Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық Интегр началка (Восстановлен)
Математикалық тіл Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда математика ғылымының табиғи, ауызекі және арнайы тілі – математика қолданылады. Математикалық тілді үйрену, оның компоненттерімен танысу математиканы бастауыш сыныпта оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бастауыш сыныпта оқушылар алғаш рет математиканың жасанды тілімен танысады. Сондықтан оның белгілерімен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек.
Математикалық тілдің құрылымын, ғылыми танымдағы маңызды іс-әрекеттің ерекшеліктерін, әртүрлі жағдайларда математикалық тілді қолданудың логикалық және танымдық процестерін талдау негізінде В.А.Дрозд [85] математикалық тілді меңгеруді қамтамасыз ететін келесі дағдыларды анықтаған: семантикалық, синтаксистік, символдық модельдеу, формалды математикалық өрнектерді түсіндіру.
Мұндағы бастапқы кезеңдердің бірі математикалық тілді үйренуге ынтасын қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсатта қарапайым ақпараттар енгізіледі: қарапайым сөйлеу тілі және математикалық тіл не үшін қажет, пікір (тұжырым) дегеніміз не, оның қандай түрлері болады, тұжырым, қорытынды, хабарлама қалай құрастырылады.
Балалардың өзінің сөйлеу тілі мен басқалардың тілін сыни тұрғыдан қабылдауын, сондай-ақ коммуникативтік мақсаттылық сезімін дамытатын тапсырмалар ерекше рөл атқарады.
Бұдан кейінгі жұмыс – келесі дағдыларды үйретуге бағытталады:
ауызша тілде кез келген тапсырманың оқу міндетін, оны орындау жоспарын, тапсырманы орындау процесі мен нәтижесін түсіндіретін пайымдау барысын сипаттау;
өз тұжырымдарын негіздеу процесінде индуктивті және дедуктивті тұжырымдарды ұсыну;
«жоқ», «және», «немесе» логикалық жалғаулықтарын және «кейбір», «әрбір», «кез келген» логикалық байланыстырушы сөздерді қолдану;
Оқушылардың белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы жаттығулар жүйесін ұсыну арқылы мұғалім мыналарды іске асыруы керек:
балалардың сөйлеу тәжірибесін зерделеуіне көмектесу және соның негізінде қарым-қатынас жасауды, келіссөздер жүргізуді үйрету;
сыныпта нақты ауызша қарым-қатынасты модельдейтін ауызекі қарым-қатынасқа жағдай жасау (сабақта, топта, ауыспалы топта жұмыс);
оқушыларды белгілі бір фактіге, оқиғаға, құбылысқа өз көзқарасын білдіруге ынталандыру;
оқушылардың игерілген сөйлеу материалын қолдануына қол жеткізу;
жүйелі сөйлеу дағдысын қалыптастыруды қарастыру: сипаттау, пайымдау, дәлелдеу, негіздеу, түсіндіру, жоспарлау, қорытындылау;
математикалық тіл нормаларын игеру бойынша келесі бағыттарды жүзеге асыруды қарастыратын жүйелі жұмыс жүргізу: сөздік қормен жұмыс (лексикалық деңгей); сөз тіркесі мен сөйлеммен жұмыс (синтаксистік деңгей); жүйелі сөйлеу бойынша жұмыс – тұжырымдардың логикалық құрылымы (мәтін деңгейі) [86].