2. Білім берудегі инновациялық үрдістердің мәні мен мағынасы Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің
бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және
тәрбиеге енгізудің нысанына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекеленген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжербиесі. Бұл процесс стихиялы дамымағандықтан ол басқаруды қажет етеді. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы - тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқынды мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама- қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан- жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға- адамның өзін- өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. [7]
Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты мәселе- бұл білім
алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділікерін
дамыту. Жаңа білім беру прадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рольге ие. ЮНЕСКО- ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: Фундаменталды ғылыми – жаратылыстану және
гуманитарлық білім беру әлемінің қазіргі заманғы ғылыми- жаралыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс. Инновация – жаңашылдық, жаңалық өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновациялық құрал және процесс ретінде әлде бір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процессте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына , мұғалім мен оқытушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.
Инновация ұғымы ағылшын тілінен innovation,аударғанда жаңалық
енгізу дегенді білдіреді 50- жылдарындың соңына қарай, Германия, АҚШ және басқада елдерде педагогикалық жаңалықтарды зеріттеуге байланысты орталықтар құрыла бастады сондай-ақ білім беруге, жаңалықтар енгізуге арналған ағымдағы басылымдар шыға бастады ( мысалы, Information et inavation en eolucation Eolucational innovation in the United States және т.б).
Инновация, негізінен қандайда бір дәстүрлі мәселелерді жаңа тәсілдер
арқылы шешу нәтижелерінде, деректерді терең әрі жан- жақты зерттеу
барысында жаңа сапаларға ие болуы нәтижелерінда туындайды.Қазіргі заманғы инновациялардың көпшілігі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан, өткеннен бастау алады.Яғни, инновациялық үрдіс- белгілі жағдай мен оның сәйкес көрсеткіштері үшін өзекті әрі бейімделген болып табылатын,заманға сай идеяларды тарату, қолдану, менгеру мен қалыптастыруға бағытталған, мотивацияланған, мақсатты әрі саналы үрдіс.Ол жаңалық енгізілген жүйенің сапасын жақсартуға бағытталған әрі ол жүйеге қатысушыларға стимул беріп, олардың көзқарасын жаңалыққа қарай өзгертуге бағытталған. Білім берудегі инновациялық процесстердің мәні педагогиканың маңызы екі проблема олар озық педагогикалық тәжербиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инновация пәні, инновациялық
процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір- біріне оқшау
қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процесстің тұтастығы
тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни процесстің нәтижесі теориямен
практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық
жаңалықтарды қолдануға болуы тиіс. Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңашылдықтарды теориялық әрі тәжірибелік жүмыста қолдануда көрінеді.Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация бідім беру, жаңалық енгізу мақсатын да білдіреді: жаңа мазмұн өңдеу, оқту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері менформаларын, мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру, оны дамыту, мектепте экспримент алаңы ретінде дамыту, мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен тәрбиелеудің де жаңалау кезіндегі
оқиғаларды,жағдайларды т.б. қамтиды. Осылардың даму негізінде екі топ факторлар бар:
- объективті факторлар, инновациялық іс- әрекеттердің дамытуына түрткі
болатун және оның нәтижелерін қолдануды қамтамасыз ететін жағдай жасау:
- субъективті факторлар инновациялық үрдістегі субъектпен, оның
инновациялық іс-әрекетке дайындық деңгейімен байланысты. Инновациялық
үрдістің субъектісіне ғылым- педагогтар, мұғалімдер мен басқа да білім
беру саласындағы қызметкерлерді жатқызуға болады. Мұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда
басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе алады. Өйткені мұғалім жаңа
педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдау
жасаушы, зерттеуші тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы
процессті мұғалімнің өз қызметінде әріптестердің тәжербиесі немесе
ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалы және қолдануына
қамтамасыз етеді, ал пеагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты
қазіргі заманғы білім беру, қоғамды және мәдени даму жағдайында
педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бір қатар
жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процесстерін ұйымдастырыудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметін инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің
көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің ензізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде, осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу – тәрбие процессінің мазмұнының қатаң тәртіпке бағыныдырып қойылған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан
да мектеп, білім беру орган басшылыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің негізгі инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасауы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының натқы қатынастарға
енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарынң құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда. Оқыту үрдістерінің жүйесі [8] Педагогикалық дидактика оқу үрдісін іс- әрекет деп түсіндіреді түрде былай жіктейді: Оқтудың мақсатын анықтап, оны талдау. , сондықтан оның теориялық жүйесін шартты Мақсатқа жетудің мазмұны мен құралын сұрыптап, атқарылуға тиісті істі
жоспарлау. Мұғалім мен оқушының атқаратын жұмыстарын тиімді
ұйымдастырып,білімдендіруге байланысты оқыту ісін жүзеге асыру.
Оқу жұмысының барысын бақылап, қате- кемшілік болса оңан өзгертулер
мен толықтыру жасап отыру. Оқу нәтижесін талдап, бағалау.
Бұл жүйені басшылыққа алғанда мұғалім алдымен шәкіртке атқарылатын іс-
әрекет жауапкершілікті талап ететіндігіне иландырып,оның тәжірибеде нақты орындалуына ерекше мән беру керектігін ұғындырады.Ал оқушы іс-әрекет атқару барысында қойылған мақсат,мазмұны, құралы мен әдісін игеріп, нәтижесін бақылап бағалауға саналы түрде үйренеді, соған машықтанды. Мектеп өміріндегі мұғалімнің ең басты әрекетін оқу үрдісін басқарып, шәкірті еңбектене білуге бағдарлау екені айқын. Алайда, көп жағдайда мұғалім оқушыға білікті таным-түсінікті ұғындырып, оны жан- жақты тәптіштей баяндап, бәрін өзі айтып беруге ұмытылады да шәкірт тек жайбарақат тыңдаушы ретінде қалып қояды да, оларды самарқаулық меңдейді. Ал ондай жолға жібермей оқушының белсенділігін көтеріп, жайбарақаттықтан айыру үшін қазіргі дидактиканың ұсынатын жолдары бар. Сол жолдарды тиімді пайдаланып, шәкіртті жайбарақат тыңдаушы етіп қалдырмай іс- әрекетке белсенді түрде араластырып, оқылуға тиісті мәселені талдап, талқылауға ынталандырып, оған бағдар беріп, мүмкіндік жасау мұғалімнің парызы деген ұстаным басшылыққа алынады. Мәселен тиісті оқу материалын мұғалімнің түсіндіріп айтып беруімен шектелуге емес, қайта оқушыны ойландырып, әрекеттендіріп, іздену барысында
туатын кедергілер мен тосқауларды жеңуі оларды еңбектене білуге
дағдыландырады. Қиындықты жеңу барысында қалыптасқан түсінік негізінде
білім тианақты да сенімді болумен қатар оқушының саналы түрде ойлана
білуінің арнасын кеңейтеді.Осы тұрғыдан келгенде мұалімнің ұйымдастыруш,
бағдарлаушы,жол нұсқаусылық қызметі оқушының іздене білуіне басшылық жасау табысты, білім нәтижелі болатындығы ғылыми жағынан да, практикалық
тәжірибеде де дәлелденгені ақиқат. Оқу үрдісі дидактикалық тұрғыдан қарағанда білімдік мазмұнды меңгерудегі тұлғаның психологиялық ішкі қарым- қатынасы. Сондықтан танымдық үрдіс оқушының тиісті мазмұнды қабылдау, ұғыну, ойлану, тұжырымдай білу, көңіліне бекітуі, жүзеге асырып қолдана алуы болуға тиіс. Жинақтай келгенде бұл әрекеттердің бәрі оқыту үрдісіндегі психологиялық іс- әрекет екендігін үнемі ескеріп сабақты жоспарлауда оның ішкі мән- мазмұнына зейін қоя білу табысқа жетудің тиімді де өміршең жолы болып табылады.
Оқытудың жүйесі мен оның түрлері. Дидактикада оқытудың теориялық
негіздеріне байланысты үрдісті зеріттеуші ғалымдар әр түрлі мәнде
түсіндіреді және оның құрылымдық жүйесі жөнінде де бірыңғай, біртекті ұғым
қалыптаспаған. Ал, оқытудың түрлерін белгілеу оқытудағы іс- әрекет пен оның
сипатына негізделеді. Мұндағы оқытудың мазмұны, әдістемесі, құралына
байланысты басты түрлері мынау:
а)түсіндірмелі иллюстративтік оқыту; ә)проблемалық оқыту; б) бағдарлап оқыту т.б.
Оқу орындары арқылы білім беру тарихында ұзақ уақыттан бері пайдаланып
келе жатқан және оқытудағы дәстүрлі жол – түсіндірмелі – иллюстративтік
оқыту. Мұның басты сипаты оқушыға жаңа білімді таныстырып, жаңа ұғымдар мен теориялар, заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді қабылдап,
жаттанды түрде меңгереді де, олардың өздігінен ойлауына көңіл бөлінбейді,
басқаша айтқанда тұлғаның дербестігі мен ішкі мүмкіншіліктері ашылмай тек
айтқанды орындау шеңберінде қалып қояды. [9]Инновацияның басты талаптары және оның түрлері. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылағы- тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктер арасында, инновацияның басты талаптары. Бұл қарама- қайшылық педагогикалық білім берудің абсолютті идеалына (жан- жақты дамыған тұлға ) бас тартып, жаңа идеалға- адамның өзін- өзі реттеуі мен өздігінен білімалуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етеді.Сонымен, инновациялық оқытудағы басты талаптары- бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.
Жаңа білім беру прарадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етеуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.[10] ЮНЕСКО-ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген. ...Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар ету, кәсибі қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми незгізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасына көмектесуіне тиіс. Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе, студенттің басты мақсаты – көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәнді көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық, және техникалықғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады. Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмелогиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология ( акме – грек сөзі шың,, төбе, бір нәрсенің ең биік басқышы - дегенді білдіреді.) – зерттеу объектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы. [11] Міндет - барлық оқушыларға өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұл, акме деңгейіне жетудің негізгі факторлары. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Инновациялық білім беру технологияларының да басты талабы осында. Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамының – жеке тұлғалық көзқарасты,білім алудың мақсаты негіздерін, мәндік және акмелогиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін,жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Жаңалықтар жекелеген сұрақтарды шешуде, сол сияқты білім беру
мекемелеріндей жұмыстарда қолданылуы мүмкін. Мекемелер дамуының
қалыптастырушы және инновациялық типтеріне бөледі. Ондағы басқарушылық
шешімдер әлеуметтік-педагогикалық өзгерістердің мүмкіндіктерін ескеру
негізінде қабылданады. Білім беру мекемелердің бірі құрастыру режимінде
жұмыс істесе, басқалары даму режимінде жұмыс жасайды. Соңғысы инновациялық білім беру мекемелеріне қатысты, себебі, олардың педагогикалық жүйелері қоғам мен тұлғаның барлық сұраныстарын қанағаттандыру жақын тұрады. Даму режимінде көптеген авторлық мектептер жұмыс істейді. [12]
Педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағыттылығына не түрткі
болады? Жауабы былай сипатталады: біріншіден, қоғамда және білім беру
жүйесінде болып жатқан әлеуметтік экономикалық қайта құрулар. Бұндағы
негізгі саясат білім беру мазмұнын гуманитаризациялауды күшейту, оқу
пәндерінің құрамын, көлемін үздіксіз өзгерту, жаңа оқу пәндерін енгізу,
оқытушылардың педагогикалық жаңалықтарды меңгеру фактілеріне деген
қатынастарының өзгеруі, оларда педагогикалық жаңалықтардың пайда болуы мен
құрылуына байланысты зерттеушілік, таңдамалылық сипаттың көрінуі,болып
табылады.