Білім беру бағдарламасы тобы: География және экология



бет4/9
Дата02.10.2023
өлшемі71,13 Kb.
#112429
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Силлабус, Тургындар география, этногео

Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ 1 + АБ 2) ∙ 0,6 + Емт ∙ 0,4

3. Курстың академиялық презентациясы:


Оқу курсының типі: ТК
Аталмыш пән – жоғары кәсіби білікті география мамандарын даярлаудағы таңдау пәндерінің негізгілерінің бірі болып табылады. Курсты оқып-үйрену барысында болашақ география саласының мамандары дүние жүзінің, сонымен қатар оның жеке аймақтары мен елдерінің тұрғын халқының құрамы мен үрдістерді, этнографиялық және этнографиялық мәселелерді талдауға, түсіне білуге, олардың мағынасы мен маңызына назар аударуға үйренеді. «Тұрғындар географиясы этнография негіздерімен» пәні студенттердің физикалық, экономикалық, әлеуметтік, тарихи, саяси география пәндерінің алған білімдеріне сүйене отырып, елтанушылық мазмұнымен бірлікте оқытылу арқылы білімі мен дүниетанымын кеңейте түсуге мүмкіндік береді.
Пән мақсаты: «Тұрғындар географиясы этнография негіздерімен» пәнінің мақсаты - халықтың ұдайы өсіп-өнуі, құрамы, миграциясы мен еңбек ресурстары географиясының олардың таралып орналасуына, халықтың аумақтар бойынша бөлінуіне және олардың тұрмыс-салттарының шартты түрдегі байланыстарына ықпалын көрсету туралы жан-жақты ұғым-түсініктер қалыптастыру.
Пәнді оқыту нәтижесінде студент: «Тұрғындар географиясы этнография негіздерімен» пәнінің негізгі міндеттері - білім алушыларда білім беру бағдарламасындағы пәндік құзыреттіліктермен қатар пән бойынша оқыту нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
- Дүние жүзінің және аймақтар халықтарының құрамымен, дүниежүзінің ірі халықтары және оның тілдерімен, урбандалу үрдісі және халықтың көші-қонымен, қоныстануымен және т.б. ерекшеліктерімен танысу және оның өзара байланыстарын анықтау;
- Тұрғын халықтардың таралып орналасуының болашағына баға беру, халықтың әркелкі орналасуына байланысты, оның себептері мен одан туындайтын мәселелерді түсіндіріп талдай және оларды негіздей білулері қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет