Тапсырмалар мен жаттығулар: 1. Берілген Qd = 20 - 2Р, Qs = 14 + 4Р онда Р - баға, Qd –сұраныс көлемі, Qs-ұсыныс көлемі.Табу керек тауардың тепе-тең өндіріс көлемімен, бағасы қаншаға тең?
2.Тұрғындар табысының артуынан видеомагнитофон және нанның сұраныс қисығы қалай өзгереді?
3. 6.1- кестесіне сүйене отырып сұраныстың нарықтық көлемін тап және А, В,С тұтынушыларына жеке сұраныс қисығын, нарықтық сұраныс қисығын сал.
Баға (Р)
Тұтынушылардың сұраныс көлемі
Нарықтық сұраныс көлемі
А
В
С
10
-
-
1
7
1
1
3
4
2
3
5
1
3
7
9
4.6.2-кестесіне сүйене отырып ұсыныстың нарықтық көлемін тап және А, В,С тауарына жеке ұсыныс қисығын, нарықтық ұсыныс қисығын сал.
5. Сұраныс қисығы келесідей берілген:Qd = 180- 4 Р, онда Р – баға.
Ұсыныс қисығы келесі түрде: Qs = 100 + 4Р.
Табу керек: а) тепе-тең өндіріс көлемі және тепе-тең баға қаншаға тең?
б) егер мемлекет тауардың бір бірлігіне 3 у.е салық енгізсе, онда тепе-тең бағасы және сұраныс көлемі қандай болады?
6.Сұраныс қисығының ығысуы неден болғандығын түсіндіріңіз?
Q
7. Тауарға деген бағаның 16 дан 20 өсуі, тауарға деген сұраныс көлемін 100 ден 80 азайтты. Табу керек сұраныстың доғалық икемділік коэффициентін.
СДЖ арналған тапсырмалар
1. Қай фактор сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжыта алады?
А) салық пен дотация;
В) шекті қайтарымдылықтың төмендеу заңы;
С) тұтынушының ұнатуы;
Д) шекті пайдалылықтың төмендеу зағы;
Е) ресурстар бағасы.
2. Х тауардың У тауармен ауыстырудың шекті нормасы 3-ке тең. Бұны төменгінің қайсысы көрсетеді?
А) Х тауарын тұтыну У тауарын тұтынудан гөрі қалаулы;
В) У тауардың қосымша 1 бірлігін алу үшін Х тауардың 3 бірлігін тұтынуы қымқаруы керек;
С) тауарлар тең бағалы;
Д) Х тауары У тауарынан гөрі 3 есе бағалы;
Е) тауарлар бірін-бірі ауыстыра алмайды.
3. Егер Х тауардың сұранысы икемсіз болса, онда бағаның 10% төмендеу нәтижесінде?
А) сұраныс көлемі 10 %-дан кем өседі;
В) сұраныс көлемі 10 % төмендейді;
С) сұраныс көлемі 10 % өседі;
Д) сұраныс көлемі 10 %-дан артық өседі;
Е) сұраныс көлемі 10 %-дан кем төмендейді.
4. Сұраным икемді, егер де:
А) Е<1.
В) Е>1.
С) Е=шексіздікке.
Д) Е=1.
Е) Е=0.
5. Сұраныс қисығының өзгерісіне қайсы фактор әсер етпейді?
А) тұтынушылардың саны;
В) тұтынушылардың табысы;
С) тұтынушылардың ұнатуы;
Д) тауардың бағасы;
Е) алмастыратын тауарлардың бағасы.
6. Ұсыныс қисығы төмендегі тұжырымдардың қайсысын көрсетеді?
А) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тура тәуелділікті;
В) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы оң байланысты;
С) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы кері тәуелділікті;
Д) нарықтағы сату көлемінің серпінің;
Е) нарықтағы бағалар өзгерісінің серпінін.
7. Сұраныс заңына сәйкес:
А) тауар бағасы құлдырағанда, жоспарланған сатып алу көлемі өседі;
В) сұраныс өскенде, баға өседі;
С) сұраныс қисығы оңға қарай құлдырайды;
Д) егер тұтынушылардың табысы өсетін болса, онда олар тауарларды көбірек алады;
Е) ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді.
8. Технологияның жетілдіру нәтижесінде жылжиды?
А) сұраныс қисығы оңға және төмен;
В) сұраныс қисығы жоғары және оңға;
С) ұсыныс қисығы солға және жоғары;
Д) ұсыныс қисығы оңға және төмен;
Е) сұраныс қисығы жоғары және солға.
9. Егер тұтынушының табысы өссе, сұраныс қалай өзгереді?
А) сұраныс қисығы оңға жылжиды;
В) сұраныс қисығы өзгермейді;
С) сұраныс қисығы солға жылжиды;
Д) екінші тауарға ұсыныс өзгермейді;
Е) сұраныс көлемі өседі.
10.Баға 3%-ға төмендегенде, сұраныс 3%-ға жоғарлады. Сұраныстың бағалық икемділігі туралы не айтуға болады?
А) абсолютті икемді сұраныс;
В) сұраныс икемсіз;
С) икемділік нольге тең;
Д) абсолютті икемсіз сұраныс;
Е) икемділігі бірге тең.