Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл


Географиялық картамен жұмысты ұйымдастыру



бет36/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

2. Географиялық картамен жұмысты ұйымдастыру. Географияны оқыту әдістемесінде картамен жұмыс оқушыларды картаны білу, түсіну, оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздейді.
Географиялық картаны түсінуге бағытталатын көптеген картографиялық түсініктерді оқып – үйрену барысында ішінара ізденіс немесе зерттеу әдістерін пайдаланған тиімді. Мысалы, жергілікті жердің сұлбасы туралы түсінікпен оның жер бетін жазықтықта кескіндеудің басқа түрлерінен айырмашылығын сарамандық жұмыс барысында ұсақ масштабты карталармен салыстыру ақылы қол жеткізуге болады. Оның бірізділігі төменде көрсетілген ретпен жүргізіледі:
1) Мұғалім оқушылардың алдына жергілікті жердің сұлбасы мен аэрофото түсірудің бір – бірінен айырмашылығын табу міндетін қояды.
2) Оқушыларға 1 қосынды төменде көрестілген жоспар бойынша зерттеу жүгізуді ұсынды: 1) салыстыратын бейнелердің қайсысы жер бетінің төбесінен түсіргенін табыңдар; 2) Қандай шартты белгілермен кескінделген?
3) Қайысысында жергілікті жердің тетіктері нақты бейнеленген?
4) Қандай бейнеден ауылдың атын білуге болады? Мұғалім жүргізген зерттеуден барлық сынып оқушылырымен бірге жергілікті жердің сұлбасының анықтамасын шығауға мүмкіндік беретін қорытынды шығарды.
Жоғарыда көрсетілген ретпен 7-8 сыныптарда картаны оқып – үйренуді ұйымдастыруға болады. Оқушылардың картографиялық түсініктерді меңгеру деңгейін белгілі бір нысанның басқа нысанға қатысты азимутын, тақырыптық және жалпы географиялық карталардың бір – бірінен айырмашылығын, қажетті нүктелердің географиялық координаттарын табуды, картаға түсіру әдістерін анықтауды көздей отырып тапсырмалар бере отырып анықтауға болады.
Картогафиялық түсініктерді қалыптастыру барысында тақта мен дәптерге, сызба – нұсқалар, графиктік кемтелер, диаграммалар тұрғызып, оқулықтағы карталарды, суреттерге талдау жасаудың маңызы зор.
Материктер мен мұхиттардың және Қазақстанның физикалық географиясы курыстарында картографиялық түсініктерді қалыптастыру үшін жаңғырту сипатындағы репродуктивті іс – әрекет өнімді іс – әрекетке ұласып, жеке диаграммалар мен кестелерге, әр түрлі тақырыптық карталарға талдау жасай отырып, жеке материктермен оның ірі аймақтарының табиғатына тән ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік туады.
VII-VIII сыныптардың география сабақтарында тақырыптық және жалпы географиялық карталарды бір – бірімен беттестіру арқылы орындалатын күрделі танымдық кестелерді толтыруға арналған тапсырмалар жүйесінде мұғалім ізденісті ұйымдастырып, оқушылар табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы бірізді себеп – салдарлы байланыстарды анықтап өз ой қорытындыларын шығарады. Әр түрлі тақырыптық карталарды бір – бірімен беттестіре отырып, жинақтау, ой- елегінен өткізу, дұрыс қорытынды шығару нәтижесінде, оқушы жиынтық күн радияциясы мен жылдық орташа температураның, күннің түсу бұрышының, булану мен жауын – шашынның, топырақ пен өсімдіктер жамылғысының арасындағы тәуелділікті табу арқылы, аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуы мен заңдылықтарын өз беттерімен анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет