Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі


Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды дене шынықтыру сабағында оқытудың әдістемелік ерекшіліктері



бет9/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.2 Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды дене шынықтыру сабағында оқытудың әдістемелік ерекшіліктері

Барлық әлем үшін барша адамдарды біріктіретін,барлық халықтардың мәдениеттері мен өркениеттері арасында көпір тұрғызатын спорт бейбітшілік еншісі.Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спортты дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар қолда бар әлеуетті біріктіруге және дене тәрбиесі ұйымдары мен республикалық жергілікті өкімет органдары бұқаралық спортты дамытуға дене тәрбиесі және спорт құрылымдарымен қамтамасыз етуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорт ізбасарларын дайындауға мүмкіндік беруде. Әлемде балалардың және үлкен адамдар арасында аурулар көбейіп жатыр. Қазіргі таңда дене тәрбиесі арқылы мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру үлкен мәселе болып табылады. Осы бағытта 15-20 жылдар ішінде дене мәдениеті пайда болды. Бейімдеу дене мәдениетіне көңіл аударған мамандар С.Т.Евсеев, Л.В.Шапкова, Р.В.Чудная тағы басқа Қазақстан Республикасында бұл мәселе ғылыми әдістемелік жағынан әлі де көп қамтылған. Қазіргі таңда ғылыми әдістемелік әдебиеттердің ішінде келтірілген әдебиетті талдау барысында бейімдеу дене мәдениетінің ғылыми әдістемесін қамтамасыз етілуінің деңгейінде біз келесі ерекшіліктерді байқадық. Біріншіден Ресейдегі дене шынықтыру институттарында атап айтқанда П.Ф.Лесгафт атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік дене тәрбиесі академиясы, дене шынықтыру және спорттың Ресей академиясы, Украина Ұлттық академиясында ғалымдармен бейімдеу дене мәдениетінің ғылыми әдістемесін қамтамасыз етілуіне көп зерттеулер жүргізілді. Бейімдеу дене мәдениеті туралы Р.В.Чудная, С.Т.Евсеев, Л.В.Шапкованың т.с.с. авторлардың көптеген ғылыми мақалалары,монографиялары жарық көрді. Д.М.Дульновтың ойы бойынша оқу қызметінде еліктірілген балалардың нерв жүйесін қорғау керек. В.К.Кузьмина осы пікірге қосылып, осындай тәртіп шарттарының бірі барлық педагогикалық процестің дұрыс ұйымдастырылуы деген.Қорғаушы педагогикалық тәртіп мәселерін А.Н.Смирнова да толық айқындаған,ол баланың күн тәртібі іскерлік, тыныш әдеттегідей өту керек деген. Н.Г.Байкина естімейтін оқушылардың дене тәрбиесінің коррекциялық негіздерін ашып көрсетті. Қосымша мектептің коррекциялық-тәрбиелік жұмысының жүйесінде дене тәрбиесіне өзінің еңбегің Н.А.Козленко арнаған. Ойлау қабілеттері жетілмеген балалардың қозғалтқыш белсенділігін ұйымдастыру мәселелері бойынша А.А.Дмитриевтің еңбегің атап кетуге болады.Қосымша мектепте оқитын балалардың бұлшық ет жұмыс қабілетің ерекшеліктерің А.С.Самылычев, В.М.Олейник аңықтады. Қосымша мектептегі дене шынықтыру мен спорт туралы мәселелерді өзінің еңбегінде Ю.И.Висковатов, В.В.Шелковникова, И.Н.Чабан қарастырды. Ақыл ойы дамымаған балалардың дене дамуы және дене тәрбиесі туралы мәселелерді Л.В.Данилюк т.б. толық қарастырған. Қазақстанда қосымша мектепте оқитын балалардың дене тәрбиесі бағдарламасына А.А.Айдарбекова көп көңіл аударған. Қазіргі уақытта дене тәрбиесінің бейімделуіңде негізгі көңіл жүйке физикалық дамуына бағытталады, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жаһандық сұраныстарға сәйкес әлде қайда толық әлеуметтік мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру. Көптеген зерттеулер есту қабілеті төмен төменгі сынып оқушыларының физикалық,функционалдық және психикалық даму ерекшіліктері болатынын көрсетеді. Көптеген зерттеулерге қарамастан есту қабілеті төмен төменгі сынып оқушыларына қолданылатын қозғалмалы ойындарда олардың дене қалыптарына назар аударылмайды. Бұдан анализ жасар болсақ әдеби деректер есту қабілеті төмен төменгі сынып оқушылары үшін жаңа жаналықтарды қолдану қажет деп есептейді. Ал біздің пікіріміз бойынша жоғарыда атап өткен бағдарламалар ішінде қолдануға болатыны бұл компьютерлік технологиялық бағдарлама,әсіресе ақпараттық-әдістемелік жүйе. Сондықтан, біз біраз мамандардың назары,дене дамуы мен тәрбие мәселелерін зерттеген, сонымен қорғаушы педагогикалық тәртіпті маңызын, балалардың білімі мен тәрбие алатын арнайы мекемелерде осы күрделі мәселелерді өзекті екенін дәлелдейді. Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып зерттеудің мәселесі бір жағынан ауру балалардың көбеюі, басқа жағынан Қазақстан Республикасында бейімдеу дене мәдениетінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. «Бейімдеу дене мәдениеті»-деген ұғым оның ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету.Бейімдеу дене мәдениетін ұғым ретінде денсаулығында ауытқушылығы бар балалардың денсаулығын және бейімделуін қалпына келтіруге,сонымен қатар мүгедектердің өмірдің қазіргі талаптарына бейімделуіне бағытталған.Бәрімізге белгілі,мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қозғалыс белсенділігі қол жетпес мүмкіндік. Дені сау адамның бұлшық етімен салыстырсақ әрине көрсеткіші төмен және күш көрсеткіштері де бірдей емес. Көру қабілеті,есту қабілеті,сөйлеу,психикалық ұстанымдылығы, ойлау қабілетінің жетілмеуі көбіне төмен соматикалық статус, дене жетілунің төмендеуі, қайта бұзылуы және барлық бұлшық еттердің қайта жетілуі керек етеді. Кей біреулері бейімделу жаттығуларымен шұғылданса,бұлшық ет күшінің дамуы жоғары талапқа ие болады. ДЦП-мен ауыратын балалар үшін күш дамыту жаттығулары, сол балалардың ауру түріне, сатысына, қозғалу дәрежесіне байланысты іріктеліп беріледі. Дене шынықтыру тәжірбиесінде мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұлшық ет күшінің дамыту әдістемесі екі бағытта жүреді: а) барлық бұлшық ет топтарын толық дамытуға арналған жалпы күш дамыту дайындығы күш қабілеттерінің базалық деңгейі ретінде қарастырылады; б) күш қабілеттерді дамытуға,әрекеттің нақты түріне байланысты компенсаторлық механизмдерді қалыптастыруға арналған арнайы күш дайындығы.
Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім -барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз.
Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.
Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп. Орта білім беретін мектептерде педагогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек.
Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі заманғы қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, интеграция мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы ерекше қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн.
Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.
Оның негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған:
1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады.
2. Әр бала білім алуға құқылы.
3.Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар.
4.Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды.
Балаға бағдарланған балабақшалар мен мектептер әр баланың әлеуетін ашуға ұмтылады, бала бойына адамдардың айырмашылығына шыдамдылық таныту дарытылады, отбасымен өзара қарым-қатынасты нығайтады. Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады.Оның үстіне педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс. [35]
Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема - оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады.
Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді.мысалы, педагогтар (тәрбиешілер) , оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, мұғалімдер бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. [8]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет