Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

 
Позитивті іздеу қағидаттары. Бақылаушы бақылаудан оң нәтиже шығару үшін ең 
алдымен мұғалімнің жұмысының табысты болғанын атап айтса, онда бақыланатын адаммен 
жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы диалог нәтижелі болады. 
Мақсатқа қол жеткізуді бақылау қағидаттары. Бақылау формалары мен тақырыптарын 
циклдік түрде қайталай отырып, жұмыс процесін бақылаудың қажеті жоқ. Бақылау мектептің 
мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу туралы ақпарат алуға бағытталуы керек. 
Мектепішілік бақылау жүйесіндегі мұғалімнің субъективті позициясының қағидаты.
Білім беру ұйымдарының мұғалімдері мектепішілік бақылау процесіне неғұрлым белсенді 
қатысса, соғұрлым өзара бақылау мен өзін-өзі бақылау табысты болады, олар мұны неғұрлым 
айқын және маңызды сезінеді. 
Бақылаудың ашықтығы мен айқындығы қағидаты. Бақылаудың оң және теріс 
нәтижелері бүкіл ұжымға белгілі болуы керек. Бұл жағдайда топтың әр мүшесі өзін бағалай алады 
немесе жалпы критерийлерге қатысты өз қателіктерін көре алады. 
Жүйелілік қағидаты. Егер бақылау эпизодтық болса, онда оның пайдалылығы күрт 
төмендейді. 
Іс жүзінде басқару қызметінде мектепішілік бақылаудың келесі аспектілерін ескеру 
маңызды: 
Бақылау әрекеттерін ізгілендіру. Бақылаудың ізгілігі бақылау барысында мұғалімнің 
жеке тұлға ретіндегі даму динамикасы, кәсіби өсуінің бағаланатнын білдіреді. 
Тексерушінің құзыреттілігі. Мектеп директоры немесе оның орынбасары мектепте 
оқытылатын барлық пәндердің мазмұнын біле алмайды. Бұл жағдайда өзіңізбен бірге сабаққа 
немесе сыныптан тыс іс‐шараға әдістемелік бірлестіктің құзыретті мұғалімдері немесе тәлімгер 
мұғалім қатарынан кәсіби маман алған дұрыс болады. 
Бақылауды даралау. Әр мұғалімнен әлеуетті шығармашыл тұлғаны көру және оның 
өзіндік ерекшелігіне сәйкес бағалау технологиясын құру. Ол үшін әр мұғалімнің жеке 
ерекшеліктерін анықтап, оларды бақылау жүргізу түрлерімен байланыстыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет