Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Педагогикалық институты Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы
БАЯНДАМА
тақырып: «ХІХ ғасырдағы сал-серілер»
Пән «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
мамандығы/білім беру бағдарламасы Фил-20-115-10 Қазақ филологиясы
Орындаған: Касенов Ш.М., 1 курс студенті
Тексерген:
Қостанай, 2020
Жоспар I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1. Сал-серілердің ұлттық рухани мұрасы.
2. Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері 3. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер.
III.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.
I. Кіріспе Қоғамдық-тарихи даму барысында қазақтардың көшпелі өміріне неғұрлым ыңғайлы, көркемөнер түрлері іріктелді. Қазақтар үшін олар поэзия және музыка болды.
Қазақ поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының басында сал-сері-лер (әнші-ақындар) шығармашылығы кең етік алды.
Сал-серілер шығарма-шылығы сан түрлі өнер салаларын тығыз байланыстырған ерекше сипаты бар мұра болып табылады. Сал-серілер әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылып, халықтың ерекше ықыласы-на, сүйіспеншілігіне бөленген талант иелері.