Білім беру бағдарламасы Фил-20-115-10 Қазақ филологиясы



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі27,2 Kb.
#15304
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама Сал-серілер

III.Қортынды.
Ұлттық əдебиет пен халықтық музыка мəдениетінің көрнекті өкілдері — сал-серілер мұрасы мен дəстүрі ерте дəуірден осы заманға дейін сақталған.

Көп уақыт дəріптеліп келген коммунистік жүйе ұлт тəуелсіздігінің, жекелеген ұлттың жойылып кету қауіпін туғызды. Уақыт өткен сайын коммунистік партия саясаты, шовинистік идеяның тар шеңберінде біртұтас мемлекеттің, ұлттың болашағы үшін күрескен қазақ қоғамындағы ірі тұлғалар есімі жалаң, жалпылама түрде айтылып келді. Ендеше ұлт тəуелсіздігі жеке тұлғаны қалыптастырған қоғамдағы тарихи шындықты, рухани сабақтастықты биік деңгейге көтерді.

Ғалым Р.Нұрғали ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің қазақ қоғамындағы рухани құндылығы, шынайлығы тұрғысында: «Саясаттан қашу, тоталитаризм құрығынан құтылу үшін қаламгерлер шыншыл сөз өткізудің сан алуан тəсілін тапты: бүгінгі тақырыптардан кетіп, тарих қойнауына сүңгіді: астарлы емеурін ой айту амалдарын меңгерді: сөз өнерінің табиғатына жат сарындардан безді. Көкейкесті сырларды бейнелі, суретті, ишара сырлы сөзбен айта білген үздік шығармалар халық махаббатына бөленді, ұлттың рухани игілігіне айналды: еліміздің тұрмыс-салтын, тарихын, мінез-құлқын өзге жұрттарға таныстырды», — деп пайымдау жасады.

Заман талабы халықтың да санасын оятты, бүгінгі уақыт еншісінде өткенді зерделеу арқылы тарихқа, ұлттық əдебиетімізге деген жаңа көзқарастар пайда болды.



Ойымды қорытындылай келе, сал-секрілер тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер көп екеніне көзіміз жетеді. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп дана халқымыз айтқандай, дер кезінде сол асылдарымызды бағалай алшмағанымызға жаным ауырады. Десе де, ақындарымыз өздерінің қиянатқа ұшыраған тағдырларына қарсы тұрып, артқы ұрпаққа өшпес мұраларын қалдыра білді. Олардың мұралары ғасырдан-ғасырға жалғасып, жасай береді деп ойлаймын.


IV.Пайдаланған әдебиеттер.


  1. Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2008. – 384 б.

  2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. — Алматы: Өнер, 1996. — 129-б.

  3. Нұрғали Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры: Зерттеу. — Астана: Күлтегін, 2002. — 8-б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет