Білім беру бағдарламасы жұмыс дәптері нур-Султан, 2021 ж. Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



бет35/48
Дата02.03.2023
өлшемі1,39 Mb.
#71226
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Байланысты:
Жұмыс дәптері География

_________________________________________________________________________
3-ТАҚЫРЫП. Елдер мен аймақтардың дамуындағы геокеңістікті зерттеудегі
мәнмәтіндік тапсырмалардың ерекшеліктері


1-тапсырма. Ұсынылған мәнмәтіндік тапсырмаларды зерделеңіз және сұраққа жауап беріңіз: Сіз ұсынылған тапсырмаларға қандай өзгерістер немесе толықтырулар енгізер едіңіз? Өз жауабыңызды негіздеңіз.



Мәнмәтіндік тапсырмалардың мысалдары



Тапсырма*. Мәтінді оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
Арал проблемасы
Адамның антропогендік әрекетінің салдарларының бірі – Арал теңізі проблемасы. Экологиялық жағдай Арал маңы тұрғындарына елеулі зиян келтірді. Бұдан негізінен балалар, сондай-ақ осы өңірдегі ауылдар мен қалалардың тұрғындары зардап шекті. Аймақта ана мен бала өлімі көрсеткіштері жоғары. Сонымен қатар инфекциялық, паразиттік және психосоматикалық аурулардың саны көбейген. Медициналық сарапшылар оларды теңіздің құрғауымен байланыстырады.
Сұрақтар:

  1. Қандай перспективалар немесе іс-шаралар Арал теңізі құрғауының алдын алуы мүмкін еді?

  2. Ғылыми тұрғыдан зерттеуге болатын экологиялық проблеманы жақсартуға байланысты бір сұрақ құрастырыңыз.




Тапсырма**. Мәтінді оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.


Ресей аумағындағы стихиялық құбылыстар
Азияның Тынық мұхиты жағалауы жер шарындағы геологиялық тұрғыдан ең тынышсыз проблемалы аймақтардың біріне жатады. Мұнда мұхитта орасан зор толқындар туғызатын суасты сілкінісі - цунами жиі болады. Елдің бұл бөлігінде қатты сілкіністер жиі орын алады, бірақ халық сирек орналасқандықтан, адамдарға үлкен қауіп төндірмейді. Тынық мұхитының бұл жағалауында осы аумақтағы бірден-бір қазіргі вулканизм аймағы орналасқан. Сонымен қатар елдің барлық таулы өңірлерінде тастардың құлауы, көшкіндер, сел жүруі мен қар көшкіндері жиі кездеседі.
2002 жылы ресейліктер жан түршігерлік трагедияның куәсі болды. Кавказдағы Кодори шатқалында Колка мұздығының апатты опырылуы болды. Кавказда жұмыс істейтін гляциологтар мұндай апаттың болуы мүмкін екендігін бұрыннан ескерткен болатын. Өкінішке орай, шатқалдың тұрғындарын қорғау үшін іс жүзінде ешқандай шаралар қолданылмады. Бұл апат көптеген адамдардың құрбан болуына алып келді.
Сұрақтар:
1. Ресей аумағына кіретін қандай аралдар мен түбектер елде қазіргі вулканизмнің жалғыз аймағы болып табылатынын атаңыз?
2. Қандай процестер көшкін, сел жүру, опырылу және қар көшкіні сияқты апаттарға себепші болуы мүмкін?
3. Ресейдің Азиямен шектес аймақтарында жиі болатын жер сілкінісі, жанартау атқылауы мен цунамилердің себептері қандай?
4. Көшкіндердің табиғи себептері болуы мүмкін:

  1. сейсмикалық дүмпулердің әсері;

  2. құрылыс жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі;

  3. тау-кен өндірісі;

  4. судың шайып кетуі нәтижесінде беткейдің тік құламасының жоғарылауы;

  5. қатты жауын-шашын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет