НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІ Комбинаторика элементтері. Комбинаторика формулаларын қолдану арқылы есептер шығару (негізгі мектеп)
1.1-тапсырма. Кездейсоқ оқиғаны көрсетіңіз:
1. Сөз «ъ» әрпінен басталады
2. Екінші курс студенті 10 жаста
3. Екі ойын сүйегі лақтырылды: түскен ұпайлардың қосындысы 8-ге тең
1.2-тапсырма. Үйлесімсіз оқиғалар жұбын анықтаңыз:
1. Әсел мен Қанат ойнаған шахмат партиясында Әсел жеңілді, Қанат жеңілді
2. Жаз келді; аспанда бұлт жоқ
3. Текшені лақтырғанда «жұп сан түсті», «2 ұпай түсті»
1,2,3 цифрларынан (цифрды қайталамай) құрастырылған кезкелген сан 400-ден кем сан болады
тиын лақтырды және ол «сан» жағымен түсті
1.4-тапсырма. Қорапта 5 қызыл, 3 жасыл және 2 көк қалам бар. Қораптан кездейсоқ 3 зат алынады. Келесі оқиғалардың қайсысы мүмкін емес оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға?
A – 3 қызыл қалам алынады
B – 3 жасыл қалам алынады
C – 3 көк қалам алынады
D –түстері әртүрлі 3 қалам алынады
E – 3 қалам алынады
F – 2 қарындаш алынады