Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)\2 0,6 + емт 0,4
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалары және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
3. Пәннің қысқаша мазмұны. Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: студенттердің табиғи-ғылыми дүниетанымын дамыту және термодинамика мен кинетика заңдары негізінде заттардың құрылысы мен химиялық процестер туралы заманауи түсініктерді меңгеру үшін студенттердің білімін, практикалық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар қалыптасқан құзыреттерге сәйкес кәсіптік қызметінде туындайтын мәселелерді шешуде осы білімдерін қолдана алу.
Пәннің негізгі міндеті «Химия» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
физикалық және коллоидтық химияның негізгі түсініктерін, терминдерін, химиялық заңдылықтарына байланысты мәліметтерді жинақтау.
химиялық және фазалық тепе-теңдік оқытуда термодинамика заңдарын қолдануды; коллоидтық химияның мәселелері мен негізгі қағидаларын жіктеу.
катализдің негізгі мәселелерін; коллоидты ертінді және оның ерекшеліктерін, электролиз процесі, оның заңдарын және оны есептер шығаруға қолдануды бағалау.
физикалық және коллоидтық химия пәнінің химияның басқа пәндермен байланысын анықтаудашешім қабылдау.
4.Курстың академиялық саясаты: - оқытушы өзінің іс-әрекетін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырады;
- қарым-қатынас стилі–демократиялық, оқытушы білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескереді;
- оқытушының білім алушыға талабы кәсіби этикаға негізделіп позитивті сипатта болуы тиіс;
- оқытушы және білім алушылары әрбір аудиториялық сабаққа күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес алдын-ала дайындалады;