2. Пәннің мақсаты Өмірге қауіп тудыратын шұғыл жағдайлар мен қайғылы оқиғалар (шұғыл ситуациялар, бомбалар, жарылыстар, жарақаттар, биотерроризм) кезінде зардап шеккен науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету және ұйымдастырдың негізгі принциптері бойынша білім алу және дағдылану, студенттің білім алу нәтижесінің операционды, құқықтық, аксиологиялық компетенцияларына қол жеткізу.
-шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін патологиялық жағдайлардың негізгі клиникалық белгілерін білу;
-жедел ауруға ұшыраған және зардап шеккендерді құтқару кезіндегі алғашқы көмек реттілігін білу;
-экстремальды жағдайдағы дәрігердің жұмысы мен пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз еті негізін білу;
Білімі мен түсінігін қолдана білуі
-науқастың функциональды жағдайларын бағалау (есі, тынысығ гемодинамикасы);
-жүрек өкпе реанимациясын жүргізу;
-коникотомия;
-жұмсақ катетермен қуықты катетерлеу;
-гипертониялық кризді басу;
-дефибрилляция жүргізу;
-бронхообструктивті синдромды басу;
-естен тануда алғашқы көмек көрсету;
-сыртқы қан кетуді тоқтату;
-асқазанды зондтау;
-аяқ-қол жарақатында иммобилизация;
-анафилактикалық шок, Квинке ісінуі, есеекжемді басу;
-гипо-, гипергликемиялық жағдайды басу;
-жедел коронарлық синдромда ауырсыну синдромын басу;
-ЭКГ түсіру және талдау;
-жарақат, оқпен жарақат, күйікте көмек көрсету;
-ем жоспарын анықтау және тағайындау бойынша науқасты тасымалдау;
Өзіндік пікірлерін қалыптастыруы
-студент анализге және диагностика нәтижелерінің интерпретациясына сүйене отырып, науқастың ауырлық жағдайын бағалай отырып, өзінің ойын жеткізе білуі тиіс, шұғыл медициналық көмек көрсете білуі керек;
-алынған мәліметтерді интерпретация жасау, өзінің түсінуі, қолдана білуі және әріптестерімен талдау білуі;
Коммуникативтік қабілеттері
-медициналық құқығын, этикалық сұрақтарды,медициналық көмек заңдамасын білу;
ҚР Конституциясы (алынды)
Халық денсаулығын сақтау заңнамасының негізі (алында);
ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бұйрығы (Санитарлық автотранспорттарды жабдықтандыру);
ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бұйрығы «Шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту»;
Шұғыл медициналық көмек бригадасының дәрігерінің міндеттемесі;
-науқастың құқығын білу, науқасты ақпараттандырып келісімін алу;
-өлім жағдайы мен жан сақтаудың этикалық мәселелерін білу.
Оқыту дағдылары және оқуға деген қабілеттері
-студентте өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту, келешекті, білімді жетілдіру траекториясын анықтау;
-студенттің танымдылығын белсендіру;
-коммуникативті қабілеттері;
-оқу дағдылары немесе оқуға қабілеттілігі.