Білім беру бағдарламасы (шифр атауы)



бет31/33
Дата10.03.2023
өлшемі232,84 Kb.
#73290
түріСеминар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû (øèôð àòàóû)

Есепті шығарыңыздар
1. Елдердегі бидайға сұраныс функциясы X/QD=100-20P;
Елдердегі бидайға ұсыныс функциясы QS=20+20P;
а) Х еліндегі импортқа сұраныс функциясының түрін анықтаңыздар, импорттың сұраныс сызығының суретін салыңыздар.
Сыртқы сауда жоқ болған жағдайдағы бидай бағасы қандай?
б) У еліндегі экспорттық ұсыныс функциясын анықтаңыздар. Экспорттық ұсыныс сызығының суретін салыңыздар. У еліндегі сыртқы сауда болмаған жағдайда бидай бағасы қандай?
в) Х және У елдері өзара сауда жасайды, көліктің шығындары 0-ге тең, сауда көлемі және бидайдың әлемдік бағасы қандай болады?
2. Сыртқы саудадан кім көп ұтатынын анықтаңыздар: экспорттаушы елддегі тұтынушылар, импорттаушы елдергі өндірушілер, импортпен бәсекеге түсетін салалар, жас өндіріс салалары, экспорттық бағыттағы салалар.


СДЖ арналған тапсырмалар

1. Әлемдік сауданың қазіргі түрлері:


A) әлемдік нарыққа қатысу;
B) халықаралық еңбек бөлінісінің терең нәтижесі;
C) тауарларды экспорттау;
D) халықаралық еңбек бөлінісінің терең нәтижесі және жекелеген елдердің белгілі бір тауар түрін өндіруге мамандануы;
E) жекелеген елдердің белгілі бір тауар түрін өндіруге мамандануы.
2. Протекционизм:
A) шетелдік конкуренциядан отандық кәсіпкерлерді қорғау;
B) ашық экономика саясаты;
C) демпингіден қорғау үшін қажет саясат;
D) тек жабық экономика саясаты;
E) әскери шектеу саясаты.
3. Ғаламдық экономика тенденцияларына кіреді:
A) ғаламдық нарықтық кеңістіктің өсуі;
B) халықаралық ынтымақтастық және өндірісті интерұлттандыру;
C) өндірісті интерұлттандыру;
D) халықаралық ынтымақтастық;
E) жиынтық әлемдік шаруашылық қатынастардың дамуы.
4. Жүйеге келтірілген кедендік салымдардың тізімі:
А) акциздер;
В) жиылымдар;
С) кедендік тариф;
Д) салықтар;
Е) төлемдер.
5. Әлемдік шаруашылық - бұл:

  1. әлемдік шаруашылықтағы ауыр өнеркәсіптердің бірлесуі;

  2. барлық мемлекеттердің бір-бірімен ара қатынаста болатын шаруашылық;

  1. бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді
    ұлттық мемлекеттердің жиынтығы;

  1. аймақтық шаруашылықтардың байланыстылығы;

E) әлемдік масштабта өндіріс негізінде бірлескен мемлекеттер.
6. Протекционистік саясаттың тарифтік реттеу түріне жатады:

  1. ерікті экспортты шектеу;

  2. сыртқы сауда жүйесін лицензиялауды енгізу;

  3. экспортты субсидиялау;

  4. сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру;

E) кеден баждарын белгілеу.
7. Халықаралық экономикалық қатынастардың керекті формасына
төмендегілердің қайсысы жатпайды?

  1. валюта-несиелік қатынастар;

  2. капитал қозғалысы;

  3. халықаралық сауда;

  4. әлеуметтік қатынастар;

E) жұмыс күшінің миграциясы.
8. Сыртқы сауда саясаты нені білдіреді?

  1. әлемдегі барлық елдердің арасындағы жүретін тауар айналымы;

  2. аталғандардың барлығы;

  3. әлемдегі барлық елдердің арасындағы жүретін қызмет алмасу;

  4. отандық экономиканы қорғауға бағытталған саясат;

E) мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына арнайы бағытталған іс-әрекеті.
9. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді шектеудің тарифтік емес
кедергілеріне нелер жатады?

  1. максималды, минималды, жеңілдетілген салымдар (тарифтер);

  2. кедендік салымдар, экспортқа тікелей қаржылай көмек беру;

  1. қаржылай көмек;

  1. жеке тауарлар экспорты мен импортына қойылған көлемдік шектеулер
    (квоталар), сыртқы экономикалық істердің белгілі бір түрлеріне
    мемлекеттің монополиясы;

E) демпинг, экспорттық несиені мемлекет тарапынан сақтандыру.
10. Халықаралық еңбек бөлінісі неге байланысты дамиды?
А) елдің салыстырмалы артықшылығына;
В) капиталдың ауып-жылжуына;
С) жұмыс күшінің көшіп-қонуына;
Д) елдің абсолютті артықшылығына;
Е) өндірушілердің оқшаулануына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет