Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


- Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша оқу жоспарына түсіндірме жазба



бет52/56
Дата28.11.2023
өлшемі488,19 Kb.
#130674
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
07160500 - Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша оқу жоспарына түсіндірме жазба

Оқу жоспары кәсіби дайындықтың құрылымдық мазмұнын білдіреді, модульдер бойынша оқу уақыты көлемін, модульдерді оқу реттілігін қамтиды.


Оқу бағдарламасы және оқыту жоспары әр түрді модульдерден құралады. «Модуль» термині теориялық және тәжірибелік блоктарды үйлестіру арқылы «оқыту салаларының» үлгісін түсіндіреді. Осылайша қажетті модуль мамандық бойынша дайындық шеңберінде қарастырылатын құзыреттілікті меңгеру мен дамытуға негізделеді.
«Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша оқу жоспары келесі оқу циклдарына бөлінеді:
• Жалпы білім беру модульдері
• Жалпы гуманитарлық модульдер (мысалы: кәсіби қазақ (орыс) тілі, мемлекеттік тілде іс жүргізу, кәсіби шет тілі, дене шынықтыру)
•Базалық жалпы кәсіптік модульдер теориялық сабақтар сағаттары, зертханалық-тәжірибелік жұмыстар және өндірістік оқытудан құралады
•Кәсіптік модульдерде де теориялық сабақтар сағаттары, зертханалық-тәжірибелік жұмыстар және өндірістік оқыту болады.
• Білім беру ұйымы анықтайтын модульдер (мысалы:гидравлика, пневматика және жылу техникасы негіздері; энергетика негіздері; түсті металлургия пештері; икемді автоматтандырылған басқару жүйелері)

• Өндірістік оқыту және кәсіптік тәжірибе «Вагондарды жөндеу слесары» біліктілігі бойынша диплом жазу тәжірибесі және дипломдық, инженерлік жобалардан құралады.
Аралық аттестация
• Қорытынды аттестация
• Консультация
• Факультативті сабақтар – әлеуметтік бағыттағы пәндер циклын оқу ұсынылады.

Әзірленген оқу жоспары сағаттарды модульдер, бақылау формалары және аттестаттау бойынша білім алушылардың біліктілік деңгейлерін есептей отырып бөлуді қарастырады.


Әзірленген оқу жоспары өндірістік оқытуды кәсіптік модульдермен үйлестіруді қарастырады, яғни өндірістік оқу кәсіптік модульдер бойынша жіктеледі.
Оқу уақытының көлемі жұмыс беруші талаптарын ескере отырып өзгертілуі мүмкін.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру келесі тармақтардан құралады:
- оқыту және дағдыларды қалыптастыру бойынша өндірістік жұмыс (зертхана мен шеберханада өндірістік оқыту);
- оқыту және дағдыларды дамыту бойынша өндірістік жұмыс (оқу зертханалары мен шеберханаларды өндірістік оқыту, кәсіптік тәжірибе дәне өндірістегі білім беру);
- кәсіптік тәжірибе (технологиялық, диплом жазу).
Әрбір тәжірибе түрінің ұзақтығы маман біліктілігі бейіні талаптарына сәйкес анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет