Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет54/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Франчайзинг дегеніміз не?
2. Франчайзинг қызмет түрлері
3. Франчайзингті жүзеге асыру механизмдері
4. Франчайзинг механизмінің даму бағыттары
5. Қызмет көрсету көлемі бойынша франчайзингті жіктеудің критерилері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.
15 ТАҚЫРЫП - Кәсіпкерлік қызметті тоқтату


Дәрістің мақсаты - кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқаруды теориялық әдістемелік негіздерін, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бойынша тәжірибелік тәсілдері мен оны жетілдіру механизмін, банкроттықтың алдын алу жолдарын ұсыну.


Негізгі терминдер – банкроттық, санация, борышкер, сауықтыру, несие, қаржылық есеп, тактика.


Дәріс сұрақтары:
1. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы
2. Банкроттық
3. Банкроттың алдын алу
1. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы.
Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотка арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттык туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және карызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жсоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік дотация (жәрдемақы) есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынга ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.
Алайда нарықты экономикаға көшуге байланысты экономикалық жағдай күрт өзгеруде:
* банкроттық - шаруашылық өмірінің обьективтік не-месе субьективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылыска айналып келеді;
* мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, бага неғұрлым икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде. Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның баикротқа ұшырауы мүмкін, оны тиісті өкілеттік орган куэландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша каражат табу үшіи басқа кэсіпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға берілуі немесе акционерлік мен-шіккеөткізілуі мүмкін.
Банкрот жүйесінің мақсаты мен приициптері Кез-келген кәсіпорын қызметтері көлемінің осу шегі болады, осыған орай әрбір процесс экономикалық өсуді ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлін атқаруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет