3) Оқушылардың танымдық (дамытушылық) қабылетін арттыру. -география біліміне және мәселлеріне қызығушылығын ояту.
- оқушылардың есте сақтау қабілеті, ойлау, тез шешім қабылдау, бақылау қасиеттерін дамыту.
- картамен жұмыстанғанда географиялық проблемаларды жылдам, тез, тиімді шешуге, сонымен қатар кешенді ойлауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар мектеп географиясы:
- географияны оқу барысында кеңістіктік ойлау, яғни «жергілікті жер», «аудан», «территория», «өлке», «жер» деген ұғымдарға түсінік алады
- экологиялық мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары қалыптасады.
- георафия ғылымы экономикалық ғылымдардан білім береді.
Геогарфия ғлымы мектеп оқушыларын әртүрлі мағлұматтарды, ақпараттарды тиімді пайдалануға, картамен жұмыстануға, жергілікті жерге бақылау жүргізуге, өлкетану жұмыстарымен шұғылдануға тәрбиелейді
2. Бағдарламаның жалпы мазмұны. Орта мектепте географияны оқытудың өте маңызды мақсаты оқушыларды төмендегіше қалыптастыру және тәрбиелеу:
• Отанның ұлттық байлықтарын аялай қарауға, шаруашылықта жеткен жетістіктерге деген мақтаныш сезіміне, оның даму болашағына деген жауапкершілікке;
• Қазақстандық отансүйгіштікке, өзара көмектесуге деген құлшынысқа, Қазақстан мен дүние жүзі халықтар арасындағы достыққа;
• Халықаралық саяси-экономикалық өмірдегі деректер мен құбылыстарды дұрыс түсінуге және бағалай білуді;
• Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, әсіресе объектілер мен құбылыстарды кешенді түрде қарастыру кезінде, өз ойларын картамен байланыстыра білуге;
• Табиғатқа және табиғат пен қоғамның өз ара қатынасына диалектикалық – материалистік көзқарасты қалыптастыруға;
• Қазіргі заманғы дүние жүзілік экономиканың дамуының негізгі бағыттарымен таныс болуға, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының жетістіктерін қорғауға, Жер бетіндегі халықтармен интернационалдық ынтымақтастық сезімде, белсенді өмірлік көзқарасқа;
• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін керекті білім мен біліктілікке үйренуге, өндірістік қызметінде, өнеркәсіптік жэне қоғамдық өмірде атсалысудың маңызды жағдайы ретінде оқушыларды экономикалық география мен экономика саласында өзіндік білімін көтеруге дайындауға мақсат етеді.
География пәнінің оқу – тәрбиелік міндеттері.
География пәнін мектепте оқыту барысында келесі міндеттер шешіледі:
1. География ғылымы және онымен жапсарлас бірқатар Жер қоғам туралы ғылымдарды игеру, табиғат аясында жасай білу ережелеріне сай үйренген географиялық білімді кәсіптік қызметке қолдана білуді игеру.
2. Географиялық , саяси экономикалық ақпарат көздерімен, карталармен, тұрмыстық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін электронды-есептегіш техникамен жұмыс істей білу.
3. Өз аймағындағы табиғи және шаруашылық ахуалды бағалау. Оқушылардың оқу жұмысына қажетті икемін қалыптастыру, логикалық дамыту, жадын, тілін, аумақ образын жасай білу, қоршаған ортаны эстетикалық қабылдай білу, өмірге деген шығармашылық көзқарас пен тұрақты түрде дамуға және өздігінен білімін көтеруге тырысу қабілеттерін дамыту.
Географиялық білім міндеттерін шешу барысында қазіргі заманғы география толық ғылымдар жүйесі болып табылатындығы басты назарда болды. Ол екі негізгі тарамдарға - физикалық және экономикалық география салаларына бөлінеді. Бұл бөліну география ғылымы зерттейтін обьектілердің өз танымынан туындайды, бір жағынан табиғат құбылыстары, екінші жағынан қоғамдық құбылыстар.
Физикалық география жаратылыстану ғылымдары анықтайтын табиғи құбылыстарын географиялық тұрғыда зерттейді.
Экономикалық география қоғамдық ғылымдар анықтаған заңдылық-тарға негізделген қоғамдық құбылыстарды зерттейді.
География ғылымдарының қазіргі замандық деңгейі зерттеу аумақтарының, әсіресе, Қазақстан Республикасының географиялық ерекшеліктерін, теориялық зерттеулер мен ғылыми түсініктер жүйесін теріп алу және дидактикалық өңдеу міндеттерін қойып отыр. Қазіргі заман географиясының даму үрдісі мен оның табиғатты қайта қалыптастыру мен тиімді пайдаланудағы ролінің өсе түсуін еске ала отырып, географияның барлық курстарында табиғи ресурстарды зерттеуге адам қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне, табиғат қорғауға, минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға баса көңіл аудару керек. Бұл мәселелер оқу материалының бүкіл мазмұны арқылы өтетін болуы тиіс.
География - жалпыға міндетті білім мен фундаменталдық оқу пәндерінің ішіндегі Жер планетасы туралы толық түсінік беретін, бір мезгілде жаратылыстану жэне қоғамдық ғылым болып табылатын жалғыз пән. Ол географиялық білімдердің орта мектепте алатын Жалпы ғылыми білімдер арсеналындағы синтездеуші функциясын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, оқушылардың қоршаған әлем туралы білімдерінің толықтығы мен біртұтастығын талап ететін дәстүрлі жэне қазіргі замандық оқу әдістерінің және Жер туралы ғылымдар жүйесінің білім жинақтау құралдарының көмегімен біздің Планетамыз туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру «География» пәнінің оқу функциясының негізгі мазмұны болып табылады. Осыған сәйкес географиялық білім оқушылардың географиялық заңдар мен заңдылықтардың, үрдістердің, әлемнің түрлі аймақтары мен елдеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынас обьектілерін білуге және түсінуді үйретуге қызмет етеді.
Табиғатты, тұрғындар мен шаруашылықты зерттей отырып, география табиғат, адам, қоғам, жүйесін зерттеумен айналысатын үлкен интеграциялаушы әлеуетке ие. Адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынас – адамзат қоғамының өз өмірі мен әрекеті, ортаны қорғау мәселелерін шешудегі экологиялық құрамы болып табылады. Бұл кешенді көзқарастар оқушыларды оқытудағы пәнаралық ғылыми байланыстар үшін, тәрбиелеуде, дамытуда аса ірі мүмкіндіктерге жол ашады. Мектеп географиясының құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге байланысты «География» пәніне Жалпы білім беретін мектепті реформалаудағы негізгі талаптарды көрсететін айтарлықтай өзгерістер енгізілді.
География пәні Қазақстан Республикасы Жалпы орта білімнің Базистік оқу жоспарында көрсетілген оқу пәндерінің тізіміне сәйкес мынандай курстарға бөлінеді:
1.5-сыныпта «Жаратылыстану» Б.Ш Әбдіманапов, А.У Әбілғазиев «Атамұра» 2017 жыл
2. 6-сыныпта «Жаратылыстану» Б.Ш Әбдіманапов, С.Е Нұркенова, А.Ұ.Әбілғазиев, Г.У. Әуезова Алматы «Атамұра» 2018 жыл
3. 7 –сыныпта География, А. Егорова, С.Нүркенова, Е. Шимина Алматы «Атамұра» 2017 жыл
4. 8 –сыныпта География С. Әбілмәжінова, К.Каймулдинова 2018 жыл Алматы, «Мектеп»
5. 9 –сыныпта Қазақстан географиясы Ш.Т.Толыбекова, Г.Е. Головина, С.С.Козина, Е.А. Ахметов, 2019 жыл, Баспа Мектеп
6. Қалған оқулықтар 10- сынып География К.Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, А. Саипов Алматы «Мектеп» 2018 жыл
7. 11 сынып География оқулығы С.Қ. Төлепбекова, Г.Т.Жапанова, С.А. Былинская, Г.Н. Чистякова, З.Н. Шуленбаева, Баспа Алматы кітап 2019 жыл
10 сыныптан бастап география оқулығы қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт деп үш бағытта оқытылады. Ал 11 сыныпта география оқулығы қоғамдық-гуманитарлық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт деп екі бағытта оқытылады.
Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады