Глоссарий
Аккредитация – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада
сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.
Аккредиттеу аттестаты – аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу
субъектілерінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін
куәландыратын құжат.
Валидтілік – инструментарийдің сипаттамасы, оның сапасының критерийі. Валидтілік
құралдың нені өлшейтінін және оны қаншалықты жақсы жасайтындығын көрсетеді; құрал
неғұрлым валидті болса, өзі өлшейтін сапаны, қасиеті соғұрлым жақсы көрсететін болады.
Мектепішілік бақылау – мектепішілік басқару жүйесі мен басқару объектісі ретіндегі
мектеп элементтерінің арасындағы кері байланыс функциясын орындауға арналған
басқарушылық қызмет түрі.
Мектепішілік бақылау – бұл жоспарланған іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қауіп
төндіретін немесе керісінше ол үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын мектептің функциясы мен
дамуының сыртқы және ішкі жағдайларының өзгеруі туралы ақпарат алу процесі, мектептің
жұмысын бағалау, сондай-ақ оны түзетудің қажеттілігі мен ұйымдастырылуын анықтау процесі.
Мектепішілік бақылау – бұл мектептегі мектеп қоғамдастығы болып табылатын
субъектілермен жүзеге асырылатын басқару, мектепішілік басқару жүйелерінің жалпы
функцияларының бірі. МІБ инспекциялаудан айырмашылығы білім беру мекемесінің
субъектілерімен жүзеге асырылады. Мектепішілік бақылауда әкімшілік бақылау, өзара бақылау,
мұғалімдердің ұжымдық бақылау, сондай-ақ өзін-өзі бақылау түрлері бар.
Іріктеу– зерттеу жүргізуге арналған объектілерді таңдау.
Индикатор (латынша
indicator – көрсеткіш) – өлшенетін және индикатор арқылы көрінетін
қандайда бір сапалық күйді сандық түрде көрсететін сипаттама.
Достарыңызбен бөлісу: