7. Модульге кіріспе Ғылым өсімдіктің өмірі мен өсуінде үлкен рөл атқарады. Ғалымдар біздің айналамымыздағы әлемнің мәселелерін табу, түсіну және шешу үшін тәжірибелерді қояды және зерттеу жүргізеді. Өсімдік шаруашылығын зерттеу студенттерге өсімдіктің дамудағы өмірін түсіну үшін зерттеуге көмек береді. Студенттер өсімдіктің құрылымын және физиологиясын түсінуге үйренеді және физикалық және химиялық зерттеулердің көмегімен қсімдіктің әр түрлі маңызды циклдарын зерттей алады және таңдалған топырақтың мінездемелерін сипаттай алады. Студенттер өсімдік қоғамдастығына және топырақтың пайда болу үдерісіне ненің әсер ететіндігін зерттейді. Және де студенттер даму үдерісі шегінде заттардың тазалығын бағалай білу және бөле білу үшін ғылыми әдістерді қолдана алады.
Аталған модуль мақсаты - студенттерге өсімдік селекциясының үдерістерін және оларды өмірде қалай қолдану керектігі туралы көріністі береді. Аталған модуль студенттерді өсімдіктің құрылымы мен физиологиясын түсінуге үйретеді, оларға таңдалған топырақтың мінездемесін сипаттау үшін физикалық және химиялық зерттеудің көмегімен өмірлік маңызы бар әр түрлі циклдарын зерттеуге мүмкіндік береді.