Білім беру бағдарламасы: В130100 Жалпы медицина Курсы: Пән атауы: Визуалды диагностика Пәннің коды: vd 3304 Кредит саны: 3



бет2/5
Дата10.04.2023
өлшемі53,03 Kb.
#80985
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
СиллабÑ Ñ РРказ Ð Ð

Пән саясаты
Курстың білім алушыларға оқу процесі бойынша қоятын талаптары ағымдағы кезеңдегі ішкі нормативтік құжаттарға (университеттің академиялық саясаты, білім алушының Ар-намыс кодексі, Академиялық адалдық саясаты, «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ-да білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері) сәйкес. Практикалық сабақтарға қатыспаған білім алушыларға өтеу кестесі жүргізіледі және өтелуі сабақ қалған күннен екі апта мерзімінде болуы керек, емтихандарға рұқсат бермеудің критерийлері және білім алушыларға қойылатын талаптар (білім алушылардың сыртқы келбеті (ұқыпты), форманы сақтауына талаптар (міндетті медицина халаты, қалпақ, екінші аяқ киім), клиникалық кафедраларда санитарлы кітапшаның болуы және аурухана бөлімшелеріндегі тәртіп пен өзін-өзі ұстау) жалпы талаптардан шығарылған. Білім алушылардың этика, медициналық деонтология ережелерін клиника бөлімшелерінде қатал сақтауын әрбір сабақ өткізуші ассистент қадағалап, сақталмаған жағдайда деканатқа хабар беріп, тиісті шара қолдануы керек. Білім алушылардың халаттары белгілі стандартқа сәйкес болу керек, бөлімшеде міндетті түрде басына қалпақ, маска киюі керек.


1. Кіріспе
Визуалды диагностика – иондаушы сәулелерді қолдану арқылы адамның қалыпты және патологиялық өзгерген мүшелерінің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым. Визуалды диагностика құрамына рентгенодиагностика (рентгенология), ядролық медицина (радионуклидті диагностика), ультрадыбыстық диагностика, компьютерлі және магнитті-резонанстық томография кіреді.
Қазіргі кезде визуалды диагностика мүмкіншіліктері заманауи техника жетістіктерімен бірге арта түсуде. Осы мүмкіншіліктер сәулелік зерттеу әдістерімен жұмыс жасайтын дәрігерлерді даярлауды қажет етеді.Бұл күрделі диагностикалық техникалық құралдармен жабдықталған диагностикалық орталықтардың, емхана мен ауруханаларда сәулелік диагностика бөлімдерінің ашылуына байланысты. Қарқынды дамыған техникалық прогресс нәтижесінде соңғы 20 жылда жаңа диагностикалық әдістер –УЗИ, КТ, МРТ, радионуклидті томография дамыды.
«Визуалды диагностика» пәнінің оқу объектісі болып диагностикалық медициналық қабықшалар (рентгенограммалар, томограммалар, сонограммалар, сканограммалар), сонымен қатар науқастарды диагностикалық тексеруде көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет