Қазіргі әлемдегі ұйымның сәттілігінің мәні - жетілдірудің жолдарын іздеуде және тиімді
өзін-өзі бағалау оның кілті болып табылатындығында. Мектептің өзін-өзі бағалауы "негізінен,
мектептегі білім сапасы туралы ақпаратты талдау және бағалау және ұсыныстар беру арқылы
шешім қабылдау үшін мектептің жұмысы туралы жүйелі ақпарат жинау мақсатында мектеп
бастамашылық еткен процесс" ретінде қарастырылуы керек. Бұл мектептің өзін-өзі бағалауды
жүргізудің негізгі мақсаттары екі бөлімнен тұратынын білдіреді: мектептің ұйым ретінде сапасын
арттыру және оқу мен оқытуды жетілдіру.
Өзін-өзі бағалау кезінде мектептер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымын бағалау
өлшемшарттарын (2-қосымша) басшылыққа алады.
Халықаралық тәжірибе:
ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасынан бастап Шотландия сыртқы және ішкі бағалау үшін
"Біздің мектептер қаншалықты жақсы?" деп аталатын мектепті бағалаудың қатаң
әдістемесін қолданады.
«Біздің мектептер қаншалықты жақсы?» шеңберіндегі мектеп өмірінің саласы «Оқу, оқыту
және бағалау» атауымен келесі тақырыптарға бөлінеді (Education Scotland, 2015):
-
оқыту және оқуға қызықтыру/қатыстыру;
-
оқыту сапасы;
-
бағалауды тиімді қолдану;
-
жоспарлау, қадағалау және бақылау.
«Біздің мектептер қаншалықты жақсы?» есептерінде мыналар атап өтілді:
"Алдыңғы қатарлы мектептер өзін-өзі бағалау үздіксіз процесс болуы керек екенін
түсінеді. Олар үнемі өз жұмыстарын рефлексиялайды және бағалайды және осы іс-әрекеттен
алынған нақты деректерді мектепті одан әрі жетілдіруді жоспарлау үшін пайдаланады.
Осылайша, мектеп және оның серіктестері одан әрі дамудың өзекті бағыттары болып
табылады. Бұл өзін-өзі жетілдірудің анықтамасы» (Education Scotland, 2015).
"Өзін-өзі жетілдіру" ұғымы, мысалы, сыртқы инспекциялық ведомстволардың рөлінен
гөрі, мектептің өз жұмысын жақсартудағы негізгі рөлін атап көрсетеді. Бұл өзін-өзі бағалаудың
мектепті жетілдіру шеңберінде атқаратын рөлінің маңызын аша түседі.
Достарыңызбен бөлісу: