Оқыту құралдарының негізгі міндеті – оқушылардың құралдармен, приборлармен жұмыс істей білу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, кабинеттік оқыту жүйесін ғылыми техникалық прогрестің талаптарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т.б)
Географияны оқытудың материалдық базасын – мектепте оқытудың материалдық жағдайының жиынтығы (мектеп ғимараты, мектептің оқу бөлімдері, шеберханалар, материалдық жабдықтандыру, т.б.) құрайды.
Географияны оқытудың материалдық базасының деңгейі қазіргі дидактикасының, әдістемесінің, оқылатын ғылымның, техниканың жағдайына байланысты болады. Қазіргі уақытта географияны оқытудың материалдық базасы – кабинеттерден, политехникалық білім мен еңбекке (оқыту) баулу базасы, мектептегі оқушылардың сыныптан тыс жұмысы, тамақтандыру блогы, педагогикалық үрдістер мен жекелеген мектептер – техникалық орталықтары.
Географиялық объектілер мен құбылыстарды бейнелеу тәсілі жағынан оқыту құралдарын былай жүйелейді:
География кабинетін жабдықтауда – география сабақтарында мұғалім мен оқушылардың қызметінің ерекшелігі ескерілуі керек, жалпы және арнаулы құралдармен толық жабдықтау керек; пайдаланылатын құралдар қарапайым болуы, эстетикалық талғамға сай болуы керек.
География кабинетінің орны гигиеналық талаптар мен нормаға сай болуы керек. Кабинеттің ауданы 66-70 шаршы м-ден аз болмауы керек, сынып тақтасы мен алдыңғы парталардың арақашықтығы сақталуы қажет. Қазіргі заманғы мектептерде география кабинеті жеке зертханалық бөлмесімен жабдықталады. Сонымен қатар, география кабинетіне түсетін жарық мөлшерінің өзі мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетіне де өзінің әсерін тигізеді.
Кабинеттің жабдықталуы оқушы мен мұғалім еңбегінің ерекшелігіне қарай сәйкес келуі керек. Кабинеттің жиһаздарының орналасуы да санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
География кабинетінде мұғалімнің жұмыс зонасын, оқушыларды жұмыс зонасын, көрнекілікті көрсету зонасын және оқыту құралдарының сақталу зонасын бөліп қарау керек. Әрбір зонаның өзіндік ерекшеліктері болады.
Жалпы география пәні мұғалімінде көрсететін көрнекіліктер көп. ( Олар макеттер, моделдер, және құрал жабдықтар) Оқытушы қолданатын стол демонстрация жасайтын стол деп аталды, Демонстрация жасайтын столдың биіктігі 900 мм, ені 1200х 750 мм болуы керек. Демонстрациялық столдың үстінде картаны түсіретін және көтеретін құрал, пердені түсіретін құрал, сонымен қатар әртүрлі пультты басқару аппараттары (интернативті тақтаны басқаратын) орналасуы керек. Демонстративті столдың маңында оқытушы тұрып жұмыс істеіуі керек.
Демонстрациялық столдан басқа міндетті түрде тағы бір стол болуы шарт. Онда журнал толтырады, кітап және т.б заттары орналасады. Бұл жерде отырып жұмыстануына болады. Бұл столдың биіктігі 750 мм, ені 750-760 мм болады.
Оқушы столының беті 1200Х500 мм-ден кем болмауы керек. Оқушы партасы мен орындығы оқушының пайдалануына ыңғайлы болуы керек.
Оқыту құралдарының әр түрін қолдануда қазіргі уақытта география кабинетінде теледидар, видеомагнитофон, диапроекторлар мен графопоекторлармен жабдықталған.
Қазіргі география кабинетінде мұғалімнің жұмыс орны автоматтандырылған, ол дәстүрлі, әдеттегі техникалық құралдарды алмастырады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың да өзіндік ерекшелігі бар. Интерактивті, мультимедиялық құралдардың да мұғалім мен оқушының мүмкіндігін арттырып, сабақ мазмұнының негізгі және күрделі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.
Кабинетті жабдықтағанда ондағы материалдар сабаққа үнемі пайдаланылатын болуы керек. Сонымен қатар география кабинетінде география сабағынына қажетті көрнекіліктер: кртографиялық көренкіліктер қабырға карталары, глобус, жер бедері карталары,гербарий коллекциялары, минералдар коллекциясы, өнеркәсіп және өндіріс орындарының өндірген өнімінен үлгілері, топырақ, графиктер, схемалар, кестелер, карталар әртүрлі таратып беруге жұмыстануға ыңғайлы материалдар, жергілікті жерде практикалық жұмыстар орындауға тиімді құралдар: компас, өлшегіш линейка, мензул және т.б. Осы аталған көрнекіліктердің барлығы жоғарыда атап өткендей арнайы шкаф, стеллаждарда және карталарды іліп қоятын арнайы орындар болуы қажет.
3.Географиялық алаң және оның маңызы Географиялық алаң - география кабинетінің бір саласы болып табылады. Онда көптеген бақылау, тексеру жұмыстарын жүргізуге болады.
Дүниежүзінің көптеген өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға жуық құралдары бар географиялық алаңдар бар. Алаңды жасау үшін алдымен метеорологиялық үйшік тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр орналастырады. Термометрдің төменгі ұшы жер бетінен 2 м биіктікте болуы керек. Метеоүйшіктің есігі міндетті түрде солтүстік жаққа ашылуы тиіс, себебі температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесі үйшіктің ішіне тікелей түсетін болса, термометр ауаның температурасын емес шыны түтіктің күн сәулесі қыздырған температурасын көрсетеді. Жауын-шашын мөлшерін өлшегіш географиялық алаңға жер бетіне жаңбыр, қар бұршақ түрінде түскен қарды жел үрлеп кетпеуі үшін жан-жағына қоршау орнатылады. Жаңбыр жауған соң шелектегі судың мөлшерін өлшейді. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сіңіп немесе буланып кетпесе, жауын – шашын мөлшерін өлшегіш құралдардың жоғарғы бөлігі жер бетінен 2 м. биіктікте болу керек.
Флюгер желдің бағытын өлшейді. Флюгердің бағдаршасы кіндікте еркін айналып, үшкір ұшы желге қарама – қарсы тұруы керек. Егер жел солтүстік-батыстан тұрса: солтүстік-батыс желі, егер оңтүстік – шығыстан тұрса: оңтүстік-шығыс желі деп аталады. Флюгер негізінен 10 м биіктікте орналастырылады. Флюгер орнатылған 10 метрлік бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрін ақ, 1 метрін қара бояумен кезек бояп, өлшеуіш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердің, ағаштардың тағы басқа заттардың биіктіктерін салыстырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен өлшеуін дамытады.
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшін, географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткішті орнату керек. Географиялық координатты көрсету үшін, алаңға төрт бағана орнатып, биіктігі 1,5 – 2 м бағаналардың ортасын сыммен қосып меридиан және параллель жасау қажет. Тиісті бағанаға ортасын сыммен қосып төрт бұрышты темірді бекітіп, соған мектептің географиялық бойлығы мен ендігін жазып қояды. Күннің горизонттан биіктігін анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады. Оқушыларға кез келген жердің ауданы мен өлшеуді үйрету үшін, алаңға ағаштан квадрат және куб пішінінде фигуралар және сонымен қатар, жер бедерінің көптеген жасанды пішіндерін жасауына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын орындық және үстел болғаны дұрыс.
Алаңдағы барлық заттар негізінен ақ түсті бояумен боялады, алаңның өлшемі шамамен 10х10 м болады, мүмкіндігі болғанша жан – жағында ешқандай кедергісі жоқ, тегіс, жазық жерге орналастыру керек. Дүниежүзілік стандарт бойынша географиялық алаңның көлемі 26х26 м.