Сары”, “Әсет” өлеңдерін атауға болады. Олар мұндай әндерінде әрі ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өткен, екіншіден, туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп, соны әнге қосады. Менім ойымша әр әнші-ақының өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасады. Мысалы,әрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма өнердің, актерлік элементтердің болуы, тіпті, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көз қарасы, әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды. Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық жерлерін сипаттай келіп, оны “жалғыз актердің театры” деп айтқаны кездейсоқтық емес.

Сері де – сол атақты әнші, күйші, ақын өнерпаз. Оның киім киісі сұлу да сыпайы. Осындай жердің сыртында ол сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын. Әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, шешен, шебер, қысқасы халық сөзімен айтқанда “сегіз қырлы, бір сырлы” аса биік азамат – қазақ әнші-ақындарының өлеңдеріндегі серілер дәл осындай.
3. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорына өз туындыларын қалдырған әрі ақын,әрі сазгер-сал-серілер тобы. Елдің еркесі ен өнердің серкесі болған сал мен сері кім еді? Олардың қалдырған туындыларының өзектілігі мен өміршеңдігі неде? Бұл сауалдарға жауап ала отырып, сал-серілер шығармашылығы тікелей өз шығармашылығымен байланысты екендігін көреміз. Олардың мұраларының өміршеңдігі осында жатыр деп ойлаймын.

Сал-серілер - айналасына өнер шамын жағып жүрсе де, өздері өмір сүрген ортада әділетсіздікті ең көп көрген адамдар. Біріншіден, сал-серілердің тағдырына әсер еткен ел ішіндегі күштілердің жасаған қиянаттары деп ойлаймын. Мысалы, күллі қазақ жұртына атағы жайылған Ақан серінің өмірінің трагедиямен өткенін бәріміз білеміз. Ақан серінің өмірінің соңында елден оқшауланып,жеке өмір сүруіне не себеп болды? Бұған сол кездегі ел ішіндегі күштілердің жасаған зұлымдығы кіәлі еді. «Қас қылған жануарым Құлагерге, Жауызға бар тілегім өлең берсін...» деп жырлауының мәнісі осында жатыр. Мұсаны жаяу аттандырған,Біржанға қамшы тигізге,аяқ-қолын шынжырлатқан да сол замандағы әділетсіздіктің көрінісін байқатады. Жаяу Мұсаның «Жаныма батқандықтан ашынамын, Мен неге жаяумын деп басыламын», - деуі зорлық-зомбылыққа қарсы өмшіл үнін көрсетпеуі емес пе?

Сал-серілердің тағдырына әсер еткен екінші бір әлеуметтік мәселенің бірі-олардың көбінің қуғын-сүргінге ұшырауы. Бүкіл қазақ даласын шарпыған дүрбелең сал-серілер тағдырына да әсер етеді. Мысалы,атақты арындаған әнші Әсет сол дүрбелеңнің кесірінен Қытай жеріне көшуге мәжбүр болады.Ақын: «Жылап жүріп осы күнде елсағынып...» деген жолдардан шалғайда жүрген бүкіл қандастары атынан сөйлейді. Атақты Сегіз серінің «Қашқын келбеті» өлеңінің тууы да тікелей,қуғын-сүргінге байланысты. Патшаға қызмет етуден бас тартқан өнер иесі өмірін қашқындықпен өткізеді. Өзінің өлеңінде: «Қазақты патша ағзам сатпақ болды,Исатай,Махамбетті атпақ болды», деп Шомбал биге жауап беруі ел ішіндегі келеңсіз әлеуметтік жағдайға қарсы үн көтеруі еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет