Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет144/191
Дата19.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#95340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   191
Модуль 5. Бернулли теңдеуі


Оқытудың нәтижелері:
Құбыржолдағы сұйықтың қозғалысын есептеу жабдықтары бар (ағынды бақылайтын, гидрожүйе, құбыржолдағы өнімді тарататын жүйе, сорғылар, турбиналар, бекіткіштер және т.б.) құбырдың ішіндегі қозғалысты анықтау.


Модуль тапсырмалары:
5.1 Көлемдік шығын мен оның шамасын анықтау.
5.2 Салмақтық шығын мен оның шамасын анықтау.
5.3 Меншікті массалық шығынды анықтау.
5.4 Бірқалыпты ағынды анықтау.
5.5 Үзіліссіздік принципін анықтау.
5.6 Үзіліссіздік теңдеуін жазу және оны массалар қатынастарын, ауданды, қозғалыстағы сұйықтың екі нүктесінің арасындағы ағын жылдамдығын анықтау үшін қолдану.
5.7 Сериялы түрде шығарылатын құбырлар мен құбыржолдарды: болат құбыр – шойын құбыр – болат құбыржол – мыс құбыр сипаттау.
5.8 Анықталған жылдамдықпен қозғалатын сұйықтың қозғалысына мүмкіндік жасау үшін қажетті құбырлар менқұбыржолдардың өлшемдерін есептеу.
5.9 Әр түрлі жүйелер үшін ұсынылған ағын жылдамдығы мен көлемдік шығын мәндерін орнату.
5.10 Энергетикалық зертханаларда орнатылған қондырғыларда сұйықтың қозғалыс теориясын қолдану.


Молуль 6. Энергияның сақталу заңы


Оқытудың нәтижелері:
Сұйық ағынына энергияның сақталу заңын қолдану.


Модуль тапсырмалары:
6.1 Сұйық ағыны жүйесін энергияның шығыны болатын жағдайларды анықтау.
6.2 Сұйық ағыны жүйесіне энергияның берілу әдістерін анықтау.
6.3 Сұйық ағыны жүйесінен энергияның алыну әдістерін анықтау.
6.4 Энергияның көбеюін, азаюын және алынуын тудыру үшін Бернулли теңдеуін қолдану.
6.5 Энергияның сақталу заңдарын әр түрлі практикалық есептер шығаруда қолдану.
6.6 Сорғылар (насос) көмегімен сұйыққа берілген қуаттарды есептеу.
6.7 Сорғылардың пәрменділігін анықтау.
6.8 Сорғылар арқылы сұйықты қозғалысқа келтіру үшін қажетті қуатты есептеу.
6.9 Гидравликалық қозғалтқышқа сұйық арқылы берілетін қуатты есептеу.
6.10 Гидравликалық қозғалтқыштың пәрменділігін анықтау.
6.11 Гидравликалық қозғалтқыштан шығатын қуатты есептеу.
6.12 Барлық процестерге энергияның сақталу заңын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет