«Мектептегі математика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы ТЫҢДАУШЫНЫҢ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2022
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу. Бағалау критерийлері және ойлау дағдыларының деңгейлері. Дескрипторлар. Тапсырма түрлері. 1.1-тапсырма. Өз пәніңіздің оқу бағдарламасынан бірнеше оқу мақсатын таңдаңыз. Оқу мақсаттарына бағалау критерийін құрастырыңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдысының деңгейлерімен сәйкестендіріңіз.
Тексеру парағын қолданып, бағалау критерийлерінің сапасына сараптама жасаңыз.
Тапсырманы орындауға қатысты ұсыныстар: Тапсырманы орындау барысында туындаған қиындықтарды жеңу үшін http://smk.edu.kz/ порталында ұсынылған пән бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағындағы мысалдарды қарастыруға болады. Пән_____________________________________________________