Бұл дипломдық жобада, Жаңақорған ауданының телекоммуникация



жүктеу 1.13 Mb.

бет1/7
Дата06.04.2017
өлшемі1.13 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

 


 


 


 

 



 

 

 

 

 

АҢДАТПА 



 

 

Бұл  дипломдық  жобада,  Жаңақорған  ауданының  телекоммуникация 



бөлімінің  желілерін  жаңарту  қарастырылған.  Жаңарту  нәтижесінде  дәл  қазіргі 

кезде  жұмыс  істеп  тұрған  аналогтық  стансаны  қазіргі  заманға  сәйкес  сандық 

стансамен ауыстырылады. 

Бұл жобада таңдалып алынған станса аралық байланыс желісі оптикалық 

кабельдің  параметрлерін  есептеуден  басқа  жүктеменің  кіріс  және  шығыс 

есептеулері есептелген. 

Жобада  еңбекті  қорғау  және  адам  өміртіршілігінің  қауіпсіздігі  және 

қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелері  қаралады.  Экономикалық  бөлімде  бизнес 

жоспар  құрылған.  Арнайы  есептеулер  көмегімен  экономикалық  тиімділігі 

есептелген. 

 

 

АННОТАЦИЯ 



 

 

В 

данном 



дипломном 

проекте 


рассмотрена 

модернизация 

телекоммуникационной  сети  Жанакурганского  района.  При  модернизации 

существующих сетей работающие аналоговые станции были заменены на более 

новейшие цифровые станции. 

В  проекте  произведен  расчет  параметров  оптического  кабеля 

соединяющих  линий  выбранных  станции,  так  же  входящие  и  исходящие 

нагрузки. 

В  проекте  рассматривались  безопасность  жизнедеятельности  и  охрана 

труда. Так же экономической части был составлен бизнес план. Был рассчитан 

экономическая эффективность данного проекта. 

 

 



ABSTRACT 

 

 



In  this  thesis  project  considered  modernization  of  the  telecommunications 

network in Zhanakurgan district. When upgrading existing networks working analog 

stations were replaced with the latest digital station. 

The project calculated the parameters of the optical cable lines connecting the 

selected station, as well inbound and outbound load . 

 The project considers the safety of life and safety . Just economic part was a 

business plan . Was calculated cost-effectiveness of the project. 

 

 



 

10 

 

МАЗМҰНЫ 

 

 

Кіріспе 



 



Жаңақорған ТАТ қазіргі телекоммуникация желісіне шолу 

1.1



 

 АТЖ жағдайын талдау және Жаңқорған ТАТ стансалық 

 құрылысытарына сипаттама 

 



1.2 

 

Жобаның мақсаты мен міндеттері 



12 

1.3 


 

Міндет қою 

12 

1.4 


 

Байланыс құралдары дамуына шолу 

13 

1.5 


 

Сандық тығыздалудың көп арналы жүйесін пайдалану 

19 

1.6 


 

Телефон желісі арқылы интернетке қосылу 

20 

1.7 


 

ААТС сигнализациясының интерфейстері мен хаттамалары . 

21 

1.8 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы ТАТ телефон желісін жобалау 



23 

1.9  Ең оңтайлы АТС сандық құрығысын таңдау 

28 

1.10  М-200 коммутациялық желісі 



29 

1.11 Жаңартудан кейінгі Жанақорған ТАТ телекоммуникация желісінің 

күйі 

 

34 



2  Есептеу бөлімі 

37 


2.1  Жаңақорған ауданының телефондық желілерінің жаңартылуын 

қарастыру 

 

37 


2.2 

 

ЭАСТ аймағында оптикалық кабельді жүргізу 



38 

2.3  Оптикалық кабельдің негізгі параметрлерін есептеу 

40 

2.4 


 

Телефондық жүктеменің интенсивтілігін анықтау 

52 



 



Техникалық – экономикалық талдау 

58 


3.1 

 

Жобаның мақсаты 



58 

3.2 


 

Жобаның міндеті 

59 

3.3 


 

Нарықтың маркетингтік талдауы және маркетингілік стратегия 

59 

3.4 


 

Жобаның ішкі ортасын талдау 

60 

3.5 


 

Маркетингілік стратегия 

60 

3.6  Қызмет 



61 

3.7  Менеджмент 

62 

3.8  Қаржылық жоспар 



63 

3.9  Қайтарылу мерзімін есептеу 

66 



 



Өміртіршілік қауіпсіздігі 

68 


4.1 

 

Автозалдағы жарықтандыру қондырғыларын жобалау 



68 

4.2 


 

Автозалды электрқауіпсіздігімен жабдықтау 

70 

4.3 


 

Автозалдағы механикалық алмасу вентиляциясын жобалау 

74 

Қорытынды 



78 

Әдебиеттер тізімі 

79 

Қысқартылған сөздер тізімі 



80 

А  Қосымшасы 

81 

Ә  Қосымшасы 



82 

Б  Қосымшасы 

83 


11 

 

КІРІСПЕ 

 

 

Әрбір  азаматтың  байланыс  қызметіне  қолжетімділігі  заманауи  қоғамға, 



ұлттық және әлемдік экономикаға енуге ықпал жасап және ақпаратты таратуға 

деген  конституциялық  құқығын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Шетел 

тәжірибесіне  сүйенсек,  байланыс  инфрақұрылымы  мен  экономиканың  дамуы 

бір-біріне тәуелді екенін аңғарамыз. 

Соңғы  жылдары  әлемде,  соның  ішінде  біздің  елімізде  байланыс  нарығы 

ырықтандыру  және  демонополизация  үрдісі  жүріп  келеді.  Жаңа  операторлар, 

клиенттік базасы жоғары және тармақталған тораптарға ие мемлекеттік немесе 

жеке телекоммуникация алпауыттарымен бәсекеге түсіп жатыр. Бәсекеге орай, 

түрлі  байланыс  құралдары  мен  технологияларды  ендіру  арқылы  жаңа 

операторлар позициялардан орын алып, ал бұрынғы операторлар өз позициясын 

арттыруға жағдай жасады. 

Телекоммуникациялық  реформаларды  жүргізудегі  басты  моменті  ол 

реттеуіш  институты.  Көптеген  мемлекет  басшылары  байланысты  халықтың 

маңызды қызметі деп танып, реттеуіш орган қызметін өздеріне сақтайды. Егер 

де телекоммуникация торабы олардың қол астында болмаса, сенімді болу үшін 

байланыс қызметін мемлекеттік және қоғамдық назарда ұстайды. 

Одан  бөлек  соңғы  жылдары  әлемде  реттеуіш  органдардың  артуы 

байқалады. Басты себебі, телекоммуникациялық облыста саяси, реттеуіш және 

эксплуатациялық  функцияларды  бөліп  береді.  Бірақ,  реттеуіш  органдардың 

саны артқанымен, бәсекенің енуіне байланысты телекоммуникациялық нарықта 

реттеу деңгейінің түсуін күтуге болады. 

Соңғы уақытта телекоммуникацияны және ақпарттаық технологиялардың 

дамуына байланысты экономикалық әсердің өскенімен бұл үрдісті реформалау 

кезінде  орын  алатын  салдарды  да  ескеруіміз  қажет.  Солардың  бірі  мемлекет 

территориясындағы  барлық  азаматтарға  қызметті  қолжетімді  бағамен  ұсына 

алмауы. 


Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  телекоммуникация  саласы 

жылдам  дамып  келеді.  Ауылдарда  телекоммуникация  қызметін  АҚ 

Қазақтелеком көрсетеді. Айта кетер бір жайт, телефоны жоқ ауылдарға телефон 

орнату мен қатар Қазақтелеком жаңарту және ауыл байланысын дамыту, оның 

ішінде  АТС-ды  оптималды  сандық  АТС-на  ауыстыру,  байланыс  желілерін 

сандықтау,  ауа  желілерін  радиорелелік  және  талшықтық-оптикалық  байланыс 

желілеріне ауыстыру жұмыстарымен айналысады. 

 

 



 

 

 



 

12 

 



ЖАҢАҚОРҒАН 

ТАТ 

ҚАЗІРГІ 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ 

ЖЕЛІСІНЕ ШОЛУ 

 

 

1.1  АТЖ  жағдайын  талдау  және  Жаңақорған  ТАТ  стансалық 

құрылыстарына сипаттама 

 

Жаңақорған  ауданы  –  Қызылорда  облысының  оңтүстік-шығысында 



орналасқан.  Аудан  1928  жылдың  11  қаңтарында  құрылған.  Ауданның  аумағы 

16,6 мың квадрат метрді құрайды, бұл облыстың бүкіл аумағының 6,8 пайызын 

құрайды.  Ауданның  аумағын  Батыс  Қазақстан  темір  жолы,  Шымкент-Самара 

автомагистралі  кесіп  өтеді.  Жаңақорған  ауданының  аумағы  бойынша  Ұлттық 

ақпараттық  супермагистральдің  Батыс  тармағы  өтеді.  Жаңақорған  ТАТ 

Қызылорда ТОД құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Аудан орталығы – Қызылорда қаласының облыстық орталығынан 178 км 

арақашықтықтағы  Жаңақорған  ауылы.  Аудан  да  2  ауыл  және  24  ауыл  округі 

бар,  17  ұлт  өмір  сүреді.  Ауданда  тұратын  халық  саны  70134  адамды  құрайды 

олардан,  49377  адам  немесе  68,3  пайызы  ауыл  округтерінде  өмір  сүреді, 

аулалар  саны  12279,  аудан  бойынша  100  адамға  шаққанда  телефондардың 

тығыздығы  6,3  ті  құрады,  ҚТЖ  торабында  –  8,5.  Мекемелердің  әрекеттегі 

бағасында  өнім  өндірісінің  көлемі  (жұмыс,  қызмет)  2006  жылда  1465772  мың 

теңгені  құраған,  өнімнің  физикалық  көлемінің  индексі  125,5  %.  Климат  – 

континенталды.  Ауданның  негізгі  қызметі  ауыл  шаруашылығы  және  мал 

шаруашылығы.  Шалқия  кенішінде  қорғасын,  мыс  шығару  өндіру  бойынша 

мекемелер  жұмыс  істейді,  сонымен  қатар  шағылдың  әртүрлі  фракциясын 

өндіреді.  Шалхия  ауылында  мырыш,  қорғасын  өндіріледі,  күкірт  қышқылын 

өндіру  бойынша  тау-байыту  комбинатын,  зауытын  құру  жоспарланып  отыр, 

шағыл және құрылыс тасы өндіріледі. Жаңақорған облысында мына мекемелер 

қызмет  етеді:  «Қазатпром»  ЖШС  уран  өндірумен  айналысады,  облыста 

республикалық деңгейдегі «Жаңақорған» санаториі орналасқан, мұнда тек қана 

біздің  мемлекеттің  емес,  көрші  мемлекеттердің:  Ресей,  Өзбекстан  және  т.б. 

тұрғындары денсаулықтарын түзеуге келеді.Жылдан жылға кіші мекемелердің 

саны артуда. 2010 жылға ауданда тұрғындардың қаражаты есебінен 100 тұрғын 

үй  салынды,  190  орынды  жаңа  аурухана  құрылып  жатыр,  Сырдария  өзені 

бойынша  өтетін  қалқымалы  көпір  жаңартылуда.  Байкенже  ауылында  уран 

рудаларының жаңа орны ашылды, қазір вахталық ауы құрылуда. 

Төменарық ауылы – халқы 10236 адамды құрайды, аудан орталығынан 25 

км  де  орналасқан.  Әртүрлі  тауарлар  мен  қызметті  тікелей  тұтынушы  халық 

өмірінің  деңгейі  орташа.  Ауылда  әкімшілік,  ФАП,  дүкен,  АТК  ауыл 

кооперативі  бар.  Түгіскен  ауылы  –  Түгіскен  халқы  8060  адамды  құрайды, 

аулалар  саны  610.  Әртүрлі  тауарлар  мен  қызметті  тікелей  тұтынушы  халық 

өмірінің  деңгейі  орташа.  Ауылда  мектеп,  әкімшілік,  ФАП,  ауыл  өндірістік 

кооперативі  бар.  Қожакент  ауылы  –  Жаңақорған  ауданында  орналасқан  және 

Жаңақорған ауыл орталығынан 25 км де орналасқан. Халық саны 3032 адамды 



13 

 

құрайды,  аулалар  саны  –  444,  отбасылар  саны  –  444.  Телефон  тығыздығы  – 



3,3%. Әртүрлі тауарлар мен қызметі тікелей тұтынушы халық өмірінің деңгейі 

орташа.  Ауылда  ауыл  әкімшілігі,  мектеп,  медпункт,  пошта  бар.  Тұрғындар 

бақша  өсірумен  және  мал  шаруашылығымен  айналысады.Баспақкөл  ауылы  – 

Баспақкөл  ауылының  тұрғыны  1794  адамды  құрайды,  аулалар  саны  553. 

Әртүрлі  тауарлар  мен  қызметті  тікелей  тұтынушы  халық  өмірінің  деңгейі 

орташа. Тұрғындар мал шаруашылығы, күріш өндірумен айналысады. Ауылда 

мектеп, ФАП, әкімшілік, ауыл өндірістік кооперативі бар. Талапбекеті ауылы – 

Талапбекеті  тұрғындары  1435  адамды  құрайды,  аулалар  саны  94.  Тұрғындар 

мал шаруашылығы, күріш өндірумен айналысады. Ауылда мектеп, ФАП, ауыл 

өндірістік кооперативі, темір жол бар. Жаңақорған ауылына мынадай ауылдар 

да  кіреді:  Қандөз,  Қалғансыр,  Қашқанкөл,  Баспақкөл,  Көктөбе,  Бәйкенже, 

Екпінді, Манап, Қосуенкі, Қызылмақташы, Ақсуат, Ақжол, Талапбекеті, Бірлік, 

Тақыркөл, Түгіскен, Жайылма, Қорасан, Бесарық ауылдары. 

Жалпы Жаңақорған ТАТ құрастырылған сыйымдылығы (1.1 сурет) 6838 

нөмірді  құрайды,  олардан  6255  әрекетте,  яғни  торап  93%  күшіне  енген. 

Жаңақорған ТАТ АТС бойынша сипаттама 1.1 кестеде келтірілген.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

14 

 

1.1  К е с т е    Жаңақорған телекоммуникация аудандық торабының АТС сипаттамасы 



№ 

АТС атауы 

АТС түрі 

Пайдалануға 

берілген жыл 

Монтаждалған 

сыйымдылық 

Қолданыстағы 

сыйымдылық 

Жаңақорған 



DRX-4 

2004 


2300 

2144 


Ақжол 


М-200 

2004 


250 

212 


Қожакент 

М-200 

2005 


250 

200 


Санаторий 

М-200 

2004 


150 

120 


Өзгент 


МС-240 

2007 


250 

195 


Шалхия 


М-200 

2004 


250 

235 


Талапбекеты 

КАТС 50/200 

1995 


250 

226 


Аққұм 


М-200 

2000 


150 

124 


Төменарық 

М-200 

2001 


480 

476 


10 

Байкенже 

М-200 

2004 


250 

240 


11 

Жаңарық 


МС-240 

2007 


176 

159 


12 

Бесарық 


МС-240 

2007 


250 

234 


13 

Түгіскен 

М-200 

2004 


456 

408 


14 

Баспақкөл 

КАТС 50/200 

1994 


200 

209 


15 

Қандөз 


М-200 

2005 


200 

181 


16 

Келінтөбе 

МС-240 

2007 


200 

189 


17 

Талап 


МС-240 

2007 


200 

190 


18 

Сунақата 

М-200 

2005 


200 

176 


19 

Екпінді 


М-200 

2005 


176 

162 


20 

Бірлік 


МС-240 

2007 


200 

175 


 

 

 



15 

 

АҚТС 



Қызылорда 

қаласы


AXE-10

Төменарық

АТС М

-200


480

№№

а



/

о

.



Жаңақорған

DRX-4


2300

№№

Екпінді



АТС М

-200


176

№№

Сунақата



АТС М

-200


200

№№

Шалхия



АТС М

-200


250

№№

Бірлік



АТС МС

-240


200

№№

Талапбекеті



КАТС 

50/200


250

№№

Қандөз



АТС М

-200


200

№№

Баспақкөл



КАТС 

50/200


200

№№

Келінтөбе



АТС МС

-240


200

№№

Түгіскен



АТС М

-200


456

№№

Қожакент



АТС М

-200


250

№№

Өзгент



АТС МС

-240


250

№№

Ақжол



АТС М

-200


250

№№

Жаңарық



АТС МС

-240


176

№№

Талап



АТС МС

-240


200

№№

Бесарық



АТС МС

-240


250

№№

Санаторий



АТС М

-200


150

№№

Аққұм



АТС М

-200


150

№№

Бәйкенже



АТС МС

-240


250

№№

СРР



Ж

 NE


RA

 +3


E1  

178


км

.

8



хК

60 2


хМК

САш


п

 

4



х

4

х



1,2

МКС


АШ

п 

4



х

4

х



1,2

ТО

ТЖ



  

О

КС



ТС

-5

0-



03

27

км



.

ТО

ТЖ



 

О

КС



ТС

-5

0-



03

36

км



.

ТО

ТЖ



 

О

КС



ТС

-5

0



-0

3

4



4

км

.



ТО

ТЖ

 



О

КС

ТС



-5

0

-0



3

2

5



км

.

ТО



ТЖ

 

О



КС

ТС

-5



0-

03

19



км

.

СТЖ х



DSL 

ППБК


 1

х

4



х

0,9


45

км

.



ТОТЖ О

КСТС


-50-03

45

км



.

ТОТ


Ж

 

ОКС



ТС

-50


-03

25

км



.

ТО

ТЖ



 

О

КС



ТС

-5

0-



03

17

км



.

ТО

ТЖ



 

О

КС



ТС

-5

0



-0

3

2



0

км

.



ТО

ТЖ

 



О

КС

ТС



-5

0-

03



17

км

.



ТО

ТЖ

 ОК



СТ

С

-50



-03

30

км



.

ТО

ТЖ



 

ОК

СТ



С

-5

0-



03

4

км



.

ТО

ТЖ



 

ОК

СТ



С

-5

0-



03

25

км



.

СТ

Ж 



х

DS



ПП

БК

 1



х

4

х



0,9

50

км



.

ТОТЖ


 

ОКСТ


С

-50-0


3

43

км



.

МК

-3



0

ТС

10



ПП

БК



 

1

х



4

х

0,



9

60

км



.

МК

-30



ТС

10, 


ППБК

1

х



4

х

0,9



63

км

.



ДАМА 

ағын



 

 

1.1 Cурет – Жаңақорған телекоммуникация аудандық торабының байланысты ұйымдастыруының қазіргі кездегі сұлбасы 



 

 

16 



 

1.2 Жобаның мақсаты мен міндеттері 

 

Жобаның мақсаты – ертеден келген аналогты құрылғыны жаңа цифрлық 



ЭАТС  құрылғысына  алмасытра  отырып,  ауылдық  телефон  желісінің  сапасын 

көтеру  және  табысты  көбейту  болып  келеді.  Ауыл  тұрғындарын  еліміздегі 

барлық 

тұрғындар 



сияқты 

жаңа 


телекоммуникациялық 

кызметімен 

қамтамасыздандыру.  Ауыл  және  қала  тұрығындары  арасында  өмір  тіршілік 

қатынасы,  білім  алу  және  де  басқа  әлеуметтік  қызмет  көрсету  жағына 

дисбаланс орнату. 

Жаңа  технологияларды  енгізуге  байланысты  эксплутациялық  шығынды 

қысқарту  және  табысты  АТЖ  экономикалық  сатып  алуды  дамыту  керек. 

Байланыстың қызмет көрсетуін және инвестициалық, өзіндік шарт құруын табу 

керек. 

 

1.3 Міндет қою 



 

Алдында  орнатылған  АТС  ғимаратын  қолдану  ғимараттың  қайта 

жобалану  шығындарының  азайуына  алып  келеді,  өз  кезегінде  ол  жобаға 

салынатын  инвистиция  салымдарын  азайуына  алып  келеді.  НТА  орнатуға 

тіркелген  сұранысты  есепке  ала  отырып  СКШ  сыйымдылығын  жүзеге  асыру 

құрылғының  тұрып  қалу  қаупін  қысқартуға,  сыйымдылықтың  әрекет  ету 

процесін  жылдамдатуға  және  соған  сай,  жобаның  тиімділігін  арттыруға 

мүмкіндік береді.  

Ол үшін істеу қажет: 

 



байланыстың сапасын жаңарту; 

 



қолдану кезiндегі шығындарды азайту; 

 



құрылғыны таңдау; 

 



құрылғыны орналастыру; 

 



қоғамның клиенттерiн санының 1376 абоненттерге көбеюiне; 

 



ЭАТС және СТЖ кеңейту үшін құрылғы сатып алу;  

 



ЭАТС және СТЖ құрылғыларын құрастыру және тексеру; 

 



СКШ дамуына байланысты ҚМЖ жүргізу; 

 



жаңа абоненттердің қосылуы; 

 



пайда  болатын  жүктеменi  есептеу  және  бағыт  бойынша  жүктемені 

есептеу; 

 

пайда болған арнаны есептеу; 



 

құрылғыны есептеу; 



 

желілердің косылуын есептеу; 



 

ОТБЖ негізгі параметрін есептеу



 

экономикалық негіздеу; 



 

ӨТҚ сұрақтарын қарастыру. 



 

 

 



 

 

17 



 

1.4 Байланыс құралдары дамуына шолу 

 

Бүгінгі  күнде  ауыл  аймағында  телефонмен  жабдықтау  қалаға  қарағанда 



екі  жарым  есе  және  үш  жарым  есе  аз.  Бірінші  кезекте  бұл  ауыл  телефон 

байланысының  (АТЖ)  зияндылығымен  түсіндіріледі,  оның  негізгі  себептері: 

абоненттер  бөлігінің  АТС  алыстығы,  нәтижесінде  оны  пайдалануға  және 

дамытуға  шығындар  орта  жылдық  табыстан  үш  және  жеті  есе  асып  кетеді: 

абонент  топтарының  аздығы:  ауылдарда  сыйымдылық  өсуі  болжамының 

қиындығы. 

Ауыл 

аймағының 



телефонмен 

жабдықталуына 

байланысты 

ұйымдастырудың  жеке  техникалық  шешімінің  толық  жетілмеуіне  байланысты 

қиындатылған.  Техникалық  фактор  АТЖ  дамуы  және  пайдалануында 

экономикалық көрсеткіштерді жақсартуды басым роль ойнайды. 

Сонымен  бірге,  ауылды  телефонмен  жабдықтау  қалаға  қарағанда  екі-үш 

есе  жылдам  жүреді,  және  де  егер  байланыс  операторларының  табысын, 

байланыс құралдарын пайдаланушылар мен жалпы қоғамды (аудан, мемлекет) 

алғанда, барлық әлеуметтік және экономикалық факторларларды жиынтығымен 

қарағанда  АТЖ  тиімділігіне  100  адамға  шаққанда  14-16  телефон 

аппараттарының  (ТА)  тығыздығында  жетуге  болатыны  айқын  көрінеді.  Ауыл 

байланысының 

дамыған 


инфрақұрылымының 

болуы 


көп 

жағдайда 

ауылшаруашылық  өндірісінің  тиімділігін  жоғарылататына  септігін  тигізетіні 

туралы дәйекті жоққа шығаруға болмайды. 

АТЖ  басым  жағдайда  160-тан  2048  кбит/с  жылдамдықта  радиалды 

немесе  айналмалы  схема  бойынша  РРЖ  немесе  бір  жұпты,  төрттен  бір 

кабельдердің  көмегімен  ОБ-қа  қосылған  16-дан  90  ға  дейінгі  нөмір 

сыйымдылықты орталық блок (ОБ) және жайма абоненттік модульге (ЖАМ) ие 

үлестірілген сыйымдылықты соңғы сандық АТС-ларды пайдаланумен құрылуы 

тиіс (1.2 суретке қараңыз). Мұндай АТС-ларда тарату және үлестіру бір уақытта 

жүзеге  асырылады.  ОБ  және  ВАМ-ға  әрекеттегі  және  құрылып  жатқан 

абоненттік желілердің өткізу қабілетін жоғарылату үшін аз арналы аппаратура 

және 

абоненттің 



радиожетімділіктің 

құралдары 

қосылуы 

мүмкін. 


Радиожетімділік  құралдарын  енгізу  және  оны  алыстатылған  абоненттік 

топтарға  немесе  жеке  абоненттерге  қолданудың  үлкен  көлемі  кабельдік 

желілерді құруға үлкен шығындарды болдырмауға және ауыл тұрғындары үшін 

телефон қосу мерзімін азайтуға септігін тигізеді. АТБ-та аналогты және сандық 

радиалды радиожүйелерді (сыйымдылығы 100 ден 600 нөмірге дейін)қолдануға 

болады,  DECT,  NMT-450,  GSM,  WLL-CDMA  PPK-3/5.0  ридаожүйе 

технологиялары  және  т.б.  (CDMA-дан  басқа)  мобильді  байланысты 

ұйымдастыруға ыңғайлануы мүмкін. 

 


 

 

18 



 

 

 



1.2 сурет – Ауылдық телефон желілерін құру сұлбасы 

 

ОС  жергілікті  (ауыл)  телефон  желісі  абоненттері  арасында  шеттік  және 



транзиттік байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. ОС арқылы ҚТС, АҚТС және 

аудан  орталығының  арнайы  қызметтерімен  ауыл  абоненттерінде  байланыс 

жүзеге асырылады. Аудан орталығының ҚТС сыйымдылығына байланысты ОС 

ретінде ауыл немесе қалалық типті стансалар пайдаланылды. 

ТС  арқылы  келесі  байланыстар  орнатылады:  СС,  СС  және  ОС  (сандық 

станса) абоненттер арасында шеткі және тразиттік байланыс, сонымен қатар СС 

және ТС АҚТС-ға шығуы. Бар ауыл АТС (ААТС) жаңашаландыру минималды 

қаржы шығынында байланыс сапасын жақсарту мақсатында жүргізіледі. Бұдан 

басқа,  таратудың  аналогты  желілерін  сандыққа  ауыстыру  жүргізіліп  жатыр, 

нәтижесінде станса аралық алмасу ИКМ-30 немесе ИКМ-15 арналары бойынша 

жүргізілуде,  байланыс  бағасын  автоматты  есептеу,  ААТС  диагностика 

құралдары  енгізілуде,  нөмірді  автоматты  анықтау  (НАА)  енгізіліп  немесе 

ауыстырылып 

жатыр. 


Алайда 

бар 


ААТС 

жаңашаландыру 

нөмір 

сыйымдылығын арттыру және дәстүрлі (жергілікті және қалааралық байланыс, 



шұғыл тапсырыстық және ҚҚТ ақпараттық қызметтер, ISDN қызметтері) және 

жаңа  технологиялармен  туындаған  (деректерді  табыстау,  Интернетке  кіру) 

қызметтердің жаңа түрлерін енгізу секілді маңызды мәселелерді шешпейді.  

Бұл  мәселелерді  шешу  үшін  АТЖ-ге  сандық  АТС  жаңа  ұрпақтарын 

енгізу,  сонымен  қатар  жетімділікті  абоненттік  желілер  мен  жоғары 

жылдамдықты біріншілік желілерді құру қажет. 

 

1.4.1 Ауыл АТС-на қойылатын талаптар 



Қазақстан  ВАҚ  талаптарына  сай  ААТС  мыналарды  қосу  мүмкіндігін 

қамтамасыз етуі қажет: 

 

жеке  пайдаланудағы  және  мекемелер  мен  кәсіпорындарда  телефон 



аппараттары (максималды жүктеу – 0,15 Эрл/АЛ), абонент құқығында стансаға 

қосылаты кіші АТС; 

 

жергілікті  және  қалааралық  байланыс  таксофондары,  сонымен  қатар 



сервистің ақылы қызметтерімен байланыс; 

 



кіріс байланысы бойынша сериялық іздеумен аудандық сөйлесу пункті; 

 

 

19 



 

 



телефон  алгоритмі  бойынша  байланыс  орнатылатын  деректерді 

табыстау құрылғылары; 

 

ISDN шеткі сандық құрылғысы; 



 

тікелей абоненттер желісі (абоненттік ұзартқыштар). 



Ауыл 

транспорттық 

желілерін 

жаңашаландыру 

принциптері. 

Транспорттық  желі  бүкіл  телекоммуникациялық  желінің  іргетасы  рөлін 

ойнайды.  Ол  көптеген  коммутациялық  желілерді  ресурстармен  (арналар  мен 

тракттар) қамтамасыз етеді.  

Ауыл  аймағында  транспорттық  желілерді  жаңашаландыру  қалаларға 

сипатты принцип бойынша жүзеге асырылады. 

Негізгі нұсқа – синхронды иерархия ұрпағына кіретін сандық жүйелермен 

тығыздалатын  сигналдарды  жіберудің  заманауи  ортасын  қолданумен 

айналымдарды  құру.  Айналмалы  құрылымға  негізделген  транспорттық 

желілердің үлгісі 1.3 суретте келтірілген. 

 

          



 

 

             1.3 Cурет – Ауылдың транспорттық сұлбасы 



 

Әрбір ауыл АТС мекемесінде (кроссында) желілік торабы (ЖТ) құратын 

құрылғылар  жиынтығы  орналасқан.  Ол  транспорттық  желінің  сенімді  және 

сапалы функциялануын қамтамасыз ететін негізгі элемент болып табылады.  

ОС,  УСП  пайдаланатын  ауыл  АТС-ларына  аймақішілік  желінің 

тапсырыстық  және  қалааралық  байланыс  желісі  (ТБЖ  мен  ҚБЖ)  бойынша 

АҚТС  мен,  сонымен  қатар  ауыл  әкімшілік  ауданының  ақпараттық-

анықтамалық,  тапсырыстық  және  шұғыл  қызметімен  әсерлесуге  талаптар 

қойылады.  Бұл  қосымша  интерфейстер  мен  сигнализация  хаттамалардың 

болуын  талап  етуі  мүмкін  (желілік  –  сандық  немесе  физикалық  төрт  өткізуші 

ТБЖ,  ҚБЖ  бойынша,  үш  өткізуші  физикалық  БЖ  бойынша,  регистрлік 

«импульстік пакет» көпжиілікті кодты тәсіл бойынша). 

АТЖ-де  жартылай  автоматты  байланыс  қажеттілігі  әлі  күнге  дейін 

сақталуына  байланысты,  ОС  аудан  орталығының  ҚТС  мен  әсерлесудің 



 

 

20 



 

мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі  аудан  орталықтарында  бар  МТС  ОС 

құрамына  кіретін  немесе  ИКМ  тракты  бойынша  ОС-ға  қосылатын  және  жеке 

қойылатын 

телефоншылардың 

жұмыс 


орындарының 

электронды 

құрылғыларын жаңашаландыру орынды болып табылады.  

 

1.4.2 Ауыл телефон желісінің цифрландырылуы 



Ауыл  телефон  желісі  (АТЖ)  ауыл  әкімішілік  аймағының  ауданында 

пайдаланудағы  телефондық  құрылыстар  кешенін  бірлестіреді.  Бұл  кешенге 

аудан  орталығы,  ауыл,  қала  типті  және  ауданның  басқада  ауылдарының 

стансалық, желілік және абоненттік құрылғылары кіреді. 

Жоғарыда  қарастырылған  АТЖ  құру  принципі  ауыл  желілерінің 

цифрландырылуында да сақталады, ол негізінен біріншілік сандық желіні құру 

мен  пайдаланудағы  жоғары  шығындар  және  ауыл  аймағының  әртүрлі  елді 

мекендерінде орнатылған стансалардың өзара тартылуымен байланысты.  

Отандық ауыл біріншілік желілерінің бүгінгі жағдайы сипатталады: 

 



желілер мен арналардың қымбатшылығы мен жеткіліксіздігі; 

 



стандартты  емес  жылдамдықты  ескірген  сандық  тарату  желілерін 

(СТЖ) және аналогты тарату желілерін (АТЖ) жаппай пайдалану; 

 

«аналог – сан – аналог» бірнеше ауысымдарының мүмкіндігі. 



Ауыл  байланысын  цифрландыру  таратрудың  сымды  және  сымсыз 

жүйелерін 

пайдаланумен 

біріншілік 

желінің 

жаңашаландыруына 

коммутициялық  құралдарды  ауыстырудан  бөлек,  2048  Кбит/с  тарату 

жылдамдығымен  стандартты  АКМ  тракттарын  ұйымдастыру  мүмкіндіктерін 

қамтамасыз етуді талап етеді.  

Болашақты ауыл желісі болжайды: 

 

қазіргі  кездегі  қызмет  көрсетілмеген  абоненттік  шығарымдармен 



үйлесімді сыйымдылыққа қарағанда көбірек сандық АТС пайдалану

 



сымды  және  сымсыз  (радио)  жетімділікті  кеңінен  қолданумен 

абоненттік жетімділ желісін кеңейту; 

 

мүмкіндігі  барынша  СС  және  абоненттік  жетімділік  құрылғыларын 



қосумен радио-түйіндіктен радио (бір деңгейлі) құрылымға өту. 

АТЖ  цифрландырылуы  бірнеше  ауыл  аймақтарында  бір  сандық  СС 

қолдануға және комбинирленген телефон желілерін (КТЖ) құру мүмкіндіктерін 

кеңейтуге мүмкіндік береді. 

«Астынан» цифрлау. АТЖ цифрландырылуының шынайы жобалары жиі 

«астынан» жүзеге асырылады, яғни бірінші кезекте СС-да ТС-ын ауыстыруды 

меңзейді,  өйткені  байланыс  операторының  бірқатар  себептеріне  байланысты 

ОС  немесе  УСП  ретінде  бар  стансаны  жібереді.  Бұл  себептер  келесіде  болуы 

мүмкін: 

 



ОС ірі елді мекенде орналасқан және оның техникалық қызмет көрсетуі 

мен  пайдалану  мәселелері  кіші  елді  мекендерде  орналасқан  стансаларға 

қарағанда жеңіл шешіледі


 

 

21 



 

 



желілердің  сенімділігіне  қойылатын  жоғары  талаптарға  байланысты 

операторлар әйгілі отандық немесе шетелдік кәсіпорындардың өнімін ОС/УСП 

ретінде көргілері келеді; 

 



ОС/УСП ауыстыру қомақты қаржы жұмсалымын талап етеді. 

«Төменнен»  нұсқасын  іске  асыру  үшін  цифрландырудың  бастапқы 

кезеңдерінде  бар  аналогты-сандық  телефон  желілерінің  жоғары  аталған 

интерфейстер  мен  станса  аралық  сигнализация  хаттамаларының  едәуір 

жиынтығының  сандық  СС  қуаттау  немесе  тым  болмаса,  сигнализация 

конверттерін қолдану талап етіледі. 

«Жоғарыдан» цифрландыру бірінші кезекте ауыл желісінің ОС ауыстыру, 

дұрысталған  сандық  желіні  және  АТЖ  аясында  ЖАД-7  желісін  құруды 

көздейді  және  егер  ескі  электр  механикалық  ОС  бар  сандық  ТС  барлық 

талаптарды  қанағаттандырса  (сыйымдылығы  бойынша  даму  перспективасы, 

сигнализация  хаттамалары  жиынтығын  есепке  ала  отырып)  және  оны  ОС 

ретінде  пайдалануға  рұқсат  ететін  сертификаты  болса  ғана  соны 

демонтаждаумен  жүзеге  асыруға  болады.  Уақытша  нұсқа  ретінде  екі  ОС 

біруақыттық  жұмысы  рұқсат  етіледі,  демонтажға  жататын  ескі  және  қайтадан 

енгізілген сандық. 

Алдағы  сандық  ОС  ТС  дәрежесіне  ауыстырған  жағдайда  бар  аналогты 

сандық  желінің,  интерфейстердің  едәуір  тізбегі  мен  станса  аралық 

сигнализация  хаттамаларының  қайта  енгізілген  сандық  ОС  қуаттаудық 

қажеттілігі  жоқ.  Бар  байланыспен  әрекеттесудің  барлық  функциялары  (станса 

аралық  сигнализация  интерфейстері  мен  хаттамаларының  үйлесуі)  алдыңғы 

ОС-ға  жатады  (енді  ТС).  Қайтадан  енгізілген  сандық  СС  сандық  тракттарды 

қолданумен  қайта  енгізілген  сандық  ОС-ға  біртіндеп  қосылу  мүмкін.  Мұнда 

кезектегі  қолдануға  ИКМ-30  комплекттері  босатылады.  Алайда,  мұндай 

нұсқада АТЖ бар бөлігінде БЖ санын жоғарылату талап етілуі мүмкін, өйткені 

ескі  ОС-ны  ТС-на  ауыстырғаннан  кейін  оның  ТС-на  қосылғандар  СС  ретінде 

қолданылуы және ТС ретінде қайтадан енгізілетін ОС-ға қосылуы қажет.  

Ауыл аймағында АТС орнатқанда сенімділікті төмендетусіз шешімдерде 

пайдаланылатын  озық  технологиялар  мен  арзашылықтарды  үйлестіру  мүмкін 

емес.  АТЖ-де  байланыс  сенімділігін  арттыру  мәселесі  біріншілік  желінің 

айнаылмды  құрылымын  пайдаланумен  және  абоненттік  радиожетімділікті 

қолданумен шешілуі қажет.  

АТЖ құрудың бір сатылы схемасы сенімділікті арттырады және байланыс 

орнату  уақытын  азайтады,  соған  сай,  перспективалы  болып  табылады.  Екі 

сатылы 


құрылу 

түйінқұрудың 

техника-экономикалық 

мақсаттылығы 

жағдайында сақталады. 

АТЖ-де  кеңінен  қолдану  абоненттік  шығаруларды  табуы  қажет.  Басқа 

жүйенің  абоненттік  шығарулары  ААТС-ға  (тірек  стансасы)  қарағанда,  кез 

келген  абоненттік  жетімділік  желісінің  құрылғысы  секілді,  жоғарыда  аталған 

стандартты  интерфейстер  мен  сигнализация  хаттамаларын  қолданумен 

қосылады.  Мұнда  абоненттік  шығарулар  сәйкестік  сертификатына  ие  болуы 

қажет. 


 

 

22 



 

«Жеке  меншік»  абоненттік  шығарулар  «фирмаішілік»  сигнализация 

хаттамаларын  қолданумен  тіректік  АТС-ға  қосылау  мүмкін,  мұндай  жағдайда 

бұл  құрылғы  АТС  ажырамасы  бөлігі  болып  табылады  және  тек  қана  бір 

стансамен  қолданылуы  мүмкін,  ал  сәйкестік  сертификаты  құрылғының  тұтас 

комлпектіне беріледі.  

Ішкі жүктемені (концентраттарды) тұйықтаусыз абоненттік шығаруларды 

қолдану  абоненттердің  алыстатылған  топтарына  қызмет  ететін  құрылғыны 

ықшамдауға  және  арзандатуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  шешімде 

функциялардың  басым  бөлігі  ААТС-ға  (тіректік  станса)  жатады,  нақтырақ 

айтқанда: 

 



бағасын есептеу; 

 



ОІШЖ; 

 



шақыруды бағдарлау бойынша функциялардың белгілі бір бөлігі; 

 



техникалық  қызмет  көрсету  және  пайдалану  функцияларының  едәуір 

саны (сондай-ақ, трафиті бақылау, бағдарландыруды басқару, желіні басқару). 

Барлық  байланыстар  тірек  стансасы  арқылы  орнатылатын  шешімдердің 

кемшіліктеріне  ішкі  жүктеменің  тұйықталуымен  абоненттік  шығару,  ААТС 

(тірек  стансасы)  БЖ  және  төмен  сенімділік  жағдайына  қарағанда  көбін 

жатқызуға болады: тракттың авариясы кезінде тіректік стансаға осы абоненттік 

шығарулар арасында байланыс орнату мүмкін емес. 

Абоненттік 

шығарулар 

ретінде 


мультиплекторларды 

пайдалану 

абоненттік  шығарымдарда  шақыруды  өңдеуде  (абоненттік  сигнализацияны 

түрлендіруден  басқа)  және  жүктемені  шоғырлаудың  қандай  да  бір 

функцияларының толық жоқтығын болжайды (1.4 сурет). 

 

 



 

1.4 Сурет – Орталықтандырылған құрылымымен концетратор 

 

Бір  алыстатылған  топтың  абоненттері  арасында  едәуір  тартылыс  орны 



бар  ауыл  желілерінде  мұндай  шешімдер  тек  қана  шектеулі  қолданысқа  ие 

болуы  мүмкін.  Ішкі  жүктеменің  тұйықталуынсыз  мультиплексорлар  мен 

концентраторларды  қолданумен  қосуды  тек  ИКМ  бірнеше  тракттары  бар 

кезінде  орынды  болып  табылады.  Қазір  ТС  немесе  ОС/УСП  шеткі  ауыл 

стансаларына қосқанда олардың кіші сыйымдылығына байланысты 30 арнадан 

артығы талап етілмейді, сондықта не болашағы жоқ аз арналы тарату жүйелері 

пайдаланылады, не болмаса бірнеше СС ИКМ бір трактына қосылады. 


 

 

23 



 

Ішкі  жүктемесі  тұйықталған  коммутациялық  жүйелерді  қолдану  ішкі 

жүктемесінің 

(СС 


немесе 

абоненттік 

шығару) 

тұйықталуынсыз 

мультиплексорларды  және  концентраторларды  қолдануға  тән  шешімдердегі 

кемшіліктердің  алдын  алуға  мүмкіндік  береді,  нәтижесінде  АТЖ  бар 

құрылымына  жақсы  енеді.  Алайда  мұндай  шешім  қосылатын  коммутациялық 

құрылғыны  күрделілендіреді  және  соған  сай  бағасын  қымбаттатады,  өйткені 

баға  есебі  функциялары,  техникалық  қызмет  көрсету  және  пайдалануды,  ал 

үлкен  сыйымдылықта  ОІШЖ  функцияларында  жүзеге  толық  көлемде  жүзеге 

асыруды талап етеді. 

 

1.5 Сандық тығыздалудың көп арналы жүйесін пайдалану 



 

Telmax – жалғыз ширатылған жұп арқылы nn санында (nn 4, 8, 10 немесе 

12 абонент болуы мүмкін) абоненттерді жаплы қолданудың (POTS) қарапайым 

телефониясын жеткізу үшін SDSL (Symmetrical bit rate Digital Subscriber Line – 

таратудың  жоғары  жылдамдығымен  сандық  абоненттік  байланыс  желісі) 

технологиясы пайдаланылған сандық тығыздалудың көп арналы жүйесі. Бұдан 

басқа,  Telmax  жүйесі  ISDN-ге  қосылу  да  мүмкін.  Абоненттердің  ІSDN  немесе 

POTS  қа  барлық  қосылулары  жалғыз  ширатылған  сым  арқылы  жүзеге 

асырылады (1.5 сурет). 

 

 



 

   1.5 Сурет – Telmax сандық тығыздалуының көп арналы жүйесі 

 

1.5  суретте  көрсетілген  қарапайым  кескінде  –  Telmax  жүйесі  орталық 



стансаға Telmax стансалық шкафына қойылатын стансалық платадан (EU) және 

алыстатынған  абоненттер  мен  ширатылған  сым  EU  мен  қосылған  мекемелер 

мен мекемелер маңында орнатылған дистанциялық блоктан (RU) тұрады. 

Дыбыс және сандық ақпаратпен бір уақыттық, еркін, дуплекстік байланыс 

орталық  станса  мен  абонент  арасындағы  nn  арнасы  бойынша  жеткізіледі,  әрі 

SDSL  коммутациялық  технологиясы  жалғыз  ширатылған  сым  арқылы 

цифрланған дыбыс пен ақпаратты тарату қызметін атқарады. Стансалық плата 

мен  дистанциялық  блок  арасындағы  сандық  байланыс  1.2  кестеде  келтірілген 



 

 

24 



 

мәнге тең немесе одан кіші эквивалентті басылумен кез келген контурда тарату 

жылдамдығымен  жүргізіледі:  тарату  жылдамдығы  мен  сигналдың  басылуы 

мүмкін болған конфигурацияларда. 

Жүйенің  екі  шетінде  де  қарапайым  сандық  телефон  арналарының  nn 

сигналдары ИКМ сандық биттік ағындарда түрленеді, 2В1Q желілік кодталған 

сигналға  комбинацияланады  және  түрлендіріледі,  одан  кейін  трансформатор 

арқылы ширатылған жұпқа әкелінеді. 

 

1.2 Кесте – Тарату жылдамдығы мен басылу 



Арна  саны 

Тарату жылдамдығы 

(кбит/сек) 

Эквиваленттi өшу (дБ)                  

150 кГц болғанда 

12 


        872 

28 


10+i 

        904 

28 

10 


        720 

30 


8+i 

        720 

30 



        584 



35 

4+i 


        456 

40 


        336 

48 

 

Диапазонның  қосымша  кеңдігі  контур,  қоңырау,  полярлық,  өлшеу  және 



бақылау  қызмет  көрсету  секілді  сигналдық  ақпаратты  таратуды  қамтамасыз 

етеді.  Тарату  мен  функциялану  сенімділігі  эхоны  сөндірумен  және  SDSL 

өңдегенді қателіктерді түзеумен жақсартылады. 

EU  және  RU  блоктарының  ISDN  интерфейстері  орталық  станса  мен 

желілік  жалғау  портының  дұрыс  жұмысын  қуаттау  үшін  қарсы  жатқан 

интерфестердің шарттарымен қосылады. Бұл тұрақты тоқ бойынша шартқа да, 

2В1Q сигналдық мәнге де қатысты. 

Стандартты ISDN 16 kps D – EU мен RU арасында арна айқын беріледі. 

Қосымша сигналдық арналар жүйенің екі ұшы арасындағы ақпаратты активтік 

қуатын  беретін  сигнализация  үшін  қолданылады.  RU  мен  желі  ұштары 

арасындағы контурдың кедергісі шамамен 500 Ом лимиттеледі. 

Telspec  Telmax  жүйесі  орталық  станса  мен  абоненттер  арасындағы 

желілерге  арналған.  Өздерін  жақсы  ұсынған  Telplus  жүйелері  және  ондағы 

пайдаланылған  HDSL  технолгиясымен  қатар  тарату  жүйелері  үшін,  Telspec 

Telmax  жүйесі  бар  мыс  кабельдік  жүйесін  едәуір  жоғары  тығыздауда  келесі 

табиғи басқыш болып табылады. Бұл жүйелер мыс кабелі бойынша телефония 

мен  сандық  қызметтерді  жақсартылған  жеткізуде  Telspec  ұсынатын  құралдар 

ұрпағының бөлігі болып табылады. 

 

1.6 Телефон желісі арқылы интернетке қосылу 



 

ADSL  модем  –  соңғы  кезде  екпіндеп  атақ  жинап  жатқан  құрылғы.  Бұл 

неден  келіп  шығатынын  талқылап  көрейік,  әрі  мұны  қарапайым  үй  бикелері 

түсінікті болу үшін қарапайым деңгейде жасайық. 



 

 

25 



 

ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) аббревиатурасының мағынасы 

«Асимметриялы  сандық  абоненттік  желі»  деп  ашылады  –  атауының  өзі 

технологияға  бастапқыда  салынған  абонентке  және  кері  бағытталған  алмасу 

жылдамдықтарының  айырмашылықты  көрсетеді.  АТС-ға  орналасқан  ADSL 

құрылғысы  және  абоненттік  ADSL-модемі  телефон  желісінің  екі  ұшына 

қосылып, 3 арнаны құрайды: 

 



желіден  компьютерге  деректерді  табыстаудың  жоғары  жылдамдықты 

арнасы (жылдамдық – 32 Кбит/с тан 8 Мб/с-қа дейін); 

 

компьютерден  желіге  деректерді  табыстаудың  жылдам  арнасы 



(жылдамдық – 32 Кбит/с тан 1 Мб/с-қа дейін); 

 



телефондық  сөйлесулер  жүретін  телефон  байланысының  қарапайым 

арнасы. 


Бұл  қарапайым  желі  телефон  желісі  бойынша  қандай  да  бір  алдын  ала 

дайындықсыз Интернетке жетімділіктің максимальді жылдамдығы. 

Қарапайым  модем  телефон  сияқты  сол  телефон  арнаны  пайдаланады. 

Интернетке  қосылғанда  провайдер  қайда  орналасса  да,  сіздің  модеміңіз  бен 

модем  провайдері  арасында  тікелей  байланыс  орнатылады.  Осы  жолдың  қай 

бөлігін  телефондық  сигнал  сандық  формада  өтуіне  байланысты,  максимальді 

жылдамдық 2,3 немесе 8,2 Мбит/с қа жетуі мүмкін. 

ADSL  негізгі  артықшылығы  –  бұл  әмбебаптылық.  Әмбебаптылық 

себептері  қарапайым:  телефон  модемдері  дыбысты  жіберу  үшін  дәстүрлі 

телефонияда  пайдаланылатын  сол  жиілік  диапазоын  пайдаланады  –  4  кГц-тен 

жоғары  емес.  Сондықтан  телефон  модемдерінің  сигналдары  дыбыс 

коммутицияланған  телефон  арнасы  бойынша  берілетін  сол  ереже  және  сол 

аралық  бойынша  жіберіледі.  Бұл  ерешелік  сандық  модемдердің  Интернет 

тартуында  таралуын  қамтамасыз  етті  –  сонда,  провайдермен  немесе 

корпоративтік  желімен  байланысу  үшін  қалааралық,  ал  кейде  халықаралық 

пайдалануға тура келді. 

Интернетке  коммутацияланған  жетімділік  провайдерлерін  кез  келген 

қалада  табуға  болады,  ал  деректерді  шифрлеу  құралдары  корпоративті 

желілерге  қорғалған  жетімділікті  жүзеге  асыруға  және  ашық  желі  –  интернет 

арқылы банк есебін басқаруға мүмкіндік береді. 

Желінің  жағдайына  және  қандай  АТС-ға  байланысты  –  сандық,  сандық 

үшін максимальді жылдамдық 8,2/2,3 Мбит/с пен шектеледі. 

Көптеген  адамдар  үшін  коммутацияланған  жетімділік  –  қазірге  дейін 

жалғыз мүмкіндік және сонда – интернетке жетімділіктің ең арзан тәсілі. 

 

1.7 ААТС сигнализациясының интерфейстері мен хаттамалары 



 

ААТС АТЖ-де барлық бар телефон стансаларымен, сонымен қатар ауыл 

аймағында  ұйымдастырылған  МӨАТС  құқықтарыда  АТЖ-ге  қосылатын 

ведомстволық  және  коммерциялық  желілермен өзара  әрекеттесуді  қамтамасыз 

етуі  қажет.  Осыған  байланысты  ААТС-ға  ЖҚТф  сигнализация  интерфейстері 

мен хаттамаларынның едәуір жиынтығы талап етіледі (1.3 кесте). 



 

 

26 



 

1.3 Кесте – ААТС станса аралық интерфейсі 

Атауы 

Интерфейс типі 



Ескерту 

Сандық 


итерфейстермен                    

БЖ: – А  

 

2048 Кбит/с. 



1024 Кбит/с. 

 

Міндетті түрі. 



Міндетті емес түрі. 

Сандық 


итерфейстермен                    

БЖ: – С2, С1 

         

  

– С22 



 

 

4 –, 6 –,8 – сымды 



физикалық тарау 

жүйесімен 

3 – сымды БЖ 

 

 



Міндетті емес түрі. 

 

 



Міндетті  емес  түрі.  (аналогты 

АТС үшін қарым-қатынас). 

 

Абоненттік  жетімділік  сигнализациясы.  DSS-1  абоненттік  жетімділіктің 



сигнализация  жүйесі  тіректік  АТС-ға  МӨАТС  құқықтарына  АТЖ-ге  ISDN 

функцияларымен  МӨАТС  немесе  абоненттік  жетімділік  желісі  құрылғысын 

қосуда үлкен болашаққа ие, бірақ, мысалы СС сыйымдылығы кіші МАТС кіші 

болса да СС немесе ТС қосу үшін қабылданбайды: 

 

кіріс  байланысында  жоғарыда  сипатталған  талаптарға  сай  жергілікті 



үстінде  орнатылған  телефоншының  қалааралық  байланыс  басымдылығын 

қамтамасыз ету мүмкін емес; 

 

абоненттен  шығатын  setup  хабарламасын  орнатқанда  шақырушы 



абонент  нөмірін  жіберу  мүмкін,  бірақ  автоматты  зоналық,  қалааралық  және 

халықаралық  желіге  абоненттің  шығысына  абоненттік  желінің  типін  (жеке, 

таксофон,  сөйлесу  пункті  және  т.б.)  мүмкіндік  бермейтін  категорияны  жіберу 

қарастырылмаған. 

Жаңашаландыруды  кезең  бойынша  жүзігу  ұсынылады,  яғни  ИКМ-15 

және  М-200  бен  желінің  төменгі  учаскесінің  схемасы  клиеттер  және  ЭБАТ 

қызметкерлері  үшін  жаңасына  ауыстырылуы  қажет.  Бұл  жаңашаландырудың 

бірінші кезеңінде ауылда ескі шеткі стансаны оның жергілікті және өндірістік 

функцияларын  сақтаумен  қалдыруды  және  жаңа  қызметтер  енгізуді  көздейді. 

Сұлбалар 1.6 суретте келтірілген. 

Бұл  үшін  кодтау  мен  сигнал  жіберудің  жаңа  технологияларын 

пайдалатын  қымбат  емес  (желілік  тракт  құрылғысымен  бірге  порт  $100-дан 

артық  емес)  және  заманауи,  пайдалануда  қарапайым  құрылғыны  пайдалану 

қажет, осы ұсыныстың негізгі мәні. 

 


 

 

27 



 

 

 



1.6 Сурет – Жаңартуға дейінгі сұлба 

 

1.8  Қызылорда  облысы  Жаңақорған  ауданы  ТАТ  телефон  желісін 



жобалау 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал