Қосымша әдебиеттер: 1. Гусева Т.Как начать свой бизнес. –СПб.:Питер,- 2010.
Баринов, В.А. Бизнес-планирование: Учебное пособие / В.А. Баринов. - М.: Форум, 2013. - 256 c.
2. Бронникова, Т.С. Разработка бизнес-плана проекта: Учебное пособие / Т.СБронникова. - М.: Альфа-М, ИНФРА-М, 2012. - 224 c.
3. Чепуренко А.Ю. Малый бизнес в рыночной среде /А. Ю. Чепуренко. – М.: Издательский дом Международного университета в Москве, 2009. – 324 с.
ДЕДЛАЙН: Білім алушының лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:
Конспект,
Эссе,
Жеке таныстырылымы,
топтық жоба, және басқа.
80
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
100
Барлығы
100
100
100
100
100
100
100
100
100
100
100
100
Білім алушының БӨЖ бағалау критерийлері:
№
Бағалау критерийлері
Балл (max)
апталар
Барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Глоссарий
25
+
+
+
+
100
2
Топтық жоба қорғау
100
100
100
3
Кейс стадия
20
+
+
+
+
+
100
4
Жеке жұмыс дәптері
10
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
100
5
Есептік-графикалық жұмыс
50
+
+
100
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Экономика және құқық» институты
«Экономика және басқару» кафедрасы
Kas 3112 - «Кәсіпкерлік» пәні бойынша
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
6В01619- Тарих, 6В01721 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы
Қызылорда, 2022
МАЗМҰНЫ
Дәріс 1 –Кәсіпкерлікке кіріспе
Дәріс 2 - Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері
Дәріс 3 - Кәсіпкерлік психологиясы
Дәріс 4 – Нарықтық мүмкіндіктерді талдау
Дәріс 5– Кәсіпкерліктегі маркетингтік қызмет
Дәріс 6– Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі жоспарлау
Дәріс 7– Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету
Дәріс 8 - Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Дәріс 9– Шағын бизнесте шығындарды басқару
Дәріс 10- Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
Дәріс 11- Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері
Дәріс 12– Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Дәріс 13- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Дәріс 14 - Шағын бизнестегі франчайзинг
Дәріс 15– Кәсіпкерлік қызметті тоқтату
1-тақырып. Кәсіпкерлікке кіріспе Дәрістің мақсаты: Кәсіпкерліктің мәнін, мазмұнын оның басты мақсаттары мен міндеттерін, экономикадағы ролі, кәсіпкерліктің ерешелігін, бизнесті бастауға қажетті бастапқы капиталды, бизнесті дамыту жолдары туралы мағлұмат беру.
Негізгі терминдер: кәсіпкерлік, бизнес, жеке бизнес, капитал, бастапқы капитал, ірі кәсіпорындар, венчурлық қаржыландыру, сұраныс пен ұсыныс.
Дәріс сұрақтары: 1. Кәсіпкерліктің мәні, оның басты мақсаты мен міндеттері
2. Кәсіпкерліктің ерекшелігі.
3. Жеке бизнес, бастапқы капитал және бизнесті дамыту жолдары
1. Əрбір адамның бақытты жəне табысты болғысы келеді. Əрекетшіл, осы өмірде əлдебір нəрсеге қол жеткізуді қалайтын адамдар үшін бұл ұғымдар бір-ақ нəрсені білдіреді. Себебі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, өзге адамдардың құрметіне бөленген кезде (табысқа жету), өз-өзіңді қанағаттанған, өз-өзіңе сенімді, қанаттанған күйде сезінесің (бақыт). Қазақстанның қазіргі даму кезеңі кез келген ықылас білдірушілерге өз кəсіпкерлік қабілеттерін қолдануына көп мүмкіндіктер береді. «Кəсіпкерлік» ұғымын ( ағыл. business) XVIII ғ. алғаш рет ағылшын банкирі əрі экономисі Ричард Кантильон қолданған болатын. Кəсіпкерлік дегеніміз – бұл үнемі түрдегі тəуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сəйкестікке келтіріп отыратын экономикалық қызмет. Кəсіпкер ретінде Кантильон, өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адам деп түсінетін. Америкалық экономист Иозеф Шумпетер, кəсіпкерлік – бұл ең алдымен, жаңашылдық қызмет, оның нəтижесінде жаңа тауарлар жасалады деп тұжырымдаған.
ҚР «Кәсіпкерлік» Кодексінің (29 қазан 2015 ж.) 2-бабында:
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Мұнда құқықтық, психологиялық тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайына да қатысты екені анық.
А.Смиттің (Адам Смит, философ; шотландық экономист,) ойы бойынша кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесіне иелік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкер деп қажетті құралдары (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады.
Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекші және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшы).
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр:
Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз - аталған субъектінің (кәсіпкерліктің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және таңдауда, т.б. олардың жиынтық бостандығы мен құқықтары болуы керек деген сөз.