Білім беру бағдарламасы тобы тарих Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы, қызметі т.ғ. к., профессор Ж. Нұрманбетқызы



бет3/7
Дата27.11.2023
өлшемі33,23 Kb.
#129449
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4


3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты студенттердің әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуымен таныстыру және қазіргі әдістеменің жағдайы, өзекті проблемалары мен шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті 6В01601-тарих; 6В01604-тарих-құқық негіздері; 6В01606-тарих-география ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН 4,ОН 5) қалыптастыру болып табылады:
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
-Тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасып, даму жолымен таныстыру;
-Тарихты оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері және функциясы туралы білімдерін тереңдету;
-Тарихты мектепте оқытудың мазмұны мен құрылымы туралы ұғымдарын қалыптастыру;
-Тарихты оқытуда қолданылып жүрген тұжырымдама, стандарт, оқулықтар
мен бағдарламалардың мазмұны мен құрылымы туралы білімдерін кеңейту;
-Тарих пәнінің мұғалімінің білімдік-тәрбиелік және дамытушылық құзырлықтарын меңгерту;
-Тарихты оқытуда оқушылардың ойлауын дамытудың, құзырлықтарын қалыптастырудың әдістемесін меңгерту;
-Тарихты оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарымен таныстыру;
-Тарих пәнін оқытуға қойылатын қазіргі талаптарды меңгерту т.б.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
- Әдістеме пәні, мақсаты, міндеттері және заңдылықтары туралы білуі;
- Оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысын ашып көрсете білуі;
- Оқыту әдістемесінің қалыптасып, дамуына сипаттама бере білуі;
-Мектепте тарихты оқытудың мазмұны мен құрылымын, ерекшеліктерін дұрыс анықтай білуі;
-Тарих пәні бойынша тұжырымдама, стандарт, оқулық, бағдарлама және оқу-әдістемелік құралдармен өздігінше жұмыс жасай білуі керек.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
-Тарих пәнінің мұғалімінің құзырлықтарын жақсы меңгеруі;
-Оқушылардың тарих пәнінен құзырлықтарын қалыптастыру әдістемесін күнделікті сабақта қолдана алу;
-Тарих сабағына қойылатын қазіргі талаптарды жете меңгеруі, өз тәжірибесінде тиімді іске асыруы;
-Тарихи пәндерді оқытуда жаңа технологияны терең меңгеруі және өз сабағында пайдалана алуы:
-Қазіргі әдістеменің жағдайы, өзекті проблемалары мен оны тиімді шешу жолдарын жақсы меңгеруі, осы проблемаларды талдауда өз көзқарасын қорғай білуі керек.
Бағдарлама отандық және шетел әдебиеттері негізінде жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет