ТƏжірибешілік сабақтардың мазмұНЫ



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі497,75 Kb.
#9605

ТƏЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ 

 

1-  тақырып.  Əдебиетті  оқыту  əдістемесінің  өзге  ғылым  салаларымен 



байланысы. 

 

Қарастыратын  сұрақтар:  Əдебиет  пəнінің  тарихпен  байланысы. 



Таным  теориясымен  байланысы.  Тіл  біліммен  байланысы.  Педагогика, 

психологиямен байланысы.  

Мақсаты:  Əдебиетті  оқыту  əдістемесінің  өзге  ғылым  салаларымен 

байланысы айқындау 

2- тақырып.

 

Қазақ əдебиетін оқытылу тарихы 



 

Қарастыратын  сұрақтар:  XVII-XIX  ғасырлардағы  молда-мұғалімдер 

қызметі,  материалдары.  Оқу  бағдарламаоарының  түзілісінің  ерекшелігі.  XIX 

ғасырдағы  орыс-түзем  оқуы  мақсаты.  Орыс  əдіскерлерінің  əдебиетті  оқыту 

жөніндегі  ой-пікірлері.  Ф.И.Буслаев  пен  В.И.Водовозовтың  əдістемелік 

ұстанымдары.  В.Я.  Стоюнин  мен  В.П.  Острогорскийдің  əдістемелерінің 

жаңашылдығы.  В.Г.Белинский  мен  Н.Г.Чернышевскийдік  ой-байыптаулары. 

XIX  ғасырдағы  қазақ  зиялылыраның  оқу-ағарту  ісі  туралы  толғаныстары. 

Ш.Уəлихановтың  оқу  ісі  жөніндегі  пікірлері.  Ы.Алтынсариннің  мектебі  мен 

оқу  құралдары,  түзілісі.  А.Құнанбаевтың  оқу-білімі  жөніндегі  пікір-

талаптары.  XX  ғасыр  басындағы  қазақ  зиялылары  оқу-ағатрту  жұмыстары 

жөнінде. 

А.Байтұрсыновтың 

ағартушылық 

қызметі, 

еңбектері. 

М.Жұмабаевтың  педагогикалық  еңбектері.  Ж.Аймауытовтың  оқу-ісі  барысы 

туралы ойлары. 

 

Мақсаты: Қазақ əдебиетін оқытылу тарихын меңгеру 



3- тақырып. Əдебиет пəнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері  

 

Қарастыратын сұрақтар: 1990-2007 жылдар аралығындағы білім беру 



жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тəуелсіздік алуына 

байланысты  жаңадан  түзілген  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтар.  Орта 

мектеп  пен  жоғары  мектептеріндегі  түбірлі  бетбұрыстар.  «Қазақ  орта 

мектептеріндегі  білім  мазмұнының  тұжырымдамасы»  (1991  ж.),  оның 

мазмұн-мəні, 

ғылыми 


методикалық 

негіздері. 

Əдеби 

білім 


беру 

құрылымындағы  өзгерістер.  1990-2000  жылдардағы  еліміздегі  жалпы  жəне 

орта 

білім 


беру 

жүйесіндегі 

түбегейлі 

өзгерістер. 

«Əдеби 

білім 


тұжырымдамасы»,  Қазақстан 

Республикасы 

орта  білім  мемлекеттік 

стандарты (Алматы,1998). Əдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа 

ұстанымдар  мен  құндылықтар,  əдеби  блім  берудегі  модульдік  жүйе,  өзіндік 

ерекшеліктері, əдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесі. 

Мақсаты:  Əдебиет  пəнінің  қазіргі  оқытылу  ерекшеліктерін  ажырата 

білу. 


4-  тақырып.  Əдебиет  пəндерінің  орта  мектепте  жүргізілу  реті.  Əдеби 

базалық білімнің екі сатысы. 

Қарастыратын  сұрақтар:  5-8  сыныптарда  əдебиетті  оқыту  .  9-11 

сыныптарда əдебиетті оқыту. Базалық білім беру жəне тарихи-əдеби курстар 

негізіндегі  əдеби  білім  берудің  дамыта  оқыту  (сатылай,  сұрыптай  оқыту), 

көрнекілік,  саналылық,  белсенділік,  жүйелілік,  бірізділік  принциптері.  Білім 



мазмұны  жаңарту  бағытындағы  соңғы  кездегі  əдіскер  ғалымдардың 

ізденістері.  Ғалым  Қ.П.Жүсіптің  қазақ  əдебиетін  оқыту  əдіс-тəсілдері. 

М.Жұмабаевтың  «Батыр  Баян»  дастанын  оқыту  технологиясы.  Білім  беру 

жүйесін  мақсаты  мен  міндетіне  қатысты  оқытудың,  проблемалық  оқыту 

(М.Махмутов),  саралап  оқыту  (И.Унт),  дамыта  оқыту  (Ю.Эльконин),  топтап 

оқыту  (Дьяченко),  қашықтан  оқыту  (Г.Нұрғалиева,  Д.Жүсібалиева)  сияқты 

түрлерінің оқу процесінде қолданылуы.  

 

Мақсаты:  Əдебиет  пəндерінің  орта  мектепте  жүргізілу  ретін,  əдеби 



базалық білімнің екі сатысын меңгеру. 

5- тақырып. Сабақ жүргізіу əдістері 

Қарастыратын сұрақтар: Сабақ жүргізу  əдістері.  Творчестволық оқу 

əдісі. Эвристикалық оқу əдісі. Зерттеу оқу əдісі. Түсіндірмелі-иллюстративті 

əдіс,  проблемалы  əдіс,  репродуктивті  əдіс,  интеграциялап  оқыту  əдісі. 

Теориялық білім алуға бағытталған əдістер; ақпаратты беру жəне алу жолын 

қамтамасыз ету; информация. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін 

оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер (6 сынып. Əдебиет.-А:Атамұра, 2002). 

Мақсаты: 

6- тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту 

 

Қарастыратын 



сұрақтар: 

Көркем 


туындыны 

талдаудың 

педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мəтінді толық тұтас 

алып талдау, образ бойынша талдау, өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау 

əдебиеттің  қоғамдық-əлеуметтік  мəнін  ашу,  көркем  ойлауға  бағытталған 

бейнелік-образдың 

табиғатын 

түсіндіру. 

Салыстыра  талдау,  көркем 

тундының  ішкі  əлеміне  енудегі  талдау  түрлерінің  өзара  байланысы,  талдау 

барысында  əр  түрлі  əдіс-тəсілдерді  пайдалану,  проблемалық  ситуация 

туғызатын  сұрақтар.  Талдау  барысында  мəтіндегі  суреттеліп  отырған 

құбылыстарына,  кейіпкерлеріне  қатысты  авторлық  позицияны  толық  ашу, 

көркем шығарманың құрасстырушы негіздері: сюжет, композиция, тақырып, 

идея,  көркем  образ,  əдеби  тип,  əдеби  мінез  ұғымдарын,  тілдің  бейнелеу 

беліглерін негізгі рөлін анықтай білу. 

 

Мақсаты: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту 



жолдарын игерту 

7- тақырып. Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары. 

Қарастыратын 

сұрақтар: 

Проблемалық 

оқытудың 

эпикалық 

шығармаларды  меңгерудің  тиімділігі.  Проблемалық  сұрақтардың  қызметі, 

проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі. Шығарманың сюжеттік-

композициялық  желісіне  талдау  жасаудың  жолдары.    М.Дулатовтың 

«Бақытсыз Жамал» шығармасын оқыту.  

Мақсаты: Эпикалық шығармаларды оқытудың жолдарын меңгерту 

8- тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы 

Қарастыратын 

сұрақтар: 

Драмалық 

туындылардың 

жанрлық 


табиғатына  сай  мəтінмен  жүргізілетін  жұмыстар,  авторлық  идеялық-

эстетикалық  шешімін  табу,  драмалық  шығармаларға  қатысты  акт,  көрініс, 

монолог,  диалог,  шегініс,  ремарка,  тартыс  т.б.  əдеби-теориялық  ұғымдар 

қызметі. Драмадағы кейіпкерлердің іс-əрекеті, белгілі бір жүйемен бір арнаға 



өрбіп  дамуы.  Драмалық  шығармаларды  оқытудағы  əдістемелік  тəжірибелер. 

М.Əуезовтің «Түнгі сарынын» оқыту.  

Мақсаты: Драмалық шығармалардың оқытылуын игерту 

9- тақырып. Лирикалық шығармаларды оқыту 

Қарастыратын  сұрақтар:  Лирикалық  қаһарман,  лирикадағы  əсемдік, 

идея,  тақырып,  лирикадағы  сюжет  мəселесінің  өзіндік  ерекшелігі.  5-6 

сыныптарда өлең  оқыту.  7-8  сыныптарда өлең  оқыту,  9-11  сыныптарда  өлең 

оқыту  (Мəшһүр-Жүсіп  Қуандық  Пазылұлы.  «Көркем  сөздің  құдіреті»  еңбегі 

бойынша). 

К.Ахметованың 

«Қазағым 

менің», 


М.Мақатевтың 

«Мен 


таулықпын» өлеңдерін оқыту (5 сынып. Əдебиет.-А:Атамұра, 2005).  

Мақсаты: Лирикалық шығармаларды талдай оқытуды игерту 

10- тақырып. Əдебиет пəні мұғалімінің жұмыс жоспарлары 

Қарастыратын 

сұрақтар: 

Календарлық, 

тақырыптық, 

сабақ 


жоспарларын  жасау  əдістемесі.  Тақырыптық  жəне  сабақ  жоспарларының 

құрылымы.  Сабақ  түрлері.  Мұғалімнің  сабаққа  əзірлігіне  қойылатын 

талаптар.    Қалихан  Ысқақтың  «Қоңыр  күз  еді»  повесі  бойынша  сабақ 

жоспарын құру (7 сынып. Əдебиет.-А:Атамұра, 2003).  

Мақсаты: жұмыс жоспарларын жасауға дағдыландыру 

11- тақырып. Жазу жұмыстарының түрлері, сипаты. 

 

Қарастыратын  сұрақтар:  Мазмұндамаға  қойылатын  талаптар. 



Шығармаға қойылатын талаптар. 

 

Мақсаты: Жазба жұмыс əдіс-тəсілдерін меңгерту 



12- тақырып. Əдебиет пəні кабинеті 

 

Қарастыратын сұрақтар: Көрнекіліктің түрлері, аудитория жəне одан 



тыс 

пайдалану. 

Техникалық 

құралдар 

қолданудың 

амал-тəсілдері. 

С.Сейфуллин  шығармашылығын  өту  барысында  қолданылатын  көрнекілік 

түрлері, техникалық құралдар. 

 

Мақсаты: Көрнекіліктің түрлерін игерту 



 

Қолданылатын єдебиеттер 

Негізгі: 

1  Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993. 

2  Айтжанова Қ. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы. -., 2002 

3  Əрінова  Б.  Қазақ  əдебиетін  оқыту  əдістемесінің  ғылым  ретінде 

қалыптасуы мен дамуы.-А., 2004 

4  Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.-А., 1988 

5  Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы.-А., 2003 

6  Бадырақов  Қ.  Жоғары  кластарда  қазақ  əдебиетінен  тапсырмалар 

жүйесі. –А., 1977. 

7  Бітібаева Қ. Əдебиетті оқыту əдістемесі. А., 1997. 

8  Бітібаева Қ. Əдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999. 

9  Бітібаева Қ.Əдебиетті тереңдетіп оқыту.  – А. 2003. 

10 Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962. 

11 Дайырова  Ə.  Орта  мектепте  І.Жансүгіров  творчествосын  оқыту.  -  

А., 1969.  


12 Жұмажанова 

Т.Қ. 


Əдебиеттен 

кластан 


тыс 

жұмыстарды 

ұйымдастырудың ғылыми-əдістемелік негіздері. А., 1995. 

13 Жұмажанова  Т.Қ.  Қазақ  əдебиетінен  оқу-əдістемелік  күнтізбелік 

жоспары. 6-7 сынып. А., 2003. 

14 Жұматаева Е. Əдебиетті оқытудың кейбір мəселелері. А., - 1999. 

15 Көшімбаев  А.  Қазақ  əдебиетін  оқыту  методикасы.  –  А.  Мектеп, 

1969. 


16 Қалиев  С.  Мектепте  Ғ.Мүсірепов  шығармаларын  оқыту  жолдары.- 

А.  1974. 

17 Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту жəне оның компьютерді 

оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991. 

18 Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. –А., 1966 

19 Қоңыратбаев  Ə.  4-7  кластарда  əдебиетті  оқыту  методикасы.  –А., 

1987 

20 Қирабаев С. Мектеп жəне қазақ əдебиеті. А., Мектеп, 1979. 



21  Құрманова  Н,  Мухлис  К.  Текст  теориясы  жəне  тексті  талдау 

əдістемесі. – А. АлМУ, 2000. 

22 Құрманбаева    Г.,  Дүйсебаев  С.  Əдебиет  сабақтарының  үлгілері.  А., 

1999. 


23 Мақпыров С., Əдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981. 

24 Мəшһүр  Жүсіп.Қ.  Көркем  сөздің  құдіреті.  (Мектепте  қазақ 

əдебиетін оқыту). Павлодар, 2000. 

25 Мəшһүр  Жүсіп.Қ.  І.Жансүгіровтың  «Құлагер»  дастанын  оқыту. 

«Қазақ тілі мен əдебиеті», №8, 2002. 

26 Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. А., 2000. 

Ќосымша:  

27 Құрманбаева Г., Жұматаева Е. əдебиет. Оқыту əдістемесі. –А., 2001 

28 Əрінова Б., Аққұлова А. Əдебиет. Оқыту əдістемесі. –А., 2003 

29 Мырзағалиев Қ.Əдебиет сабағында əдеби-теориялық ұғымдарды 

оқыту.-А., 1973 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет