12. Бағалау критерилері
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады::
Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%)
түсіндірме:
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.
Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері
90-100
|
Жаңартылған білімнің теориясы мен технологиясыпәнінен семинарлық жұмыс барысында тапсырманы уақытында орындап, берілген тапсырмаларды жылдам түсініп, тез шешім қабылдай алады. Тақырып бойынша берілген әдебиетпен ғана емес, қосымша материалдармен жұмыстанғандықтан, айтатын ойы толыққанды. Табыс критериилері үш мақсаттан тұратын болса Мысалы: 1. Түсінікті, 2. Жүйелі, 3.Қажетті ақпаратпен толық қамтылған. Осы аталған мақсат түгел орындалған.
|
70-89
|
Семинар/Практикалық жұмыс барысында өзіндік ізденудің төмендігінен берілген тапсырмаларды, берілген сұрақтарға толыққанды жауап бере алмайды. Берілген тапсырманың 3/2 бөлігіне жауап бере алады. Яғни табыс критерилерінің 1. Түсінікті, 2. Жүйелі, 3. Қажетті ақпаратпен толық қамтылған, осы мақсаттардың біреуі орындалмаған
|
50-69
|
Студент берілген тапсырманың 3/1 бөлігін орындайды, айтылатын ойы толыққанды емес. Дұрыс түсініп үлгермеген болуы мүмкін. Кей тапсырмалар мен сұрақтарға дұрыс жауап береді. Яғни Яғни табыс критерилерінің 1. Түсінікті, 2. Жүйелі, 3. Қажетті ақпаратпен толық қамтылған, осы мақсаттардың екеуі орындалмаған
|
0-49
|
Сабақ барысында студент мүлдем сабаққа жауап бермейді. Жалпылама түсініксіз мәлімет берілген. Немесе 1. Түсінікті, 2. Жүйелі, 3. Қажетті ақпаратпен толық қамтылған осы табыс критерилерінің ешқайсысы орындалмаған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |