Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.  Үшіншіден



бет27/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. 
Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. 
Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін — нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз — белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді; іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестіктеріне қатаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адам болып келеді. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі.
Кәсіпкерліктің түрлері.
1.Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:

  • Өндірістік кәсіпкерлік бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.

  • Коммерциялық кәсіпкерлік бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.

  • Қаржылық кәсіпкерлік бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.

      • Сақтандыру кәсіпкерлігі бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.

      • Делдалдық кәсіпкерлік бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

2.Меншік түрлері бойынша:
жеке меншік, мемлекеттік, муниципальды, сонымен бірге қоғамдық құрылым меншігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет