Білім беру бағдарламасы үшін ОҚу жұмыс бағдарламасы (syllabus) Курс: семестр: Курс: Оқу мерзімі: 4 жыл



бет32/41
Дата22.09.2023
өлшемі198,8 Kb.
#109801
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі-emirsaba.org

Негізгі әдебиеттер1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.

7 СӚЖ. Дауыссыз дыбыстардың табиғаты; Қосарлы дауыссыздар, олардың емлесі


Тапсырмалар 
1. Дауыссыз дыбыстардың қасиетіне қатысты конспект жазыңыз. 



24
2. Әр сөздегі дауыссыз дыбыстарға жасалу орны, жасалу жолы және дауыс қатысына қарай 


сипаттама беріңіз, олардың арасындағы фонемалық қасиетінің ортақ жақтары мен 
айырмашылығын көрсетіңіз. Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден кӛл табылады. Қол бастау қиын
емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сӛз бастаудан қиынды кӛргем жоқ (Бұқар). Ол
менің қолымды босатқысы келмей, поезбен қабаттасып жүгіріп келеді. Үлкен баласының мен сияқты
емес, қайратты, шабандоз, кӛп сӛйлемейтіндігін ол мақтан тұтады (Д.И.).
3. Мәтіннен дауыссыз дыбыстарды тегіс қамтитындай бірнеше сөздерді теріп жазып, ондағы 
дауыссыздарды дауыс қатысына қарай (қатаң, ұяң және үнді) топтаңыз және себебін түсіндіріңіз. 
Қар басқан кең дала қыбырсыз, ұзақ жота үнсіз де момын тыныштықта. Ішіне сыртын бүккен үлкен
күштер осылайша кейде ӛзінің оянар, сілкінер шағын күтіп нығыз қалып танытып тұратыны бар.
Қалың елдің де күші осы тәрізді ме? Не болса ішінде, ӛзінде. Сыртынан аяз сықырласын, дауыл
ӛкірсін, сонда да қалың сауыр, алып жон жүдемейді, мызғымайды (М.Ә.).
Арбаның үстіне тӛселген кӛк шӛпте аунап жатырмын. Ұйқым келер емес. Бұрқыраған кӛк шӛптің
иісінен сағыныш тұнған жүрегім туған жердің бар қасиетін сезінеді. Құмарлана иіскеймін.
Жарықтықтың иісі бӛлек-ақ (Ж.К.).
4. Төменде жалаң дауыссыз дыбыс пен қосарлы дауыссыз дыбыс бар сөздер салыстырылып 
берілген. Бұлардың айтылуында сөз мағынасын ажыратуға қаншалықты қатысы бар екеніне көңіл 
аударып, орыс тілінен енген қосарлы дауыссыз дыбысы бар кейбір сөздер жалаң дауыссыз болып 
айтылатын реті бар, соның себебін түсіндіріңіз. 
Ашы – ащы, тұшы – тұщы, кеше – кеще, ана – Анна, ата – атта, бал – балл, жата – жатта, ӛсе –
ӛссе, атымен – атыммен, онан – оннан, отық – оттық, текке – теке, оқа – оққа, тақа – таққа, жапа –
жаппа, саты – сатты, құнан – құннан, құты – құтты, интеллигент, аккомпанемент, пессимизм,
интеллект, агрессор, ассисент, ассоциация, аттестат, аттракцион, баллада, баллон, баррикада, бассейн,
ванна, группа, дискуссия, диссертация, коллоквиум, комиссия, конгресс, масса, кросс, миссия,
окуппация, оппозиция, оппонент, жанат – жаннат, түні – түннің, етті – еті, ерте – ертте, күллі – күлі,
қоса – қосса, тоса – тосса, тона – тонна, әккі, тәтті, соққы, трасса, перрон т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет