Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.
№14 СӚЖ. Қазақ әліпбиінің (алфавит) құрамы
Тапсырма:
1. Қазақ әліпбиінің (алфавит) құрамына сипаттама беріңіз. Араб жазуына негізделген қазақ
жазуының жетістігі мен кемшілігі неде? Мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетіңіз.
2. Сөйлемдерді фонетикалық транскрипция бойынша жазыңыз.
Қазақ елі бұл кезде кӛкпарға тартуға дайындалған серке тәрізді еді. Жан-жағынан анталаған қай
жауының тақымында кетеді? Әлде ӛзара қырылысқан хан, сұлтандар қанын сорғалатып, біреуі аяғын,
біреуі-қолын, біреуі-басын қанжығасына байлап әкете ме, кім білсін? Жайшылықта бір қарағаннан
кӛңілін кӛтеріп жіберетін Алмалықтың жасыл тӛккен бау-бақшасы да, Алатаудың бұлт қонған қаһарлы
биіктері де, кӛшеде қыз күлкісіндей үнемі сыңғырлап ағып жатқан арықтардың күміс сылдыры да,
бүгін жүдеу жанын жұбата алмаған.
3. «Орфография ережелері және жазу тарихы» деген тақырыпта конспект жазыңыз, қазақ халқы
басынан ӛткізген жазу түрлеріне сипаттама беріңіз.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.
№15 СӚЖ. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережесі; Қазақ тілі орфографиясы сүйенетін
қағидаттар
Тапсырма:
1. Орфографияның қоғам өмірінде алатын орны. Кең түрде сипаттама беріңіз. Түбір сөздердің
фонетикалық қағидатқа негізделіп жазылатын түрлері бола ма? Болса мысал келтіріңіз.
2. Тілдік норма деген не? Сөзді дұрыс айту нормаларын меңгерту үшін нені жақсы білу керек?
Орфоэпиялық норманы тануда ұстанатын негізгі критерийді, соған байланысты көзқарасты атап
көрсетіңіз. Транскрипция және транскрипциялық белгі ұғымына түсінік беріңіз. Бірнеше сөздің
транскрипциясын жазып көрсетіңіз.
3. «Қазақ фонетикасының даму кезеңі» атты тақырыпта конспект жасаңыз. Р.Сыздықованың
«Сөз сазы» кітабынан (Аламаты, 1995) сөз әуезділігіне қатысты конспект жазыңыз.
4. Графика деген не? Жазудың қандай түрлері бар? Қазақ графикасы негізгі қағидатының
маңызын баяндап шығыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |