Есепті шығарыңыздар 1. Елдердегі бидайға сұраныс функциясы X/QD=100-20P;
Елдердегі бидайға ұсыныс функциясы QS=20+20P;
а) Х еліндегі импортқа сұраныс функциясының түрін анықтаңыздар, импорттың сұраныс сызығының суретін салыңыздар.
Сыртқы сауда жоқ болған жағдайдағы бидай бағасы қандай?
б) У еліндегі экспорттық ұсыныс функциясын анықтаңыздар. Экспорттық ұсыныс сызығының суретін салыңыздар. У еліндегі сыртқы сауда болмаған жағдайда бидай бағасы қандай?
в) Х және У елдері өзара сауда жасайды, көліктің шығындары 0-ге тең, сауда көлемі және бидайдың әлемдік бағасы қандай болады?
2. Сыртқы саудадан кім көп ұтатынын анықтаңыздар: экспорттаушы елддегі тұтынушылар, импорттаушы елдергі өндірушілер, импортпен бәсекеге түсетін салалар, жас өндіріс салалары, экспорттық бағыттағы салалар.
СДЖ арналған тапсырмалар
1. Әлемдік сауданың қазіргі түрлері:
A) әлемдік нарыққа қатысу;
B) халықаралық еңбек бөлінісінің терең нәтижесі;
C) тауарларды экспорттау;
D) халықаралық еңбек бөлінісінің терең нәтижесі және жекелеген елдердің белгілі бір тауар түрін өндіруге мамандануы;
E) жекелеген елдердің белгілі бір тауар түрін өндіруге мамандануы.
2. Протекционизм:
A) шетелдік конкуренциядан отандық кәсіпкерлерді қорғау;
B) ашық экономика саясаты;
C) демпингіден қорғау үшін қажет саясат;
D) тек жабық экономика саясаты;
E) әскери шектеу саясаты.
3. Ғаламдық экономика тенденцияларына кіреді:
A) ғаламдық нарықтық кеңістіктің өсуі;
B) халықаралық ынтымақтастық және өндірісті интерұлттандыру;
C) өндірісті интерұлттандыру;
D) халықаралық ынтымақтастық;
E) жиынтық әлемдік шаруашылық қатынастардың дамуы.
4. Жүйеге келтірілген кедендік салымдардың тізімі:
А) акциздер;
В) жиылымдар;
С) кедендік тариф;
Д) салықтар;
Е) төлемдер.
5. Әлемдік шаруашылық - бұл:
әлемдік шаруашылықтағы ауыр өнеркәсіптердің бірлесуі;
барлық мемлекеттердің бір-бірімен ара қатынаста болатын шаруашылық;
бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді
ұлттық мемлекеттердің жиынтығы;
аймақтық шаруашылықтардың байланыстылығы;
E) әлемдік масштабта өндіріс негізінде бірлескен мемлекеттер.
6. Протекционистік саясаттың тарифтік реттеу түріне жатады:
ерікті экспортты шектеу;
сыртқы сауда жүйесін лицензиялауды енгізу;
экспортты субсидиялау;
сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру;
E) кеден баждарын белгілеу.
7. Халықаралық экономикалық қатынастардың керекті формасына
төмендегілердің қайсысы жатпайды?
валюта-несиелік қатынастар;
капитал қозғалысы;
халықаралық сауда;
әлеуметтік қатынастар;
E) жұмыс күшінің миграциясы.
8. Сыртқы сауда саясаты нені білдіреді?
әлемдегі барлық елдердің арасындағы жүретін тауар айналымы;
аталғандардың барлығы;
әлемдегі барлық елдердің арасындағы жүретін қызмет алмасу;
отандық экономиканы қорғауға бағытталған саясат;
E) мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына арнайы бағытталған іс-әрекеті.
9. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді шектеудің тарифтік емес
кедергілеріне нелер жатады?
максималды, минималды, жеңілдетілген салымдар (тарифтер);
кедендік салымдар, экспортқа тікелей қаржылай көмек беру;
қаржылай көмек;
жеке тауарлар экспорты мен импортына қойылған көлемдік шектеулер
(квоталар), сыртқы экономикалық істердің белгілі бір түрлеріне
мемлекеттің монополиясы;
E) демпинг, экспорттық несиені мемлекет тарапынан сақтандыру.
10. Халықаралық еңбек бөлінісі неге байланысты дамиды?
А) елдің салыстырмалы артықшылығына;
В) капиталдың ауып-жылжуына;
С) жұмыс күшінің көшіп-қонуына;
Д) елдің абсолютті артықшылығына;
Е) өндірушілердің оқшаулануына.