Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Мұнай өндiру өнеркәсiбіндегi жобаның экономикалық көрсеткiштерінің маңыздылығы және оның алдағы уақытта өнеркәсіптің дамуына ықпалын түсiндiру.
Модуль тапсырмалары: Мұнай жобаларының қабылдануы үшiн қойылатын талаптарды түсiндiру.
1.2 Капитал жеткіліксіз болған жағдайда мұнай жобаларын бағалаудың қажеттілігін түсіндіру.
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Қарапайым қарыздар мен инвестициялар үшін бастапқы және соңғы сальдоны, жылдық пайыздарды есептеу.
Модуль тапсырмалары: 2.1 Қарапайым пайыздар әдісімен қарыз бен инвестиция үшін бастапқы/соңғы сальдоны, жылдық сый ақыны есептеу.
2.2 Күрделі пайыздар әдісімен қарыз бен инвестиция үшін бастапқы/соңғы сальдоны, жылдық сый ақыны есептеу.
2.3 Қаржылар қозғалысының диаграммасын құру.
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Күрделi пайыздардың теңдеуiн қолданып, келешек және ағымдағы құнды есептеу.
Модуль тапсырмалары: 3.1 Күрделі пайыздар теңдеуі арқылы қазіргі инвестициялаудың келешек кұнын есептеу
3.2 Дисконттау мөлшерлемесінің теңдеуі арқылы келешек инвестициялаудың қазіргі кұнын есептеу.
3.3 Келешек және дисконтталған құнды анықтау үшін қазіргі/келешек (Present/Future) және келешек/қазіргі (Future/Present) жағдайлар диаграммаларын қолдану.
3.4 Күрделі пайыздар теңдеуі арқылы инвестицияның мерзімін есептеу.
3.5 Қарапайым инвестиция үшін күрделі пайыздар мөлшерін есептеу.
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Мұнай өндірудегі қарапайым инвестициялық жобалар бойынша «Қаржының уақытша құны» принципін қолданып, ұсыныстар беру.