Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет1/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82

«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ»
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ТЫҢДАУШЫҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ


Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ


Педагогикалық шеберлік орталығы, 2022

Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.



КІРІСПЕ

Тыңдаушыға арналған нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) оқытуға арналған практикалық құрал болып табылады және бастауыш сынып мұғалімдерінің (бұдан әрі – тыңдаушылар) біліктілігін арттыру курсынан өту барысында және оларды курстан кейінгі қолдау кезінде пайдалануға арналған.


Білім беру бағдарламасын әзірлеудің өзектілігі педагогтердің бастауыш сыныптарда оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру қажеттілігімен негізделеді, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және сабақтарда инклюзивті орта құру, кең ауқымды дағдыларды формативті бағалау негізінде барлық оқушыларды әртүрлілігін ескере отырып, сапалы оқытумен қамтамасыз құзыреттілігін жетілдірумен байланысты. Пән бойынша құзыреттілік педагогтің нақты ақпаратты еркін меңгеруін, негізгі ғылыми тұжырымдамаларды, принциптер мен байланыстарды, зерттеу әдістері мен шешілмеген мәселелерді білуін қамтиды. Пәнді білу тиімді оқытудың маңызды шарты болып табылады. Педагог пән бойынша теориялық білімді тәжірибеде қолдану мүмкіндігін түсініп, оны өзінің күнделікті қызметінде үйлесімді қолдана білуі маңызды. Сондықтан педагогтер бастауыш сыныпта оқылатын пәндердің мазмұнын терең меңгеру арқылы оқу процесін тиімді ұйымдастыра алады.
Бағдарламаның мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің пәннің мазмұны, бағалау және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің мазмұны арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі туралы түсінік беру;
2) бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің заманауи мазмұнына сәйкес тыңдаушылардың пәндік-педагогикалық білімін кеңейту және күрделі тақырыптарды оқыту тәсілдемелерін анықтау;
3) бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ететін сабақ жоспарларын әзірлеу және инклюзивті білім беру ортасын жобалау дағдыларын дамыту;
4) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген білім беру процесіне қатыстырудың қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру;
5) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы қиындықтар мен кедергілерді анықтау үшін педагогикалық диагностикалау нұсқаларын қарастыру;
6) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке білім беру траекториясын жоспарлауды үйрету;
7) бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдемелерін, тапсырмалардың сипаттамаларын қарастыру және оларды әртүрлі бағалау тапсырмаларын әзірлеуде қолдану.
Оқу нәтижелері:
Тыңдаушылар:
1) оқушылардың функционалдық сауаттылығын пән мазмұны арқылы қалыптастырудың маңыздылығын бағалайды;
2) бастауыш сынып пәндері бойынша оқушылар үшін меңгеруде қиындық тудыратын тақырыптарды оқыту тәсілдемелерін таңдайды;
3) бастауыш сынып пәндері бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту тәсілдемелерін қамтитын және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ететін сабақ жоспарларын әзірлеу;
4) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы қиындықтарды және олардың себептерін анықтайды;
5) сыныптағы инклюзивті білім беру ортасын жобалайды;
6) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке білім беру траекториясын жоспарлайды;
7) бағалауға арналған әртүрлі тапсырмаларды әзірлейді және оларға дескрипторлар құрастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет