Білім беру бағдарламасы (шифр атауы)


СӨЖ арналған бақылау жұмысы



бет16/33
Дата10.03.2023
өлшемі232,84 Kb.
#73290
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû (øèôð àòàóû)

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

  1. Амортизация және амортизациялық қор.

  2. Өндіріс уақыты және айналыс уақыты. Кәсіпорынның айналмалы құралдары.



8- ТАҚЫРЫП. ӨНДІРІС,ФИРМАНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТАБЫСЫ

Талқылайтын сұрақтар


  1. Экономикалық шығындардың мәні және оның түрлері.

  2. Фирманың жалпы, орташа, шекті табыстарын есептеу тәсілдері.

  3. Өндіріс көлемінің өсуі кезіндегі тұрақты және өзгермелі шығындар. динамикасының ерекшелігі.

  4. Өндірістің трансакциондық шығындары, олардың арналуы.



Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)- жалпы тұрақты және жалпы өзгермелі шығындардың сомасына тең болатын шығындар;

А. Шекті табыс.

б) – қосымша өнім өндіру бірлігне байланысты шығындар;

Б. Орташа тұрақты шығындар.

в) – өнімнің бір бірлігіне келетін ақшалай түсім сомасы;

В.Өндірушінің артықшылығы.

г)- өнім көлемі 0-ге тең болғандағы шығындар;

Г.Экономикалық пайда.

д) – бухгалтерлік және айқын емес шығындар сомасына тең шығындар;

Д.Өзгермелі шығындар.

е) – өндірілген және сатылған өнімнің ақшалай эквиваленті;

Е. Жалпы шығындар

ж) – өндірушінің берілген көлемдегі өнімді шығаруға дайын болғандағы, нарықтағы баға мен минималды баға арасындағы айырмашылық;

Ж.Бухгалтерлік шығын.

з) – өнім көлемін шығаруға байланысты өзгеретін шығын

З. Шекті шығын.

и) – сатып алынған ресурстарға төлемдер түрінде берілген, тек қана айқын шығындарды қамтитын шығындар;

И.Бухгалтерлік пайда.

к) – жалпы тұрақты шығындардың өндіру көлеміне қатынасы;

К. Жалпы табыс.

л) – жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық;

Л.Тұрақты шығындар.

м) – өндіру көлемінің және сатылудың қосымша бір бірлікке өзгеру нәтижесінен жалпы табыстың өзгеруі;

М.Экономикалық шығындар.

н) –жалпы түсім мен айқын шығындар арасындағы айырмашылық;



Н. Орташа табыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет