Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет10/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Дәрістер кешені

1 апта
1 дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Географияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде

  1. Географияны оқыту әдістемесі пәні. Зерттеу әдістері, ғылымдармен байланысы

  2. Географияны оқыту әдістемесі пәні ғылыми-зерттеу әдістері мен кезеңдері

Мақсаты: Географияны оқыту методикасыының басқа ғылымдармен: география, дидактика, психологиямен байланысы және зерттеу ареалына тоқталу.
Тірек сөздер: методика, дидактика. психология, география,
Географияны оқыту әдістемесі гылымы дегеніміз – мектепте өтілетін пәнді оқыту және тәрбиелеу процесі жайлы ғылым.
1. Әдістеме – оқу пәнінің мазмұнын, оқыту, тәбиелеу формасын, әдісін, оқу жұмысына қажетті құрал – жабдықтарды анықтайды, қарастырады. Яғни, географияны неліктен оқиды, қалай оқиды деген сұрақтарға жауап береді.
2. Әдістеме педагогикалық ғылым болғандықтан жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсатына, міндетіне сай құрылады. Географияны оқыту әдістемесінің негізгі пәні физикалық, экономикалық географияға жақын пәндер-геология, экономика, демография және т. б. ғылымдар қатары жатады. Географияны оқытудың мынандай заңдылықтары бар. Ол нақты обьектілерді, карта және картографиялық білімдерді қолданады. Сабақты өту барысында сарамандық жұмыстарды, көрнекілік әдістерін пайдаланады. Теориялық білімді дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған география кабинеті қажет. Себебі география пәні мектепте жастарға өндірістің ғылыми – техникалық және экономикалық негіздері жөнінде осы заманға сай терең білім береді. Теориялық біліммен практикалық білім дағдыларын өзара байланыстырып, оқушыларға физикалық,экономикалық, экологиялық тәрбие береді.
Оқыту процесі бірімен – бірі тығыз байланысты екі кезеңнен тұрады: 1. Сабақтағы мұғалімнің іс – әрекеті.2. Сабақтағы оқушының іс - әрекеті. Мұғалімнің іс-әрекеті. Мұғалімнің іс әрекеті жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіреді, білімді бекітеді, сабақты қорытындылайды, тәжірибені үйретеді, сарамандық жұмысты жасатады, үйге тапсырма береді, сабақ үстінде географиялық материалдарды сурет, таблица, схема, диаграмма, карта – схемаларды қолданады. Оқушылардың міндеті - сабақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды мұқият орындайды, мұғалімнің берген таблицаларын жасайды, кескін карталарды сызады. Мұғалім – сауатты, білімді, жатық тілде сөйлейтін, ұйымдастыра алатын шебер болу керек. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру кезінде көрнекілікті үнемі пайдаланып жүргізсе ғана сабақ өз нәтижесіне жетеді.
2. География-мектепте оқытылатын пәндердің ішінде жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды бір-бірімен байланыстыра отырып оқытатын жалғыз пән. Ол адам-табиғат-шаруашылық барлығын қамтиды еография ғылымына сай сонымен қатар басқа ғылым салалары: геология, астрономия, топырақтану, этнография, эконмика ғылымдарын қамтиды. География ғылымының ролі, қоғамдағы атқаратын орны жайлы:М.В Ломоносов, Н.Г Гоголь, К.Д Ушинский, ж2нә т.б өз пікірін айтқан болатын. Көптеген ғалым географтар география мәдениеті жайлы өз пікірлерін жазған болатын.Олар: Н.Н Баранский, Ю.Г Саушкин, В.С Преображенский. География мәдениеті және сол бағытта жан-жақты қарастырған ғалым, В.П Максаковский болатын.География мәдениеті ұғымын екі аспектіге бөліп, кең (жалпы) және қысқа ( арнайы) деп қарастырды.
В.П Максаковский сонымен қатар география мәдениеті ғылымында негізгі географиялық компонентттер: дүние жүзінің географиялық бейнесі (картина), географиялық ойлау, география методикасы, геогарфия тілі деген ұғымдарды қалыптастырды.
География мәдениеті ұғымы оқушыға келесі бағытта білім және тәрбие бер алады:

  • Қоршаған ортаны ғылыми бағытта қабылдау

  • География тілінің игеруге (түсінік, терминдер, атаулар)

  • Географиялық ойлау жүйесін дамытуға, себеп-салдар байланыстарын анықтай отырып түсіндіреді.

  • Кеңістік бағытында дамытады, яғни картамен жұмыстануға үйретеді.

  • Геоэкологиялық білім, экологиялық таным.

  • Географиялық білімді практикада қолдана білу, күнделікті өмірде де.

Географияны оқыту әдістемесі мынандай салалармен байланысты:,
1. Педагогикамен байланысты. 2. Химиямен байланысты.
3. Биологиямен байланысты. 4. Медицинамен байланысты. 5.Математикамен байланысты. 6. Тіл әдебиетімен байланысты. 7. Психологиямен байланысты.
8. Педагогикамен байланыстылығы - әр сабақта тақырыптың тәрбиелік жағына көңіл аударып, тәрбиенің түрлерін пайдалануға көмектеседі. 
Психологиямен байланыстылығы – ол оқушылардың жас ерекшелігіне қарай әр турлі түсіндіру, түрлі әдістер қолдану мінез – құлақтарын білуге көмектеседі т. б. байланыстарды келтіруге болады. Оқушыларға негізгі физикалық және экономикалық географиядан, картографиядан, геологиядан, басқа да географиялық ғылымдардан нақты білім беру. Оқушыларға экономикалық, экологиялық білім беру. Оқушыларды географиялық мәдениетпен қаруландыру, картаны қолданумен, анықтаманы пайдаланумен, өз бетімен оқумен таныстыру. 
Тәрбиелеу міндеті:
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие беру. Еңбекке тәрбиелеу. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
Оқушыларды географиялық білімдер арқылы проблемалық жағдайларға қызықтыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, ойлауға, есте сақтауға, бақылай білуге үйрету. Оқушыларды картамен жұмыс істеп, өздері қорытынды жасай білуге үйрету. Басқа ғылымдар саласы секілді географияны оқыту методикасы да практикамен тығыз байланыста болып дамиды.

  1. оқушының дүние танымдық қабілетін дамытуда, қалыптастыруда, эстетикалық тәрбие беру, еңбек етуге, жалпы және политехникалық білім беруде география ғылымының ықпалы ерекше.

  2. мектеп географиясының мазмұнын меңгеруде ғылыми талдаулар жасау

  3. мұғалімді ғылыммен және практикалық тұрғыда тұрғыда дәлелденген методтармен қаруландырып, оқушылардың жастық құрамына қарай және жаңа заманғы жүйелі педогогикалық процесмен қамтамсыз ету.

  4. оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау

  5. оқушының ой-жүйесін дамыту мақсатында рационалдық оқытудың жаңа түрлерін ойлап табу

  6. оқулықтарға қойылатын талаптар, георафияны кластан тыс оқыту үшін хрестоматиялар, және т.б кітаптар шығару

  7. мұғалімді, өлкетану және класстан тыс жұмыстардың методикасымен таныстыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет