Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.
№5 СӚЖ. Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тапсырмалар
1. Мәтінді көшіріп, әр сөздегі дауысты дыбыстарды акустика-артикуляциялық қасиеті
жағынан талдаңыз. Әр дауысты дыбыстың фонемалық қасиетіндегі ортақ белгі мен
айырмашылықты түсіндіріңіз. Ырыс алды – ынтымақ. Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар.
Кедейлік – кемдік емес. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы анаға байланысты.
Біреудің жақсы ісін кӛрсең, оны ардақтай біл, кінәлыны кешіре біл… Ӛзіңе де, ӛзгеге де жақсылық
тіле (қанатты сӛздер).
Ұқып, тәртіп, тазалық, дәлдік дегендер Жомарттың бойына сіңген ӛзгеше қасиет (Ғ.Мұст.). Бұта-
бұтаның түбін тінтіп, ұя тауып, құсқа тұзақ құрады. Жүріс-тұрысы, тұлға-тұрпаты тапжылмас
табандылықты аңғартқандай. Тап қазір башқұрттарға тап беруге талай ауылдың тайсалатын түрі бар
секілді. Жалаңаштап ұстаған қарулары аспандағы күнмен ойнап жалт-жұлт етеді (Ә.К.).
2. Мәтінді оқып шығып, әр сөздегі дауысты дыбыстарды әуелі тілдің қызметіне қарай, одан соң
жақтың ашылуы қалпына қарай, ең соңында ерін қызметіне қарай топтастырыңыз. Әр топтағы
дауысты дыбыстар құрамының өзгеруіне назар аударып, сипаттама беріңіз.
Бұл жігіттің жасы отыз шамасында орта бойлы, дӛңгелек денелі, қысқалау мұрынды, шоқша
сақалды, сұрғылт беті дӛңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу ӛткір кӛзінде және
түксиген қабағында ӛзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны кӛз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның
күлгендегі пішіні, құмарлыққа кӛп салынғандығын білдіріп тұр (М.Ә.).
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.
№6 СӚЖ. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай жіктелуі
Тапсырмалар
1. Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай жіктелуіне сипаттама беріңіз. Төмендегі
сөйлемдерден жуан-жіңішке дауысты дыбыстарға байланысты ерекшелікті көрсетіңіз. “Шұға десе,
Шұға! Шұға, ой, шіркіннің ӛзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, кӛзі қап-қара, осы үріп ауызға
салғандай еді! Ажары қандай болса, ақылы да сондай! Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес.
Сӛйлеген сӛзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін… Бұл біреу болса, соны кӛтере
алмайды да, білмейсің, ешкімге ұқсап, шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой… Иә...” (Б.М).
2. Төмендегі сөздерді өзара салыстырып, ортақ фонемаларын табыңыз, олардың тұлғалық әрі
мағыналық айырмашылығы немен байланысты екендігін түсіндіріңіз. Самал, амал, қамал, жамал;
дарын, сарын, қарын; баға, бажа, бақа, бала; терек, керек, кезек, кесек; ауыр, бауыр, жауыр; ем, кем,
жем, табан, қабан, сабан, шабан; қармақ, тармақ, бармақ, жалтақ, салтақ; шатыр, жатыр, батыр, қатыр;
дос, қос, тос, бос; қап, қан, қау, қай, қаш, қас, қаз; жапыр, тапыр, шапыр; табақ, қабақ, сабақ, шабақ;
шаң, таң, паң; қоң, қош, құш; той, тоқ, тор, топ; үй, түй, күй, сүй; мақта, тақта, жақта, сақта, ақта;
балық, салық, жалық; шарық, тарық; мұз, тұз, құз, бұз т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |