Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет44/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі заманауи электронды дидактикалық оқыту құралдармен жұмыс істеудің қандай әдістері бар?
2. Қандай компьютерлік бағдарламалар бар?
3. Медиабіліммен жұмыс жасаудың қандай әдістері бар?
Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 208-220 беттер
8 апта
15 дәрістің тақырыбы: Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс жасау әдістері
1.Компьютерді география сабақтарында пайдалану.
Мақсаты: Компьютерді география сабақтарында пайдалану әдістерімен танысады
Тірек сөздер: интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтармен, білім беру веб-сайттарымен, оңтайлы дискілерімен, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу
1..Компьютерді география сабақтарында пайдалану. Ақпараттық ортаның жоғарыда аталған құрамдас бөліктерінен басқа географияны оқыту үрдісінде сабақтың барлық кезеңдерінде (үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалдарды түсіндіріп ұқтыру, қайталау және бекіту, тақырып бойынша оқушылардың білімін жиңақтау) қолданылатын компьютерлердің маңықы зор. Географияны оқыту барысында ұсынатын компьютер төменде көрсетілген дидактикалық қызмет атқарады:
- мұғалімді және мектеп географиясы оқулығының сәйкес келетін курстын ішінара немесе толық алмастыратын оқу ақпараттарының көзі;
- оқушылардың өз беттерімен танымдық әрекеттерін басқару;
- білімді терең меңгеруге, сәйкес келетін дидактикалық және географиялық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаттықтырушы;
- оқушыларда географиялық нысандар мен үрдістердің көрнекі бейнесін қалыптастыратын көрнекі құрал.
Жоғарыда аталған дидактикалық қызметін енгізілген географиялық орта элементтері туралы қажетті ақпараттарды пайдаланушыға компьютер арқылы ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Компьютерді пайдалана отырып оқу үрдісін ұйымдастыру үш нұсқада жүзеге асыруға болады.
Бірінші нұсқа. География сабағы әр оқушының орны бар арнайы жабдықталған компьютер сыныбында өткізіледі. Мұғалім бас компьютерге енгізілген оқу ақпаратының қажетті бөлігін оқушылардың компьютерлеріне жібере алады. Бірінен-бірі туындайтын сол ақпараттармен оқушылар жұмыс істейді. Мұндай нұсқа мұғалімге қажетті жаңа ақпараттарын енгізуге, әр оқушымен жеке жұмыс істеп сыныпты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Екінші нұсқа. Оқыту компьютер сыныбында жеке компьютерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл нұсқада оқушылар компьютерді қосып тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеп оларды алу үрдісін өздері жүргізеді. Уақытша «мұғалімді» ауыстыратын компьютер мен оқушылардың жүзеге асырылады. Бұл кезде мұғалім мұндай сұхбатты үйлестіруші міндетін атқарады.
Үшінші нұсқа. Оқыту басқа желілік ақпараттарға ену мүмкіндігі бар белгілі бір компьютер сыныбындағы бір-бірімен байланысқан жеке желіге қосылған жеке компьютерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл нұсқа аймақтық, аймақ аралық және бүкіл дүниежүзілік ақпараттар (internet) банкінде сақталған ақпараттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда мұғалім оқушыларды белгілі бір тақырып бойынша оқушыларды белгілі бір тақырып бойынша оқушыларды қажетті ақпараттарды таңдап алуға қолайлы жағдай тудыратын кеңесші, көмекші, үйлестіруші-бақылаушы ролін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет