Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1302000 автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Біліктіліктер



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата06.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Басқарудың тарату жүйелерін құру архитектурасын және оны ұйымда-
стыру әдістерін білу.
2. Басқару жүйесіндегі ақпаратты беру және өңдеу үдерістерін түсіну, жүйе 
элементтері арасында ақпаратты берудің бағдарламалық, техникалық құрал-
дарын және олардың сипаттамаларын білу.
3. Бағдарламаланатын логикалық контроллердің (БЛК) және микропроцес-
сорлық басқару жүйесінің басқа да элементтерінің қолданылуы, ұйымдасты-

65
ру принциптік және техникалық сипаттамаларын білу.
4. Технологиялық үдерістерді басқарудың тарату жүйелерін монтаждау, қы-
змет көрсету және пайдалану үшін қолданылатын жобалық құжаттаманы дай-
ындау кезеңдерін, жиынтықталуын және ресімделуін білу.
Модуль мазмұны
1. Басқарудың тарату жүйелерін құру архитектурасын және оны ұй-
ымдастыру әдістерін білу
Басқару объектісінің белгілі бір бөлігіне қызмет көрсету үшін енгізу-шыға-
ру құрылғылар тобы бар контроллердің жұмысы. Басқару жүйесінің төмен-
гі  деңгейінде  орталықтандырылмаған  басқаруды  жүзеге  асыру.  Нысанның 
басқару құрылымына ұқсас таратылған басқару жүйесінің құрылымы. Тара-
тылған басқару жүйесін кеңістікте орналастырылған көптеген құрылғылардан 
құралатын жүйе ретінде қарастыру, олардың әр қайсысы басқаларына тәуелді 
болмайды, алайда, ортақ міндетті орындау үшін олармен әрекет етеді. Жүйе 
элементтері арасындағы олар бір-бірінен алшақ орналасқан жағдайдағы ға-
ламтор арқылы байланыс. Ғаламтор желісі арқылы басқару жүйесінің құра-
мына енетін бағдарламаланатын логикалық контреллермен байланыс. Авто-
маттандыру жүйесіндегі басқарудың тарату жүйесінің артықшылықтары. 
Тарату басқару жүйесінің артықшылықтары: қатар жұмыс жасайтын үдері-
стер арасында міндеттерді бөлу арқылы жылдам әрекеттестік; жоғары тиімділік 
– бір контроллердің істен шығуы басқаларының жұмысына әсер етпейді; үзілі-
стерге жоғары тұрақтылық; жүйені өсіру және қайта құрылымдау; баптау, диа-
гностика және қызмет көрсету; кедергіге жоғары тұрақтылық және тетіктерден 
енгізу құрылғыларына белгілерді беру желісінің ұзақтығы. БЛК пайдаланатын 
басқару жүйелеріндегі аппараттық және бағдарламалық резервтеу.
2. Басқару жүйесіндегі ақпаратты беру және өңдеу үдерістерін түсіну, 
жүйе элементтері арасында ақпаратты берудің бағдарламалық, техника-
лық құралдарын және олардың сипаттамаларын білу
Тиімді  жобалауға  арналған  тарату  жүйелерін  сипаттау  әдістері.    Жүйеге 
енетін құрылғылардың өзара алмастырылуы мен үйлесімділігі. МЭК 61499 
«Индустриялық басқару жүйелеріне арналған функционалдық блоктар» ха-
лықаралық стандарты. Тарату жүйелерін әзірлеу барсындағы үлгілер иерар-
хиясының  үш  деңгейі:  жүйе  моделі,  физикалық  құрылғылар  моделі  және 
функционалдық блоктар моделі. Жүйеде ақпаратты беру және өңдеу үдерісі. 
Оқиғалық басқару. Басқару жүйесін дұрыс қалыпта ұстау үшін функционал-
дық блоктарды пайдалану: жобалау, дайындау,қызмет ету , дұрыстау және қы-
змет көрсету. Тарату жүйесінің моделі; өнеркәсіптік желілер мен физикалық 
құралдар үлгісі. Жалпы шинасы бар жүйе архитектурасы.
Өнеркәсіптік  желілер  және  интерфейстер:  Fieldbus,  Profibus,  Modbus, 
DeviceNet, CANopen, Foundation, Industrial Ethernet, Internet және т.б. Өнер-
кәсіптік  желілердің  кеңсе  желілерінен  айырмашылығы.  Желілік  интерфей-
стер,  интерфейс  параметрлері:  өткізу  қабілеті  және  кабельдің  максималы 
ұзындығы.  Тізбекті  интерфейстер:  RS-485,  RS-232,  RS-422,  Ethernet,  CAN, 
HART, АS-интерфейс. Ақпарат алмасу хаттамалары. Ақпаратты желіге арна 

66
арқылы  беру.  Тапсыру  ортасы:  сымдардың  тарамды  жұбы,  оптоталшық, 
эфир. Таратылған желілердегі деректер түрлері: сигнал, жарлық, қалып күй, 
оқиға, сұраныс. Желілер топологиясы: жұлдызша, сақина, шина, аралас. Желі 
өнімділігі: реакция уақыты және өткізу қабілеті. Желі қауіпсіздігі, тоқтауға 
тұрақтылық, кедергіге тұрақтылық, деректерді жеткізу ықтималдығы. 
3.Бағдарламаланатын  логикалық  контроллердің  (БЛК)  және  микро-
процессорлық басқару жүйесінің басқа да элементтерінің қолданылуы, 
ұйымдастыру ұстанымдары және техникалық сипаттамаларын білу
Таратылған  басқару  жүйелерін  дайындау  барысында  пайдаланылатын 
коммерциялық  қол  жетімді  құрамдауыштар:  бағдарламаланатын  логикалық 
контроллер  (БЛК),  енгізу-шығару  модулі,  тетіктер,  атқару  құралдары.  Кон-
троллерлер номенклатурасы: Siemens, Mitsubishi, Advantech, ABB, Schneider 
Electric, GE Fanuc, НИЛ АП, Текон, Фаствел, ДЭП, Овен, Элемер, Эмикон и 
және т.б. Контроллерлердің қызметтік сипаттамалары (температура ауқымы, 
тиімділік, өндіруші бренді, ҚР аумағында сертификатының болуы). Модульді 
контроллерлер, модульдер типтері, Орталық процессор модулі (CPU), оның 
құрамдауыш бөоіктері: микропроцессор, есте сақта құрылғысы, нақты уақыт 
сағаты және Watchdog Timer – WDT  күзет таймері. 
Микропроцессордың  негізгі  сипаттамалары:  операциялық  жүйе  типі 
(Windows CE, Linux, DOS, OS-9, QNX және т.б.); МЭК 61131-3 тілінде стан-
дартты бағдарламалау жүйесіне арналған орындау жүйесінің болуы; қолдай-
тын интерфейстер  типтері (RS-232, RS-422, RS-485, CAN, USB, Ethernet және 
т.б.); қолдайтын желілер типтері  (Modbus RTU, Modbus TCP, Ethernet, Profibus, 
CANopen, DeviceNet және т.б.); индикация құрылғыларын жалғау мүмкіндік-
тері (жарық диодты немесе СҚ индикатор, пернетақта, тышқан, VG, A, DVI 
н, емесе CMOS, LVDS интерфейстері бар дисплей, трекбол және т.б.); разряд-
тылық (8, 16, 32 немесе 64 бит); микропроцессор мен жадының тактілі жиілігі; 
жарлықтарды  орындау  уақыты;  кіріктірілген  қызметтер  типтері  (ПИД-ретте-
уші, есептегіш, ШИМ, позициялау алгоритмдері және қозғалысты басқару т.б.).
Есте  сақтау  құрылғылары  типтері:  ROM  –  Read  Only  Memory,  EEPROM 
-  Electrically  Erasable  Programmable  ROM,  флэш-жады  –  Compact  Flash 
(CF),  Memory  Stick,  Secure  Digital  (SD),  MuliMediaCard  (MMC),  RS-MMC, 
SmartMedia Card (SMC), USB-flash; SRAM – Static Random Access Memory, 
DRAM – Dynamic Random Access Memory, SDRAM – Synchronous DRAM.
БЛК құрамындағы модульдер: сигналдық модульдер, функционалдық мо-
дульдер, коммуникациялық модульдер, қорек көздері және т.б.
Енгізу-шығару модульерімен деректер алмасуға арналған параллель шина-
лар (ISA, PC/104, PCI, ComactPCI, VME, CXM).
Тізбекті контроллер шинасы (RS-485 интерфейсі негізінде) таратылған ен-
гізу-шығару модульдерін жалғауға арналған. 
4. Технологиялық үдерістерді басқарудың таратылған жүйелерін мон-
таждау, қызмет көрсету және пайдалану үшін қолданылатын жобалық 
құжаттаманы дайындау кезеңдерін, жинақтамасын ресімделуін білу
ТҮ АБЖ әзірлеу кезеңдері және жобалау сатылары: техникалық – эконо-
микалық негіздеме, техникалық тапсырма, техникалық жоба (немесе жұмыс 

67
құжаттамасы), эксперименттік енгізу, өнеркәсіптік пайдалану.
Жалпы талаптарды, дайындау тәртібін анықтайтын  нормативті құжаттама 
және оны жинақтау тәртібі. Жобалауға арналған бастапқы деректер. Технологи-
ялық жүйелерді басқарудың тарату жүйелердің құрылымдық сызбалары. Үдеріс 
туралы ақпарат алу құралдары және осы ақпаратты БЛК беру құралдары. 
Функционалдық  автоматтандыру  жүйелері,  электрлік  принциптік  бақы-
лау сұлбалары, реттеу, дабылдама, электрлік механизмдер мен пневматиканы 
басқару, принциптік  қорек сызбалары, монтаждық сызбалары, қалқандардың 
ортақ түрлерінің сызбалары, электрлік және құбыр сымдарын сыртқы жалғау 
сызбасы.
Автоматтандыру  жобасын,  АЖЖ  сызбалары  пен  мәтіндерін  дайындауға 
арналған техникалық және бағдарламалық құралдар.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты аяқтағаннан 
кейінгі білім алушының оқыту нәти-
желері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Таратылған басқару жүйелерін 
құру архитектурасы мен оны ұйымда-
стыру тәсілдерін біледі
1.1 БЛК техникалық құжаттама-
сында бағдарлану.
1.2 Әдеби дерек көздеріндегі кез-
десетін терминологияны меңгеру.
1.3 БЛК типтері, олардың техника-
лық сипаттамаларын, нақты басқа-
ру жүйесіндегі қолданылуын білу.  
1.4 Жобалау барысында ғаламтор 
арқылы жүйе элементтері арасын-
дағы байланысты  қолдану.
1.5Аппараттық және бағдарлама-
лық резервтеуді басқару жүйесін 
жобалау.

68
ОН2 Басқару жүйесіндегі ақпаратты 
беру және өңдеу үдерістерін түсінеді, 
жүйе элементтері арасында ақпаратты 
берудің бағдарламалық, техникалық 
құралдарын және олардың сипаттама-
ларын білу.
2.1 Тиімді жобалау үшін тара-
тылған жүйелердің сипаттаудың 
стандартты әдістерін қолдану.
2.2 Жүйеде ақпаратты беру және 
өңдеу үдерісін түсіндіре білу.
2.3Физикалық құрылғылар мен 
өнеркәсіптік желілерді пайдалану 
арқылы таратылған жүйе моделін 
құру.
2.4Өнеркәсіптік желілер мен ин-
терфейстерді, ақпарат алмасу хат-
тамаларын білу.
2.5 Ақпаратты беру ортасын: 
сымдардың тарамды жұбы, опто-
талшық, эфир таңдау.
2.6 Тоқтаусыз және тиімді жұмыс 
жасайтын желілерді әзірлеуге ар-
налған өнеркәсіптік желілердің 
техникалық сипаттамасы мен топо-
логия бойынша білімді пайдалану.
ОН3 БЛК және микропроцессорлы 
басқару жүйесінің басқа да элемент-
терінің қолданылуын,  ұйымдастыру 
принципін және техникалық сипатта-
маларын біледі. 
3.1 БЛК номенклатурасы мен өнер-
кәсіптік негізгі өндіруші-фирмалар 
шығаратын автоматтандыру құрал-
дарын білу.
3.2 ПЛК СРU негізгі техникалық 
параметрлерін сипаттай білу.
3.3 Моноблокты БЛК мүмкіндік-
терін  және модульді БЛК функци-
оналдық мүмкіндіктерін білу.
3.4 Деректермен алмасудың парал-
лель және тізбекті шиналарын білу.
3.5 Шиналармен алмасудың парал-
лель қолданылуын түсіндіру.
3.6 Шиналармен алмасудың тізбек-
ті қолданылуын түсіндіру.

69
ОН4 Технологиялық процестерді 
басқарудың тарату жүйелерін мон-
таждау, реттеу, қызмет көрсету және 
пайдалануға арналған жобалық құжат-
таманы әзірлеу, жинақтау және ресім-
деу кезеңдерін біледі
4.1 Микропроцессорлық басқару 
жүйелерін әзірлеу кезеңдерін си-
паттау.
4.2 Басқару жүйесінің жобалық 
құжаттамасын әзірлеу барысында 
нормативті құжаттаманы дайындау.
4.3 Таратылған технологиялық 
үдерістерді басқару жүйелерінің 
құрылымдық сызбаларын дайын-
дау.
4.4 Бағдарламаланатын логикалық 
контроллер (БЛК) қолдануға не-
гізделген ақпарат алу құралдарын 
және осы ақпаратты беру құралда-
рын таңдау. 
4.5 БЛК қолдануға негізделетін 
функционалдық жүйелерді әзірлеу 
дағдыларын меңгеру. 
4.6 БЛК қолдану арқылы автомат-
тандыру жүйесінің ұстанымдық 
монтажық сызбаларын дайындау.
4.7 Графиктік және мәтіндік редак-
торларды, компьтерлік құралдарды 
пайдаланып жобалық құжаттама 
ресімдеу.
4.8 Автоматтандыру жобаларын 
дайындау кезінде АЖЖ қолдану
КМ.09 «ТП БАЖ микропроцессорлық құрылғыларын бағдарламалау»
Мақсаты және міндеті
Аталған модульді оқытудың мақсаты бағдарламаланатын логикалық кон-
толллерлер  (ПЛК/PLC)  және  диспетчерлік  басқару  мен  Supervisory  Control 
And Data Acquisition (SCADA) деректерді жинау жүйелері негізінде тиімділі-
гі мен сенімділігі жоғары басқару жүйелерін пайдалану арқылы әзірлеумен 
айналысатын білім алушыларды қамтамасыз ету болып табылады. 
Модульге кіріспе
Аталған модуль білім алушыларға микропроцессорлық үдерістерді бағдар-
ламалау  әдістерін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Микропроцессорлық  техника 
негізінде жасалған автоматтандыру жүйелері және осындай негіздегі ретте-
ушілер сандық деп аталады. 
Модуль дәрістен және тәжірибелік сабақтардан, зертханалық практикумнан 
құралады. Инженерлік тәжірибе барысында алынған дағдыларға негізделеді. 
Сандық басқару жүйесінің «миы», бағдарламаланатын логикалық контрол-
лер болып табылады, оның кіріктірілген операциялық жүйесі болады. Сандық 

70
басқару жүйелері өндірісті автоматтандыру дәрежесін арттырады, бұл өз кезе-
гінде қызметті оператор-адаммен (диспетчер) басқару жүйесі арасында қызмет-
ті бөлу міндетін қояды. Осындай міндеттердің шешімі SCADA жүйелер болып 
табылады, кейде олар SCADA/HMI деп аталады. SCADA жүйелер үздіксіз және 
таратылған үдерістерді басқаруды автоматтандыру үшін қолданылады, олар әр 
түрлі датчиктер мен құрылғыларды алумен байланысты болады.
Модуль технологиялық үдерістерді басқару жүйелеріне арналған бағдарла-
маны түсіндіреді, оның кіріктірілген операциялық жүйесі болады. Дәстүрлі 
құрылғылық  бағдарламалық  құралдарды  пайдалану  мүмкіндіктері  (Си,  Па-
скаль тілдері және т.б.) қарастырылады, оларды пайдаланып бағдарламалар-
ды  жазудың  қиындығы  көрсетіледі.  Мамандандырылған  тілдік  құралдарға, 
олардың компьютерлік платформадан тәуелсіздігіне түсінік беріледі. 
Модуль білім алушыларға әр түрлі типті БЛК үшін басқару бағдарламала-
рын жазу мақсатында контроллерлерді бағдармалаудың арнайы платформа-
лы-тәуелсіз тілдерді қолдануға мүмкіндік береді. 
Модульді оқыту үдерісінде білім алушылар Технологиялық процесті дис-
петчерлік басқаруда SCADA пайдаланудың, жүйе процестері мен жұмысын 
визуалдау үшін мнемосұлбаларды құру, басқару бағдарламаларын жазудың, 
БЛК үшін қолданбалы бағдарламаларды жасау мен тестілеудің, функционал-
дық блоктар библиотекасын құрудың, енгізу-шығару модульдері сигналдары-
ның күйін модельдеу үшін эмуляторларды пайдаланудың тәжірибелік дағды-
ларына ие болады
.
 
Модуль технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүй-
елері құрамында және оларды диспетчерлеуді жүзеге асыратын өнеркәсіптік 
контроллерлер үшін басқару бағдарламаларын әзірлеу процесімен айналыса-
тын мамандарды дайындау үшін қолданылады. 
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.  Микропроцессорлық  құрылғыдардың  типтерін,  олардың  құрылысын 
және басқару жүйелерінде пайдалануды білу
2. Микропроцессорлық ТҮ АБЖ  логикалық құрылымын түсіну, оның қыз-
мет етуі үшін бағдарламалық жабдықталу қажеттілігін түсіну.
3. SCADA-жүйелердің технологиялық процестерді диспетчерлік басқаруда 
қолдана білу.
4. Әр түрлі БЛК типтеріне арналған платформаға тәуелсіз бағдарламалау 
тілі контроллерлерін қолдану
Модуль мазмұны
1. Микропроцессорлық құралдары, олардың құрылысын және басқа-
ру жүйелерінде пайдалануды білу
Микропроцессорлық құрылғылар ұғымы. Микропроцессорлық құрылғылар 
эволюциясы.  Микропроцессорларды  жіктеу.  Микропроцессорлық  құрылғы-
лардың құрылымы мен түрлері. Технологиялық үдерістерді автоматтандыруға 
арналған  микропроцессорлық  құрылғылардың  өздеріне  тән  ерекшеліктері. 
Типтік  тораптардың  және  электронды  құрылғылар  сызбаларының  құрылу 

71
принципі. CMOS-технологиялар (Complementary Metal Oxide Semiconductor), 
р-арналы (PMOS) және n-арналы (NMOS) MOS-транзисторлар. SSI, MSI, LSI. 
ADC и DAC, PWM, PIT, регистр, есептегіш, тізбекті интерфейстер SCI және 
SPI, LCD, ОЗУ, ПЗУ, ППЗУ, CPU модулі және т.б.
Пайдалану  шарттары  және  өнеркәсіптік  электрониканы  қолдану  саласы. 
Микропроцессорлар, микроконтроллерлар, бір платалы компьютерлер, өнер-
кәсіптік  компьютерлер,  қолдану  саласы,  ерекшеліктері,  басқару  жүйелерін 
құрастыру үшін қолдану. Микропроцессорлар архитектурасы. Микропроцес-
сорларды  бағдарламалау  негіздері.  Модульділік,  магистралдылық  және  ми-
кробағдарламалану ұғымдары. 
2. Микропроцессорлық ТҮ АБЖ  логикалық құрылымын түсіну, оның 
қызметін бағдарламалық жабдықтамамен қамтамасыз ету қажеттілігі
Микропроцессорлық  жүйелердің  құрылымдық  және  принциптік  сызба-
лары.  Микропроцессорлық  жүйелердің  аппараттық  құралдары:  БЛК;  БЛК 
модульдік  құрылымы,  БЛК  тіркестіру  құралдары  мен  сызбалары,  деректер 
базасы сервері, оператордың автоматтандырылған жұмыс орны (АЖБ). Ми-
кропроцессорлық  жүйелердің  бағдарламалық  құралдары:  командалардың 
реттілігі, бағдарлама, ақпарат тасымалдағыштардың бағдарламалық құралдар 
жиынтығы, микропроцессорлық жүйенің қызмет алгоритмі. Иерархия әдісі. 
3.  Технологиялық  үдерістерді  диспетчерлік  басқаруда  SCADA-жүйе-
лерді қолдана білу
SCADA-жүйелердің жалпы ұғымы және құрылымы: SCADA анықтамасы 
және жалпы құрылымы, SCADA функционалдық құрылымы,  басқару үдерісі 
ретінде SCADA ерекшелігі (Supervisory Control And Data Acquisition – дис-
петчерлік  басқару  және  деректерді  жинау).  SCADA  жүйелерге  қойылатын 
талаптар және олардың мүмкіндіктері. SCADA-жүйелердің аппараттық және 
бағдарламалық  құралдары,  заманауи  SCADA-жинақтардың  негізгі  мүмкін-
діктері,  даму  үрдісі,  SCADA-жүйелердің  аппараттық  және  бағдарламалық 
құралдарының даму үрдісі.
Өнеркәсіптік  нарықтағы  SCADA-өнімдер:  In  Touch  (Wonderware,  США), 
iFIX (Intellution, США), SIMATIC WinCC (Siemens, Германия),   Citect  (Ci 
technologies, Австралия), RTAP/plus (HP, Канада), Wizcon (PC Soft International, 
Израиль-АҚШ), Sitex және Phocus (Jade SoftWare, Ұлыбритания), Real Flex 
(BJ Software Systems, АҚШ), Factory Link (US Data Corp., АҚШ), View Star 750 
(AEG, Германия), PlantScape (SCAN 3000) (Honeywell, АҚШ), TRACE MODE 
(AdAstra, Мәскеу),  
СКАТ  (Центрпрограммсистем,  Тверь),  САРГОН 
(НВТ-Автоматика), VNS, GARDEN, Vis-a-Vis (ИнСАТ), VIORD («Фиорд»),  
RTWin (SWD – нақты уақыт жүйелері),   ЗОНД (АСУТП Бағдарлама).
4. Әр түрлі БЛК типтеріне арналған контроллерлерін платформа-тәу-
елсіз бағдарламалау тілдерін қолдану
Халықаралық Электротехникалық Комиссия (ХЭК/IEC), стандарт IEC 1131-
3. БЛК бағдарламалаудың 5 мамандандырылған тілі: үш графиктік (SFC, FBD, 
LD) және екі мәтіндік (ST, IL). Құрылымдық бағдарламалау әдістемесі. Визу-
алды бағдарламалау тілдері FBD және IL: элементарлы және кітапханалық 

72
қызметтер, кіріктірілген ПИД, ПДД алгоритмдері, позициялық  жалғастыру, 
динамикалық балансирлеу, нысандардың модельдеу блоктары, массалық қы-
змет көрсету алгоритмдері, санақтық қызметтер, техникалық-экономикалық 
көрсеткіштерді есептеу қызметі және т.б. Технологиялық объектілерді (кла-
пан, тиек, тартпа және т.б.) басқару және бақылау блоктары.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты 
аяқтағаннан кейінгі білім 
алушының оқыту нәтиже-
лері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Микропроцессорлық 
құралдар типтерін, олардың 
құрылысын және басқару 
жүйелерінде пайдаланылуын 
біледі
1.1Микро-ЭЕМ және микропроцессорлар 
бойынша әдебиеттерде еркін бағдарланады.
1.2 Әдебиет көздерінде кездесетін термино-
логияны меңгеру.
1.3Микропроцессорлық құрылғылардың 
электронды компоненттерін біледі.
1.4 Нақты жүйеде пайдалану үшін қандай 
да бір микропроцессорлық жинақты таңдай 
білу. 
1.5Микропроцессорлық жүйелерді бағдар-
ламалау негіздерін білу.
1.6 Элементарлы логикалық жағдайлардың 
шешімін табу үшін микроконтроллер тип-
терінің бірін бағдарламалау.
1.7 Кең таралған микропроцессорлық жи-
нақтардың бірін бағдарламалай білу.
1.8 Микропроцессорлық жүйелерді тәжіри-
белік бағдарламалауда дербес және/немесе 
өнеркәсіптік компьютердің жинақтамасын 
білу.
1.9 Қажетті қызметтерге сәйкес автомат-
тандыру жүйесіне микропроцессорлық 
құрылғы таңдау.

73
ОН2 Микропроцессорлық ТҮ 
АБЖ  логикалық құрылымын, 
оның қызметін бағдарламалық 
қамтамасыз ету қажеттілігін 
түсінеді
2.1 Микропроцессорлық құрылғыларды пай-
даланып автоматтандырылған жүйелердің 
құрылымдық сызбаларын құрастыру.
2.2 Микропроцессорлық ТҮ АБЖ қызмет 
көрсетуге бағдарлана білу.
2.3Бағдарламаланатын логикалы контрол-
лерлер базасындағы есептеу басқару жүй-
елерін ұйымдастыру ұстанымдарын түсін-
діру.
2.4Микропроцессорлық ТҮ АБЖ бағдарла-
малауда /иерархия принципін пайдалану.
ОН3 Технологиялық үдері-
стерді диспетчерлік басқаруда 
SCADA-жүйелерді қолдана 
біледі
3.1 SCADA-жүйелерлің тағайындалуы мен 
мүмкіндіктерін түсіндіру.
3.2 Автоматтандыру жүйелерін таңдау ба-
рысындағы SCADA-жүйелерге қойылатын 
негізгі талаптарды анықтау.
3.3Техникалық –экономикалық көрсет-
кіштер бойынша автоматтандыру жүйе-
леріне SCADA таңдау.
3.4Өнеркәсіптік автоматтандыру жүй-
елерінің графиктік интерфейсін құруда 
SCADA жүйелерінің бірін пайдалану.
ОН4 Әр түрлі БЛК типтеріне 
арналған платформаға тәуелсіз 
бағдарламалау тілі контрол-
лерлерін қолданады
4.1Автоматтандыру жүйелеріндегі бағдарла-
малық құралдардың техникалық сипаттама-
сын және қолданылуын сипаттау.
4.2 Негізгі компоненттерді бағдарламалау 
технологиясын таңдау.
4.3 Бағдарламалауды алгоритмдік тілдерін 
білуін көрсету.
4.4 БЛК арнайы бағдарламалау тілдерін жік-
теу, олардың қолданылуын түсіндіру.
4.5 FBD визуалды бағдарламалау тілін БЛК 
типтерінің бірін бағдарламалау үшін пайда-
лану.
4.6 Бағдарламалардың жөнделуін тексеру.
4.7 ТҮ АБЖ бағдарламалық құралдарын 
пайдалануға және әзірлеуге графиктік және 
мәтіндік құжаттарға арналған компьютерлік 
техника құралдарын пайдалану.
КМ.10 «Автоматтандыру жобаларын енгізудің экономикалық тиімділі-
гін есептеу» 
Мақсаты және міндеті
Атаған 
 
модуль білім алушыларды кәсіпорынның инвестиция ұғымымен, 
құрылымы және қаржыландыру көздерімен, инвестициялық саясаты қағида-

74
ларарымен таныстырады. Білім алушылар жобалық талдау әдістері мен тәсіл-
дерін үйренуі керек.
Модульге кіріспе
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қыз-
метінің маңызды бөлігі. Заманауи өндіріс үшін тұрақты өсу үстіндегі капи-
талды қажет ету және ұзақ мерзімді факторлар рөлінің артуы тән болады. 
Кәсіпорын  табысты  жұмыс  жасауы,  өнім  сапасын  арттырып,  шығынды 
азайтуы,  өндірістік  қуаттарын  кеңейтуі  үшін  капиталды  тиімді  салу  керек. 
Сол себепті инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеу және аталған мақ-
сатқа жеткенге дейін оны жетілдіріп отыру керек. 
Модульдің бірінші бөлімінде білім алушылар инвестиция ұғымын, ең ал-
дымен  негізгі  капитал  –  капиталдық  салымдарды  оқиды.  Сонымен  қатар,  
капитал құратын инвестициялардың жіктелуі мен құрылымын және оларды 
қаржыландыру көздерін зерделейді. 
Модульдің екінші бөлігінде инвестиция тиімділігіне өңірлік деңгейде және 
жеке  кәсіпорын  деңгейінде  әсер  ететін  факторлар  зерттеледі,  инвестиция 
тиімділігін анықтау әдістемесі қарастырылады. 
Модульдің қорытынды бөлімінде білім алушылар автоматтандыру жобала-
рын экономикалық негіздеудің әдістемесін оқитын болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет