пәнаралық байланыс орнату (Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, қоғамтану, география);
оқу бағдарламасынан тыс фактологиялық материалдарды қосу.
2-топ
Ақ Орда.
Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?
6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
Моғолстан. Әбілқайыр хандығы.
Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді?
6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
Пәндік білімді тереңдету:
оқу сатылары (бастауыш, негізгі, орта) арасында және бір сынып шеңберінде пән бойынша тақырыптардың, оқу мақсаттарының спиральдығы;
- тарихи оқиғалар, құбылыстар мен процестер арасында байланыс орнату (Отырарды жаулап алу және түркі мемлекеттерін жаулап алу қазақ этносы мен қазақ ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуына ықпалы).