Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет26/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Сабақты талдау бойынша ұсыныстар
1. Барлық мұғалімдерге біртектес, бірдей ұсыныстар беруге болмайды. Бір мұғалімге берілген ұсыныс екінші мұғалімге ұнамай қалуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
2. Кез келген ұсыныс, ең алдымен, мұғалімнің жетістіктеріне, оның күшті жақтарына байланысты болуы керек.
3. Сабақты шығармашылық жоспарлауға көңіл бөлу керек, мұғалімнің әдіс-тәсілдерін, сабақтарды ойдағыдай өткізуге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдерді қолдануға ынталандыру қажет.
4. Мұғалімнің сабақ процесін басқарудағы құзыреттілік деңгейі қаншалықты жоғары, таңдалған әдіс-тәсілдер қаншалықты тиімді, олар оқу мақсатына жетуге бағытталған? Сабақта орындалған әрекеттердің қаншалықты мақсатқа сай болғанын, таңдалған тәсілдерді, топтық және жұптық тапсырмаларды өз бетінше орындағанын бағалау қажет.
5. Мұғалімге арнап айтылған түсініктемелер мен ұсыныстар нақты, түсінікті және жүйелі болуы керек.

Оқу процесінің сапасын бақылауды тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігіне келесі МІБ нормативтері ұсынылады:



Бақылау объектілері

Норма

1

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау

  • айына кемінде 10-15 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);

  • айына кемінде 8-10 сабақ (білім беру ұйымының директоры үшін);

  • қатысу мақсатына байланысты 15-тен 40 минутқа дейін созылуы мүмкін.

2

Қысқа мерзімді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

3

Сынып журналдарын тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

4

БЖБ және ТЖБ орындалуын тексеру

әр тоқсанның соңында

5

Педагогтің қашықтықтан оқыту технологиялары мен CБР-ді оқыту процесінде қолдануы

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

Қажет болған жағдайда оқушылардың білімдерін іріктеп бақылау кесіндісілерін жүргізуге рұқсат етіледі.
Дереккөз: «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021. – 378 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет