Білім беру бағдарламасы: В10104 Фармация Курсы Пән атауы: Физикалық және коллоидтық химия Пәннің коды: fkh 2215



бет2/26
Дата21.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#44543
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2. Пәннің мақсаты.
Физикалық және коллоидтық химия білімінің жалпы теориялық негіздерін қалыптастыру және алынған білімдерді колданбалы бағытта пайдалана білуге, дәрілік заттарды даярлаудын барлық сатысында талдай білуге және де дайын дәрілік түрлердің сапасын бақылай білуге үйрету.
3.Оқытудың соңғы нәтижелері

Қалыптасатын құзыреттілік
(дублиндік дескрипторлар)

Пән бойынша оқытудың соңғы нәтижелері

Білімі және түсінігі

  • химияның жалпы заңдары мен заңдылықтарына бағынатын организмдегі химиялық үдерістер (реакциялардың негізгі түрлері);

  • химиялық үдерістер жүруінің жалпы энергетикалық және кинетикалық заңдылықтары;

  • зерттелетін жүйелердегі, соның ішінде биологиялық сұйықтықтардағы, заттың сандық мөлшерін анықтау үшін титриметрлік талдауды қолданудың мүмкіндіктері;

  • ерітінділерді дайындаудың, оларды сандық сипаттаудың мүмкін әдістері;

  • медицинадағы органикалық қосылыстардың негізгі кластарының жіктелуі, қасиеттері және қолданылуы.

Білімі мен түсінігін қолдана білуі

  • ерітіндідегі, соның ішінде биологиялық сұйықтықтардағы заттың сандық мөлшерін анықтау үшін есептеу формулаларын қолданады (массалық үлес, молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, молялдық концентрация, молярлық үлес, титр);

  • сұйылту әдісімен ерітінді дайындайды;

  • медицинада қолданылатын химиялық ыдыстардың, реактивтердің белгілі бір жиынтығын, негізгі аспаптар мен физикалық-химиялық зерттеу әдістерін қолданады;

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды, химиялық зертханада қауіпсіз жұмыс жасау дағдылары бар, алғашқы медициналық көмек көрсете алады.

Ойлау қабілетін қалыптастыруы

  • алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын өзінің келешек кәсіби қызметінде қолдану үшін химияның жалпытеориялық негіздерін тұжырымдайды.

Коммуникативтік қабілеттері

    • зертханалық оқу-зерттеу жұмыстарының хаттамаларын рәсімдейді;

    • медициналық дерек көздерінің ақпараттық базасын және компьютерлік технологияны қолдана отырып, химия саласындағы заңдылықтар мен эксперименттік зерттеулер бойынша ақпаратты талдайды, жүйелейді.

Оқыту дағдылары және оқуға деген қабілеттері

  • химия саласындағы байқалатын заңдылықтарды медицинада қолдану мәселелері бойынша мәлімет береді және түсіндіреді;

  • оқулық, анықтамалық, ғылыми әдебиеттерден және ғаламтор қорынан алынған ақпаратты жеткізеді;

  • химияны медицинада қолдану саласындағы өзінің жеке пікірлерімен, ақпаратты талдау және синтездеумен көпшілік алдында сөз сөйлейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет